Еліміздің туризм саласын дамытудың тұжырымдамасы қабылданды

10.07.2023, 11:29
1764
Еліміздің туризм саласын дамытудың тұжырымдамасы қабылданды gov.kz

Еліміздің туризм саласын дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы қабылданды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Мақсаты - туризмді елдің экономикалық дамуының басым бағытына айналдыру. Атап айтқанда, осы саладағы жұмыспен қамтылған азаматтарымыздың санын 800 мыңға дейін, ал саладағы жалпы қосымша құн көлемінің өсімін 6 трлн теңгеге дейін ұлғайту. Қонақ үй және тамақтану қызметтеріндегі инвестиция өсімін 260 млрд теңгеге дейін арттыру жоспарланып отыр.

Тиісті көші-қонды бақылау eQonaq электронды жүйесі және арнайы мобильді қосымшаларды енгізу арқылы іске асады. Сондай-ақ, уәкілетті органдармен бірлесіп, визалық, көші-қон саясатын либерализациялауға байланысты тәуекелдердің алдын алу жөнінде іс-шаралар қабылданады.

Салынған қаражаттың тиімділігін бағалау үшін туристік инфрақұрылымның даму деңгейі бойынша өңірлердің ұлттық рейтингтік бағасын енгізу жоспарланып отыр. Рейтинг Қазақстанның туристік картасына енгізілген басым бағыттар мен ТОП-50 дестинацияны қамтитын болады.

Өңірлік туризм саласындағы шағын, орта және ірі «зәкірлік» инвестициялық жобаларды іске асыруға жеке капитал тартылады. Маңғыстау облысы, Түркістан облысы, Алматы тау-шаңғы кластері және басқа да орындар басым аймақтар ретінде қаралады.

Туризмді дамыту шеңберінде ерекше қорғалатын табиғи аумақтарда АҚШ, Австралия және Грузия сияқты елдердің тәжірибесі қолданылады. Қазақстанның маңызды табиғи нысандарын сақтау үшін инвесторлар тартылады, ал мемлекеттік ұлттық табиғи парктердің инфрақұрылымын дамыту жалғасады.

Мысалы, Имантау-Шалқар курортты аймағын дамыту аясында Солтүстік Қазақстан облысында орналасқан жердің туристік-рекреациялық қызметінің жол картасын әзірлеу жоспарланып отыр.

ТЖМ аумақтық бөлімшелерін туристердің жүріп-тұру маршруттары туралы хабардар ету бойынша талап енгізіледі. Бұл ақпарат іздеу іс-шараларын уақтылы ұйымдастыру және қажет болған жағдайда медициналық көмек көрсету немесе эвакуациялау үшін аса маңызды.

Сондай-ақ бүкіл еліміз бойынша туристік жолдарды таңбалау жөніндегі стандарт қабылданады. Маршруттарды бөлу туристердің даярлық деңгейі мен күрделілігіне қарай жүргізіледі. Әр санат белгілі бір түске сәйкес жасалып, соқпақтың басында оның күрделілігі және туристке қажетті талаптар туралы ақпарат орналастырылады. Деректер, ақпараттық қалқандар мен стендтерді орнату туристерге дұрыс бағыт-бағдар алуға және саяхаттың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Саяхатшыларды барлық қажетті ақпаратпен қамтамасыз ету үшін, мысалы, туристік нысандардың орналасқан жері және жергілікті жерлерде көрсетілетін қызметтердің тізбесі туралы Ұлттық туристік порталды дамыту жалғасады. Ол Қазақстанда және шетелде отандық туристік өнімнің танылуын арттыруға бағытталған мобильді қосымшалар мен веб-порталдардың бірыңғай жүйесіне айналады. Жүйе кәсіпкерлер үшін жекелеген бизнес-процестерді автоматтандырады, бағалаулар мен рейтингтер арқылы нарықты бақылауға мүмкіндік береді. Бұл туризмді цифрлық экономиканың толыққанды сегментіне айналдыруға және бірыңғай цифрлық ақпараттық платформа құруға көмектеседі.

Туризм саласында кадр даярлау жүйесін жетілдіру жөніндегі іс-шаралар іске асырылады. Мысалы, халықаралық сарапшыларды тарта отырып, білім беру бағдарламаларын дайындауға арналған әдіснамалық ұсынымдар әзірлеу, ағылшын тіліндегі пәндер үлесін арттыру және бизнес өкілдерін білім беру бағдарламалары мен оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеуге тарту. Қонақ үй менеджерлерін, туроператорларды және «Болашақ» бағдарламасының түлектерін оқыту мен диплом жұмыстарына басшылық етуге тарту мүмкіндігі, сондай-ақ оқыту бағдарламаларына қысқа мерзімді курстарды енгізу мүмкіндігі қаралады. МСМ бағынысты Түркістандағы Халықаралық туризм және меймандостық университеті (Iuth) Францияның Vatel меймандостық институтымен бірлескен білім беру бағдарламасымен жұмыс істеп келеді. Қазіргі уақытта қазақстандық университет Польша, Қытай, БАӘ, Сингапур, Австрия, Түркия және Анже университетінен (Франция) оқу орындарын қоса алғанда, 29 шетелдік жоғары оқу орнымен келісімшартқа отырған.2029 жылдың соңына дейін туризм саласында кемінде 14 мың адамды біліктілік арттыруға арналған іс-шаралармен қамту жоспарланған.

Халықаралық тәжірибе көрсеткендей, ауқымды және танымал іс — шараларды өткізу туристерді тартудың ең тиімді құралдарының бірі. Ең тартымды ұлттық туристік өнімдер мен әлеуеті зор географиялық нарықтарға баса назар аударылады. Елімізді ілгерілетудің арнайы стратегиясы әзірленеді.

Қазақстандық MICE-туризмнің әлеуетін ескере отырып, бұл бағыт халықаралық тәжірибеге сай дамиды. Қазақстанның MICE-дестинациялары халықаралық аренада, оның ішінде халықаралық қауымдастықтар платформалары арқылы насихатталады. MICE-туризм өкілдері елге MICE-іс-шараларды тартумен белсенді айналысатын болады.

Қазақстанды ілгерілетудің бірінші кезеңінде инфрақұрылым және туристік ұсыныстар тұрғысынан неғұрлым дайын өңірлерге назар аударылады: Астана қаласы және Ақмола облысы (Щучье-Бурабай курортты аймағы), Алматы қаласы және Алматы облысы, Шымкент қаласы және Түркістан облысы, сондай-ақ Ақтау қаласы.

Ұйымдастырылған ішкі туризмді ынталандыру үшін қолданыстағы Kids go Free бағдарламасымен қатар туристік кэш-бек енгізіледі. Мәдени-танымдық туризм, агротуризм, әлеуметтік, медициналық, экологиялық, іскерлік, балалар-жасөспірімдер және туризмнің басқа да түрлері дамитын болады. Егер туризмнің әрбір басым бағытын жеке қарастыратын болсақ, онда экотуризмді дамыту үшін экотуризм субъектілерін ерікті сертификаттауды енгізу, сертификатталған қонақ үйлерді онлайн-брондау платформасын құру, табиғатқа ұқыпты қарау жөнінде ақпараттық науқан жүргізу жоспарда бар.

Агротуризм саласында болашағы зор орындарды анықтау және ауыл тұрғындары үшін оқыту іс-шаралары жүзеге асырылатын өңірлерге барып далалық зерттеулер жүргізіледі. Агротуризмде қызмет көрсететін субъектілердің тізілімін жасау және жүргізу, өңірлерге инвестиция тарту, ауылдардың инфрақұрылымын жақсарту және аумақтар брендингін дамыту жоспарланып отыр. Фермерлерге ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерде агротуризммен айналысуға мүмкіндік беру бөлігінде заңнаманы жетілдіру қарастырылады.

Этнографиялық туризмді дамыту осы салада шағын бизнесті жүргізу мүмкіндіктері туралы ақпарат тарату, Қазақстанның табиғи, мәдени және тарихи көрікті жерлерімен байланысты қазақ аңыздарының иллюстрацияланған жинақтарын шығару, сондай-ақ қолөнершілікті дамыту арқылы жүзеге асырылатын болады.
Атап айтқанда, қолөнершілікті дамыту саласындағы нормативтік құқықтық актілер жетілдіріледі, Қазақстан қолөнершілерінің ұлттық тізілімі қалыптастырылады және олардың мәртебесі бекітіледі.

Сондай-ақ басым туристік орындарда қолөнер шеберханаларының желісін ашу, ұлттық және өңірлік кәдесый өнімдерінің стандарты мен көрнекі сәйкестігін әзірлеу, қолөнер өнімдерін сатуға арналған бірыңғай маркетплейспен қолөнер бойынша қолданыстағы онлайн-платформаларды біріктіру, Қазақстанда қолөнер саласында өзін-өзі реттейтін ұйым құруға жәрдемдесу жоспарланған.

Даму жолдарының бірі - автокөлік үшін жабық сауда көшелерін құру және олардың арасында жаяу жүргіншілер трафигі өтетін мерзімсіз орналасқан сауда павильондарын орнату болуы мүмкін.

Кемпингтік туризмді табысты дамыту мақсатында олардың санатына қарай кемпингтерді жобалау және олардың қызметі стандарттарын әзірлеу, сондай-ақ рекреациялық көліктің ыңғайлы жүріп-тұруын қамтамасыз ету үшін жол қозғалысы ережелері жетілдіріледі. Ең танымал автомобиль жолдары бойында кемпингтер, трейлер парктері мен этноауылдар желілері құрылады.

Балалар мен жасөспірімдер туризмін одан әрі дамыту инфрақұрылымдық және заңнамалық кедергілерді еңсеру, балалардың қауіпсіз демалысын қамтамасыз ету, жазғы лагерьлер үшін тиісті мамандарды даярлау және т.б. бойынша нақты шаралары бар Жол картасы әзірленеді. Балалардың туристік топтары үшін экскурсоводтарды белсенді дайындау және балаларға арналған туристік өнімдер желісі кеңейтіледі.

Сондай-ақ жастарға арналған арнайы турлар құрылады, туризмде жастар кәсіпкерлігін ынталандыру және жастарды ірі іс-шараларда жұмысқа тарту басталады.

Ал емдеу-сауықтыру және медициналық туризмді табысты дамыту үшін шипажай-курортты рекреациялық, сауықтыру қызметтерінің сапасын арттыру жөніндегі шаралар іске асырылады. Медициналық және шипажай-курортты ұйымдар сапалы емдеу-сауықтыру қызметтерінің санын арттыру мақсатында туроператорлармен ынтымақтасатын болады. Қазақстанның медициналық туристік өнімдерін шетелде таныту және ілгерілету бойынша жұмыс басталады.

Жоғарыда аталған барлық бағыттар бойынша белсенді жұмыс 2030 жылға қарай ішкі туристер санын 11 млн адамға, ал шетелдік туристер санын 4 млн адамға дейін арттыруға септік етеді. Қазақстанның орналасу орындарында төсек-орын санын 280 мың бірлікке дейін жеткізу күтіліп отыр. «Саяхат» жіктемесі бойынша қызметтер экспорты 5,5 млрд АҚШ долларына дейін өседі.

Астанада дұрыс тамақтану тақырыбында отбасылық аспаздық мереке өтті Әзілкеш Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы әйелі күйеуінің 8 ай алимент төлемегенін айтты Блогерлердің жарнамасына сенген ата-аналар алданып қалған (ВИДЕО) Қордайда 15 жастағы қызды өз әкесі мен кіндік әке-шешесі зорлаған (ВИДЕО) BI Group басшысы сүттің кесірінен дертке шалдыққанын айтты «Албасты деді»: Меруерт Түсіпбаева халық әртісі Майра Ілиясовадан кешірім сұрады Оралда жазасын өтеуші түрме ауласында жалаңаш жүрген (ВИДЕО) «17-қабаттан лақтырамын деп қорқытты»: Ақтауда ер адам әйелін сағаттар бойы азаптаған Трамп пен Путин 2 сағат бойы не туралы сөйлесті? АҚШ келесі келіссөз соңғы деп сендірді «Мына қыз сенің кәрі шешеңді бағады»: Бейсен Құранбектің жары алғаш рет сұхбат берді (ВИДЕО) «Қамауға алды»: Стэнд-ап комик Нұрлан Сабыров Ресейден шығарылмақ (ВИДЕО) Түркістандағы мектеп формаларын тігетін фабриканы қытайлық компания ашатын болды «262 500 теңге»: Күзде стипендия өседі Әскери борышты өтеу ешқашан кеш емес: Астаналық ұландықшеру кезінде жасаған әсерлі қылығымен желіде жұлдызға айналды Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Келін түсірмесек, істемейміз»: Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойына дайындықты бастады (ВИДЕО) «Мақпалдың бетін мен аштым»: Мұхамеджан Тазабек Заманбек Нұрқаділов туралы айтты «Сұлу болғандықтан қызыққан»: Меруерт Түсіпбаеваға өзінен кіші жігіт үйленуге ұсыныс жасады (ВИДЕО) «Полиция кінәлі»: Ақтөбеде оқушы қыз жарыс кезінде мұрнын сындырып алды (ВИДЕО) Астана циркінде акробат қыз бес метр биіктіктен құлап кетті (ВИДЕО)