«Біз жарақатты бірден таңдық»: ұландықтар ер адамның өмірін сақтап қалды

06.04.2025, 15:32
1878
«Біз жарақатты бірден таңдық»: ұландықтар ер адамның өмірін сақтап қалды ҚР ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметі

Алматы тұрғындарының қоғамдық тәртібі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ететін Ұлттық ұланның 5571 әскери бөлімінің жауынгерлері бір күнде қырағылықтың бірнеше мысалын көрсетті.

Маңызды оқиғалардың бірі Наурызбай ауданында орын алды. Мегаполис тыныштығын қадағалап жүрген сарбаздар өздерін күдікті ұстаған жастар тобына назар аударады. Тексеру кезінде олардан жасыл түсті есірткі заты бар байлам, сондай-ақ оны қолдануға арналған қолдан жасалған құрылғы табылды.

Кіші сержант Әли Тұрлығожа мен қатардағы жауынгерлер Бағдәулет Мырзахан, Жанболат Аятұлы, Саят Қуандық және Мұхамед-Әли Серіков бастаған патрульдік топтың шешуші әрекеттерінің арқасында күдіктілер ұсталып, Наурызбай ауданының полиция қызметкерлеріне тапсырылды.

Ұландықтар сол күні Медеу ауданында қырағылықтың тағы бір үлгісін көрсетті. Пушкин көшесін патрульдеу кезінде әскери қызметшілер үсті қан адамды байқап, көмекке барады. Жәбірленушінің жамбасындағы терең кесілген жарадан қан қатты кетіп жатқанын көреді. Әскерилер оны белгісіз азамат пышақтағанын анықтайды.

Қатардағы жауынгерлер Аян Бимырза, Абзал Омаров және Ескендір Закиров жәбірленушіге дереу алғашқы медициналық көмек көрсетті.

— Біз қан кетуді тоқтату әдісін қолдандық, жараны таңып, жедел жәрдем мен полиция шақырдық. Екі қызмет те оқиға орнына жедел келді. Дәрігерлер жәбірленушіні тексеріп, жарасына ем-дом жасады, ал полицейлер жағдайдың мән-жайын анықтауға кірісті, — дейді әскери жасақ бастығы Аян Бимырза.

Күн сайын қоғамдық тәртіпті сақтау қызметін атқара отырып, ұландықтар құқық бұзушылықтардың алдын алып қана қоймай, Қазақстан халқына және анттарына адалдығын көрсете отырып, азаматтарға көмек көрсетуге әрқашан дайын екендіктерін дәлелдеп келеді.

Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды