Су бар, бірақ жүйе қайда?

06.04.2025, 15:26
295
Су бар, бірақ жүйе қайда? KHABARTV

Қазақстанда су қауіпсіздігі мен ресурстарды басқару мәселесі студенттер дебатында сынға алынды.

Қазақстан суға бай мемлекет болғанымен, оны тиімді пайдалану мен басқару мәселелері әлі күнге дейін шешімін таппай келеді. Осы күрделі тақырып «Хабар» телеарнасындағы “Азамат” интеллектуалды пікірсайыс бағдарламасының жаңа шығарылымында қызу талқыланды. Студенттердің өткір пікірлері мен нақты ұсыныстары суды басқарудың бүгінгі ахуалына жаңа көзқарас ұсынды.

Пікірсайыс алаңында Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің және Тұран университетінің командалары су тапшылығы, инфрақұрылымның тозуы және ресурстарды тиімсіз басқару мәселелерін терең талдады.

Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университетінің студенттері елдегі тұтынылатын судың 60–70 пайызы өзендерден алынатынын, ал олардың көпшілігі шекаралас мемлекеттерден бастау алатынын атап өтті. Студенттердің айтуынша, трансшекаралық тәуелділік климаттық өзгерістер жағдайында елдің су қауіпсіздігіне қатер төндіруі мүмкін. Олар су тапшылығын азайту үшін: жаңа су қоймаларын салуды; су саласы үшін кәсіби мамандар даярлауды; өндіріс орындарына суды қайта өңдеу жүйелерін міндеттеуді; тұрмыстық секторға сенсорлы су есептеуіштер енгізуді ұсынды. Сонымен қатар, тұтыну көлеміне қарай дифференциалды тариф жүйесін енгізу қажеттігі де қозғалды.

Тұран университетінің студенттері өз кезегінде судың 65 пайызы ауыл шаруашылығында қолданылатынын, бірақ оның жартысынан көбі ескі суару жүйелерінің кесірінен ысырап болатынын мәлімдеді. Олар тамшылатып суару әдісін жаппай енгізуді және қалдық суларды қайта өңдеу деңгейін арттыруды, биологиялық, механикалық және мембраналық тазарту технологияларын кезең-кезеңімен іске қосуды ұсынды. Бүгінгі күні Қазақстанда қалдық суды қайта өңдеу көрсеткіші небәрі 2,5%, ал дамыған Еуропа елдерінде бұл көрсеткіш 80–90% аралығында.

Қазылар алқасының шешімі бойынша Тұран университетінің командасы жеңіске жетті. Сарапшылар олардың мәселеге терең талдау жасап, нақты әрі жүзеге асыруға болатын ұсыныстар ұсынғанын ерекше бағалады. Бағдарлама төрешілері қатарында ҚР Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Айдарбек Қожаназаров және Qazaq Debate қозғалысының негізін қалаушы Ерболат Мұхамеджан болды.

«Азамат» жобасы – ұлттық пікірсайыс мәдениетін жаңаша форматта дамытуды мақсат еткен бірегей платформа. Жоба ҚР Парламенті Мәжілісінің, Мәдениет және ақпарат министрлігінің және Ғылым және жоғары білім министрлігінің ресми қолдауымен жүзеге асырылуда.

«Той жасауға шамамыз жетеді»: Сәкен Майғазиев ұлының тойын тікелей эфирден көрсетпек «9 немерем бар»: Нұржамал Үсенбаева алғаш рет отбасы туралы шындықты айтты Жаттықтырушыдан жылдар бойы зорлық көрген қыз 9 млн теңге өндіріп алды Астана Орталық Азиядағы бөлшек сауда мен FMCG болашағына арналған стратегиялық диалог алаңына айналмақ Астанада алғаш рет «EXPOGOODS CENTRAL ASIA» Халықаралық Экспо-форумы өтеді Астанада паралимпиадалық спортты қолдайтын алғашқы халықаралық турнир өтуде «Сатыбалды әулетінен көмек сұрады»: Жұмысшыларына үй берген Алагөзовтің экс-әйелі шындықты айтты (ВИДЕО) «Ойдан шығарғанын мойындады»: Асхат Садырбай экс-әйеліне қарсы сотта жеңіске жетті Алматылық қылмыстық топ жаңа туған сәбилерді әлеуметтік желі арқылы саудалап келген Ким Чен Ын соғыста Ресейге қолдау көрсетуге уәде берді «Дін себеп»: Қарағандыда келіншек 15 жасар қызын күштеп күйеуге берген «Қиямет қайым жақындады...»: Австралияда «Ақырзаман» балығы жағаға шығып қалды Ақтауда сапбордпен жүрген жасөспірімді ағыс теңізге алып кеткен Киев Мәскеуге депортацияланған балалардың тізімін тапсырды БҚО-да өрттен бір отбасының бес баласы көз жұмды «Жақсы әңгіме айттық»: Трамп пен Путин телефон арқылы сөйлесті Трамптың атынан тағы бір заң: 12 елдің азаматтарына АҚШ-қа кіруге тыйым салды Экология министрлігінде 8 қызметкер жемқорлық үшін сотталған Астанада шетелде жұмыс табуға көмектесетін орталық ашылды Бүгін елде ауа райы тұрақсыз болады