ШҚО-да соңғы үш жылда пара беруге итермелеген 21 адам сотталды

02.07.2023, 18:41
425
ШҚО-да соңғы үш жылда пара беруге итермелеген 21 адам сотталды smartnews.kz

Шығыс Қазақстан облысында соңғы 3 жылда пара беруге итермелеуге қатысты 39 қылмыс тіркелді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі ШҚО бойынша департаментінің мәліметіне сүйенсек, өңір бойынша соңғы үш жылда алаяқтық фактісі бойынша 71 қылмыстық іс қаралған.

Оның ішінде 39-ы пара беруге итермелеу болып отыр. Барлығы 21 адам сотталды.

Жәбірленушілерге келген материалдық залалдың жалпы сомасы - 477,6 млн теңге.

Мәселен, Шығыс Қазақстан облысында ер адам кәсіпкерді әңгімеге тартып, құқық қорғау органдарымен туындаған мәселені шешіп бере алатынын жеткізген.

Бірақ бұл «көмегі» үшін 43 млн теңге сұрады. Алайда ақшаны алғаннан кейін алаяқ хабар-ошарсыз кетті.

Осылайша, өз мәселесін шешу үшін пара бермек болған кәсіпкер алданып қалып, шығынға батқан.

«Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін жою үшін бүгінде халық пен бизнеске көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің 94 пайызы цифрландырылған. Телефон арқылы 940 қызметті алуға болады, 19 құжат түрі цифрлық форматта ұсынылған, 25 қызмет онлайн режимде қолжетімді. Сондықтан азаматтарға лауазымды тұлғаларға ақша беруге қатысты ұсыныстарға мүлде келіспеуге, сондай заңсыздықтарды байқаған жағдайда дереу 1424 телефонына хабарласуды сұраймыз», - дейді департамент басшысы Денис Шакенов.

Қазақстанның 20 ауыл мектебі Google for Education жобасына қатысады Жастардың көзімен: Қазақстандағы тау-кен өндірісін дамыту жолдары «Жаны қысылды»: Айсәуле Бақытбек анасына тағы аяғы ауыр екенін айтып, оны шошытып алды «Фарида сияқты қыздар ғой»: Ұлықпан Жолдасовтың әйелі халықтан сөз естіді «Баха, машинаны жәй айдашы» дедім»: Досым Сүлеев досы Бақытжан Жұмаділовтің қалай қайтыс болғанын айтты «Пися деп жазып қойған»: блогер Дарикорнның дауына қатысты министрлік түсініктеме берді Дене шынықтыру сабағында оқушы қыз саусағынан айырылып қалды Балуан Ризабек Айтмұхан үйленді (ВИДЕО) Сандық трансформация дәуіріндегі құқық: MNU-да төрт елдің студенттері ТМД-дағы алғашқы Легатонда сайысқа түсті Рим Папасы Франциск қайтыс болды «Досымда бомба бар»: Жасөспірімнің әзілінен соң ұшуға шектеу қойылды Шымкенттік оқушы қыз шетелдегі ең үздік 10 жоғары оқу орнынан шақырту алды Аштық ойындары: Таразда адамдар тортқа таласты (ВИДЕО) Шымкенттік блогер мұғалімнен 1,2 миллион теңге бопсалаған Мәсімовтің 1,8 миллиард теңгеге бағаланған зәулім үйі тағы да сатылымға қойылды Тоқаев «Жастар» саябағында ағаш екті Бүгін магниттік дауыл болады «Мектепке жаңадан келген, ешкіммен араласпайды»: Оралда ұрлықшы бала сот алдында жауап берді Павлодарлық еркек полиция қызметкерін пышақтап тастады Әйелінің жұмыс орнын қиратқан тұрғын сотталды