Мемлекет қылмыскерден тәркіленген дүние-мүлікті не істейді

07.07.2023, 19:36
606
Мемлекет қылмыскерден тәркіленген дүние-мүлікті не істейді smartnews.kz

Қаржы министрлігіне қарасты мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті мүлікті тәркілеу және сату процесін түсіндірді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Қолданыстағы тәртіпке сәйкес мемлекет кірісіне айналдырылған мүлік бірінші кезекте мемлекеттік заңды тұлғаларға, олардың теңгеріміне бекіту үшін ұсынылады.

Мемлекеттік органдардың мүліктің қажеттілігі туралы өтінішін комитеттің аумақтық бөлімшелері зерделеп, сол мүлікке қажеттілік және өндірістік қажеттілік болған кезде мүлікті береді, сөйтіп мемлекеттік заңды тұлғалардың теңгеріміне бекітеді.

Бұл норма мемлекеттік заңды тұлғалардың материалдық-техникалық базасын, оның ішінде автомашина паркін (қызметтік, кезекші, арнайы) жаңарту үшін бюджет қаражатын үнемдеу мақсатында көзделген.

Мемлекеттік заңды тұлғалар өтініш бермесе немесе мүлікті мемлекет меншігіне беру экономикалық орынсыз болса ол сауда-саттыққа шығарылады.

Сонымен қатар, қазіргі уақытта бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде тәркіленген мүлікті (мысалы қымбат көліктер, қолсағат, т.б.) мемлекеттік заңды тұлғалардың теңгеріміне беру мәселесі жиі көтеріліп жүр.

Осыған байланысты Қаржы министрлігі нормативтік-құқықтық актілерге тиісті түзетулер енгізуді көздейтін бұйрықтың жобасын әзірледі (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 30 наурыздағы № 227 бұйрығымен бекітілген мүлікті тәркілеу бөлігінде қылмыстық іс бойынша сот үкімі негізінде не мүлікті мемлекетке беру туралы шешім негізінде тыйым салынған мүлікті өткізу немесе пайдалану қағидалары).

Қазіргі уақытта НҚА жобасы мүдделі мемлекеттік органдармен келісіліп жатыр.

Жақын арада аталған бұйрық қабылданғаннан кейін мемлекеттік заңды тұлғалардың теңгеріміне ұсынуға жатпайтын тәркіленген мүліктің тізілімі болады.

Бұл тізілімге енген тәркіленген мүлік бағалаудан кейін сатуға қойылады.

«Сонымен қатар интернет жүйесінде E-Qazyna.kz порталындағы электронды сауда алаңында жүргізілетін тәркіленген мүлікті аукционда сатуға белсенді қатысуға шақырамыз», -  дейді комитеттен.

Семейде 12 жастағы баланы бір топ жасөспірім соққыға жықты Әлихан Әскербай Астанада ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды 2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол