Адам саудасы: Қазақстандықтарды қай елдерге жиі ұрлап әкетеді

27.07.2023, 12:08
1073
Адам саудасы: Қазақстандықтарды қай елдерге жиі ұрлап әкетеді smartnews.kz

Астанада өткен адам саудасына қарсы күрес конференциясында Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы жанындағы Құқық қорғау органдары академиясының қызметкері Руслан Жақсылықов қазақстандықтарды одан әрі қанауға көбінесе қай елдерге апаратынын айтып берді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Руслан Жақсылықов Қазақстанның ішкі істер органдары жыл сайын заңсыз адам саудасына қатысты 100-ден астам қылмыс тіркелетінін айтты.

"Талдауды біз ғана емес, халықаралық сарапшылар да жүргізді. Оның басты себебі - бұл қылмыстық бизнестің жоғары табыстылығы. Әңгіме адам саудасы туралы болып отыр. Қылмыстың бұл түрінің жылдық айналымы шамамен 150 миллиард долларды құрап отыр. Бұл қылмыстық бизнестің жоғары табыстылығы. Оның тағы бір себебі – халықтың кедейлігі. Негізінен азаматтарымыз жақсы өмір іздеп адам саудасының құрбанына айналады. Әлеуметтік желідегі жарнамалар арқылы олар сұхбатқа барады, жыныстық немесе еңбек қанаудың құрбанына айналады", - деп түсіндірді Руслан Жақсылықов.

Сондай-ақ спикер қай елдер қазақстандықтарды одан әрі қанау үшін жиі қабылдайтынын айтты.

"Қазақстан азаматтарын экспорттаудың негізгі арналары Бахрейн Корольдігі, Оңтүстік Корея және басқа да елдер болып табылады. Тек өткен жылдың өзінде адам саудасымен айналысқан, оның ішінде кәмелетке толмағандарды қоса алғанда, қылмысқа қатысы бар трансұлттық қылмыстық топтың 17 мүшесі сотталды. Бахрейндегі жыныстық қанаушылыққа кәмелеттік жасқа толмағандар көп ұшыраған", - деді ол.

31 мамырда Ішкі істер министрлігі Мәжіліске "Қазақстан Республикасындағы адам саудасына қарсы күрес туралы" заң жобасын енгізді. Құжат осындай қылмыстардың алдын алу тетіктерін жетілдіреді.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді