Бордюрлер неге ауыстырыла береді – Алматы әкімі жауап берді

13.07.2023, 12:19
1121
Бордюрлер неге ауыстырыла береді – Алматы әкімі жауап берді zakon.kz

Алматы әкімі Ерболат Досаев «тозып үлгермеген бордюрлер қайта ауыстырылып жатыр» деп шағымданған қала тұрғынына жауап берді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Бостандық ауданы тұрғындарының бірі Алматы әкімінен «мегаполис көшелерінде орнатылғанына көп болмаған, еш бүлінбеген, жол жиегіндегі бордюрлер неге қайта ауыстырылып жатқанын» сұрады. Айтуынша, кейбір аулаларда қалыпты асфальт та жоқ.

«Өкінішке орай, қалада мұндай мәселе бар, асфальт төселгеннен кейін де инженерлік желілерге қатысты қиындықтар туындайды. Байқасаңыздар, жолдардағы жөндеу жұмыстары инженерлік желілерге байланысты. Идеал нұсқа мынау: барлық коммуникацияларды жөндеп, ретке келтіру керек, содан кейін асфальт бір рет қана төселеді. Бұған дейін мердігерлер газ, су құбырын, кәрізді, электр желілерін траншеялау жұмыстарын сапасыз жүргізген. Биылдан бастап желілерді төсеу енді жолақтың барлық енінен өтеді. Бұл талапты қалалық мобильділік басқармасы әзірледі. Бұл тәсіл жолдың сапасын сақтауға көмектеседі. Күрделі жөндеу мерзімін де ескеру қажет. Егер жол жөндеу мерзімі келмесе, оған дейін бюджеттен бұл мақсатқа ақша бөлінбейді», - деп жауап берді әкім.

Ерболат Досаев бордюрлер жаяу жүретін адамдардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететінін, сондықтан олар жақсы жағдайда болуы керектігін айтты.

«Қоғамның, азаматтардың арқасында жол жиегі мәселесін бақылауда ұстап отырмын. Өткен аптада қазір жол жөндеумен айналысып жатқан барлық компанияны жинадым. Барлық қордаланған мәселені талқыладық және оларға тағы да ескерттім. Олардың қалай жұмыс істейтінін қадағалап отырмыз. Бордюрлердің 3-5%-дан аспайтын бөлігі ғана ауыстырылады, қалғандары түзетіліп, орнына қойылады», - деп атап өтті Алматы әкімі.

Айтуынша, Алматы жолдарында бордюрдің тек екі түрі бар.

«Біріншісі - цемент-құмды жиектас. Оны әуелі престеп, кейін орнатады. Қыста жолдарды химиялық заттармен өңдейтінімізді ескерсек, олардың қызмет ету мерзімі бес жылдан аспайды. Екінші түрі – 10 жылдан 15 жылға дейін қызмет ететін гранит. Әл-Фараби даңғылындағы бордюрдің 20-25 пайызын ауыстырамыз деп болжаған едік. Бірақ 3%-ын ғана ауыстыратын болдық», - деді әкім.

«Уақыт жоғалтып алдық»: Бейсен Құранбектің әйелі марқұм күйеуінің сырқаты туралы сыр ашты (ВИДЕО) Қостанайда жалақыларын талап еткен құрылысшыларды полиция қамап тастады «Маған да берген жоқ»: Әнші Amre атақ бермегені үшін ренжіп қалды Ұлттық ұланның ән-би ансамблі Батырхан Шүкеновті еске алу кешінде көрермендердің жүрегін елжіретті Сыныптасына қателесіп қоңырау шалғаны үшін полицей фельдшерді өлтірген 68 жастағы әйел күйеуін арақ ішкені үшін пышақтап өлтірген «Я, Аллаһым, мені сақташы…»: Азапталып қаза болған Ақнәрдің соңғы сәттегі видеосы тарады (ВИДЕО) Боксшы қыздарымыз Азия чемпионатынан 12 алтын иеленді «Туғанымдай бағып едім»: 29 жастағы жігіт өгей анасы мен оның немересін өртеп жібермек болған «Басыңызға келсін»: Мөлдір Әуелбекова үй шаруасын жасамайтынын айтты Қатерлі ісікке шалдыққан Джо Байденнің 1 жыл ғана өмірі қалған Шымкентте жазасын өтеп жүрген ер адам 8 жасар қыздың етегіне қол жүгірткен Ресей командирлері украин тұтқындарын өлтіріп жатыр (ВИДЕО) Түркістанда қоңыр аю камераға түсіп қалды (ВИДЕО) Жанжал кезінде Қаржаубай Нұрымовтың қолында қандай пышақ болғаны айтылды Швейцариялық Димаштың жанкүйері Қазақстан туралы кітап шығарды Екібастұзда есірткі жасырумен айналысқан оқушы қыз ұсталды Бүгін бірқатар өңірде бұршақ жауады «Назарбаев ұлтшыл жігіттерді биліктен алыстатты» – Санжар Керімбай «Көріпкелдің арқасында»: Ұлықпан Жолдасов неліктен шашын қысқартпайтынын түсіндірді