Мәселен KASE ақша нарығының жаңа индикаторларын – TONIA Compounded Index және TONIA Compounded Rate есептеуді және жариялауды және МБҚ нарығының индекстерін есептеуді бастаған.
Тіпті биржа сауда-саттықты жазылу әдісімен өткізуге мүмкіндік беретін ASTS+ СКЖ жаңартуларын пайдалануға енгізіп, мемлекеттік емес бағалы қағаздар үшін "Жеке орналастыру" алаңы және шетелдік акциялармен сауда үшін KASE Global платформасы іске қосылған.
Биылғы жыл басынан бері KASE-де жаңа валюта жұптарымен сауда-саттықты ашты. Дәлірек айтқанда юаньмен есеп айырысумен АҚШ долларымен және юаньмен есеп айырысумен еуромен.
KASE Басқарма төрайымы Алина Алдамберген Қазақстанның қор биржасы жұмысы орталық контрагенттің (ОК) қызметтерін қандай нарықта қолданылып жүргенін түсіндірді:
- Биржа орталық контрагенттің (ОК) қызметтерін барлық нарықтарда: қор, ақша және мерзімдік нарықтарда көрсетеді, мұнда мәміленің барлық қатысушылары үшін мәміленің тарапы бола отырып, мәмілелерді орындау бойынша тәуекелдерді ОК көтереді. 2022 жылы ОК базасында жаңа өнім – клирингілік қатысу сертификаттары (КҚС) іске қосылды, олар бағалы қағаздар (БҚ) пулына енгізілген активтердің орнына шығарылады. БҚ есебін оңайлату және олармен операцияларды тіркеу үшін сауда-саттыққа қатысушылар үшін "омнибус" шоты енгізілді, ол бір мезгілде ақшаны да, бағалы қағаздарды да есепке алуға мүмкіндік береді, - дейді төрайым.
Маңызды іске асырылып келген жобаның бірі – IRIS Finance ақпараттық терминалының браузерлік нұсқасы мен Scila Surveillance қадағалау жүйесі. 2022 жылы іске қосылған бұл жүйелер жергілікті нарықты айла-шарғыдан қорғаудың жаңа деңгейіне шығуға мүмкіндік береді.
Сондай-ақ KASE Басқармасы «KASE Mobile» мобильдік қосымшасында жаңа функцияларға қол жеткізді. Олардың ішінде акциялар, валюталар, МБҚ, облигациялар, индикаторлар, сауда-саттық мәртебесі, KASE және компаниялар жаңалықтары, брокерлер және "Биржалық симулятор" конкурсы шеңберінде жеке тұлғалар үшін оқу сауда-саттықтары туралы ақпарат енгізілген. Жан-жақты қамтылған сервис Android және IOS-та тегін қолдануға қолжетімді боп отыр. Ең маңыздысы – авторландырусыз, әрі қосымша орыс, қазақ және ағылшын тілдерінде қолжетімді.
Басқарма төрайымы Алина Алдамберген KASE биржасына күнделікті 1,3 трлн. теңге көлемінде маңызды мәмілелер жасалатынын атап өтті:
- Менің басым міндетім – компанияның стейкхолдерлер үшін құндылығын арттыру. KASE – коммерциялық және бір мезгілде жүйелік маңызды инфрақұрылымдық ұйым. Күн сайын биржа арқылы Т1,3 трлн. сомаға мәмілелер жасалады. Биржа – Қазақстанның қаржы жүйесіндегі қысқа мерзімді өтімділікті қайта бөлудің елеулі элементі, ол көптеген құралдармен сауда жасау үшін алаң ұйымдастырады. Теңгенің АҚШ долларына қатысты бағамы да биржада қалыптасады, - дейді Алина Алдамберген.
2014 жылы KASE биржасында теңге мен юань сауда-саттығы басталған болатын. Содан бері 2022 жылға дейін сауда-саттық көлемі өскен. 2022 жылы сауда-саттық көлемі максималды - 8,5 млрд юань болды, ал сауда-саттық үлесі 2,8 %-ға жетті. Осылайша Қазақстанның Қытаймен сауда айналымының өсуіне және ұлттық валюталардағы есеп айырысу үлесіне байланысты болмақ.
Айта кету керек, биржа қорында "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ жай акцияларының IPO қорытындысы бойынша, KASE-де жазылу арқылы акция үшін ₸8 406 теңге бағамен ₸137,5 млрд теңге тартылған.
Биылғы жартыжылдықта KASE-дегі сауда-саттықтың жиынтық көлемі былтырғыға қарағанда 15 %-ға ₸157,7 трлн. дейін өскен. Бұл айтарлықтай көрсеткіш.
Одан бөлек, KASE Global алаңында ұсынылған құралдардың ішінде Meta, NVIDIA және Tesla акцияларының бағасы 100 %-ға, AMD, Amazon, Salesforce, Fortinet, Uber акцияларының бағасы 50 %-ға өскен.
Биржадағы биылғы сауда-саттық көлеміне қатысты есеп бірқатар көрсеткіштерді бағамдап отыр:
- USD/KZT жұбы 2022 жылы өзінің доминантты жағдайын күрт төмендетіп, 2023 жылдың І жартыжылдығындағы сауда-саттықтың жалпы көлемінің 67 %-ға дейін төмендеді, бірақ сатып алынған валюта көлемі бір жылда 16 %-ға өсті - $18 млрд-тан жоғары болды. Мәмілелер саны 42 240-ға дейін өсті. USD/KZT жұбының қысқарған үлесін EUR/USD жұбы алмастырады. Оның жалпы сауда-саттық көлеміндегі үлесі 2022 жылдың І жартыжылдығынан 22 %-ға дейін, ал сауда-саттық көлемі 70,5 есеге 6,1 млрд еуроға дейін өсті. Үшінші орынды 6 % үлесімен RUB/KZT жұбы алады. Жарты жыл ішінде сатып алынған рубль көлемі 2,2 %-ға 1,7 млрд-қа дейін өсті, ал теңге рубльге қатысты 20 %-ға нығайды.
6 наурыздан бастап юаньмен есеп айырысумен АҚШ долларымен және еуромен сауда-саттық ашылды.Ақша нарығындағы сауда-саттық көлемінің өсуіне 2021 жылғы тренд 2023 жылдың І жартыжылдығында сақталды, алайда өсу қарқыны баяулады. 2023 жылдың І жартыжылдығында өсім 11% Т139 трлн немесе күніне Т1,2 трлн. құрады, - дейді Басқарма төрайымы.
Қорыта келгенде, биржа тұрақты даму облигацияларының эмитенттеріне листингтік алымдарды төлеу бойынша жеңілдіктер және кеңес берумен қолдау бар "жасыл" және "әлеуметтік" жобаларды қаржыландыру үшін бағалы қағаздарды шығару және орналастыру бойынша қызметтер көрсетпек.
Сондай-ақ Биржа алты верификатор-компаниямен жергілікті бағалы қағаздарды "жасыл" облигациялардың халықаралық базасына енгізу үшін ESG мәніне бағалау жүргізу туралы PriceWaterhouseCoopers, Эксперт РА, Green Finance Centre (GFC) E&Y талдамалық кредиттік рейтингтік агенттігі, Green Investment Group (GIG) секілді бірқатар компаниялармен уағдаласқан.