Биыл Түркістан облысында 580 мың тонна қауын-қарбыз өсіп шықты

08.07.2023, 14:19
510
Биыл Түркістан облысында 580 мың тонна қауын-қарбыз өсіп шықты smartnews.kz

Түркістан облысы берген бау-бақша өнімі туралы толығырақ smartnews.kz сайты хабарлайды.

Биыл Түркістан облысында 71,3 мың гектар алқап егілген. Бүгінгі таңда өңірде 176 мың тонна қарбыз бен 405 мың тонна қауын жиналған.

Жыл сайын облыста жиналатын бақша өнімінің көлемі қазақстандық нарықтың қажеттілігінен 3,5 есе артық болғандықтан, артық өнім шетелге экспортталып отырады. Қазақстандық қарбыз бен қауынның негізгі тұтынушылары – Ресей, Беларусь және Латвия елдері. 

Айта кетейік, Түркістан облысында қауын мақтадан кейінгі экспортқа бағдарланған екінші тауар болып табылады.

Ауыл шаруашылығы министрлігінің хабарлауынша, әлеуметтік желілерде Мақтаарал ауданының бақша алқаптарында түсірілген әуесқой бейнежазба таратылған. Онда фермерлер жиналған өнімге сұраныстың төмен болуына байланысты тонна қауынды лақтырып жатыр. Алайда, кадрлар Нұрлыжол ауылында түсірілгені анықталған, ал видеодағы өнімдер келесі жылы тұқым алу үшін қалдырылған қауынның қалдықтары.

Сондай-ақ ведомствоның ақпаратына сәйкес, қазір ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер арасында түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Жалпы биыл саланы қолдауға 6,5 млрд теңге бөлініп, қаражат минералды тыңайтқыштарды субсидиялауға бағытталған. Тағы 375 млн теңге пестицидтер мен биогенттерді сатып алу шығындарын өтеуге жұмсалған. Тұқым шаруашылығын қолдауға 600 млн теңге қарастырылғаны жөнінде мәлімдеме жасалды.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды