Оңтүстік кореялықтар ресми түрде бір-екі жасқа «жасарады»

28.06.2023, 21:55
678
Оңтүстік кореялықтар ресми түрде бір-екі жасқа «жасарады» smartnews.kz

28 маусымда Оңтүстік Кореяда адам жасын есептеудің халықаралық жүйесіне ұқсас ережелерді енгізетін заң ресми түрде күшіне енеді. «Корейлік тәсіл» жойылады - республика азаматтары бір-екі жасқа «жасарады», деп хабарлайды smartnews.kz сайты mir24.tv-ға сілтеме жасап.

Тиісті заңды өткен жылдың соңында парламент қабылдаған болатын.

Жаңа туған нәрестені нөл жастан тіркеп, содан кейін туған күнінде бір жастан қосып отыратын әлемдік жасты есептеу жүйесі Оңтүстік Кореяда 1960 жылдан бері қолданылып келеді. Дегенмен, ол тек медицинада қолданылады – науқастың физикалық жасын анықтау үшін, сондай-ақ сотта және басқа да салаларда даулар болған кезде.

Көптеген басқа жағдайларда, мысалы, жас корейлікке алкогольді қай уақыттан бастап сатуға болатынын білу үшін дәстүрлі жүйелер қолданылады. Оңтүстік Кореяда ондай жүйе екеу. Біріншіден: жаңа туған нәрестеге бір жас «тағайындалады», содан кейін ай күнтізбесі бойынша жаңа жылдың бірінші күні бір жас қосылады. Екіншіден: туған кезде нөл жас жазылады, ал әр жылдың 1 қаңтарында жасы ұлғайтылады.

Нәтижесінде, 28 маусымда болатын стандартты жас санау жүйесіне көшкен кезде, елдің кейбір тұрғындары құжаттар бойынша бір жыл немесе тіпті екі жыл жоғалтады. Мысалы, 2002 жылы 31 желтоқсанда дүниеге келген Корея азаматы 8 желтоқсанда халықаралық жүйе бойынша 19 жасқа толды, ал республикада қабылданған екі жүйе бойынша – 20 немесе 21 жаста, деп жазады Time журналы.

Семейде 12 жастағы баланы бір топ жасөспірім соққыға жықты Әлихан Әскербай Астанада ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды 2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол