Бурабайдағы қарағай инелерінен аскорбин қышқылын өндіруге болады

13.07.2023, 09:32
725
Бурабайдағы қарағай инелерінен аскорбин қышқылын өндіруге болады inform.kz

Ақмола облысы Щучинск қаласындағы «Білім-Инновация» IT лицей-интернатының 9-сынып оқушысы Гаухар Аман Бурабай қарағайларының инелерінен аскорбин қышқылын алу жобасын ойлап тапқан. Бұл туралы smartnews.kz сайты Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

Гаухар Аман жетекшісімен бірге зерттеу жүргізіп, қарағай инелеріндегі аскорбин қышқылын анықтап, оны адам ағзасына жетпейтін С витаминін толықтыру үшін пайдалануды ұсынып отыр.

«Біз зерттеуді күз және қыс мезгілінде қарағай инелеріндегі аскорбин қышқылының құрамын анықтаудан бастадық. Щучье-Бурабай курорттық аймағындағы қарағай инелеріндегі С витаминінің маусымдық өзгергерістерін талдадық. Алынған дәруменді оқушылардың денсаулығын нығайту үшін пайдалануға ұсынымдар бердік», - дейді жоба жетекшісі, география пәнінің мұғалімі Әйгерім Есмақова.

photo

Гаухар Аманның айтуынша, дәрумен құрамы жыл мезгіліне сай өзгеруі мүмкін, сондай-ақ, аскорбин қышқылының мөлшері де түрлі температурада өзгеріске ұшырайды.

«Зерттеу нысаны – Щучье-Бурабай өлкесінің таза аудандарында өсетін қарапайым қарағай инелері. Салыстырмалы түрде олардың құрамындағы аскорбин қышқылын зерттедік. Гипотезаны дәлелдеу үшін күз бен қыс мезгілінде қарағай инелеріндегі аскорбин қышқылын жылы және салқын кезде йодометрия әдісімен анықтадық», - дейді оқушы.

Зерттеу нәтижесінде қарағай инелеріндегі С дәрумені ауа температурасының төмендеуі мен маусымдық өзгергерістерге байланысты екені дәлелденді. Қылқанжапырақты өсімдік С дәруменнің баламалы көзі, одан тосап не қайнатпа әзірлеп, тұмау мен жұқпалы аурулардың алдын алуға болады.

 

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды