Жанжалға араша түскен полицейлерге күш көрсететіндер көбейген

25.08.2023, 17:31
708
Жанжалға араша түскен полицейлерге күш көрсететіндер көбейген gov.kz

ІІМ-де полиция қызметкеріне қарсы күш қолданғаны үшін қандай жаза қарастырылғаны айтылды. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Отбасылық жанжал кезінде араша түскен полицейлердің өзіне күш көрсететіндер көп. Отбасылық зорлық-зомбылық мәселесін шешу үшін Мемлекет басшысы жазаны қатаңдатуды тапсырған еді.

– Қазір мұндай құқық бұзушылықтар жәбірленушінің арыз-шағымынсыз тіркеледі. Енді агрессор арыз түссе де, түспесе де, жауапқа тартылады. Кейде жәбірленушіні “үй агрессорынан” құтқарамын деп, қызметкерлер өз өмірі мен денсаулығына қауіп төндіреді, – дейді ІІМ әкімшілік полиция комитеті басқарма бастығының орынбасары Азамат Құрымбаев.

Ведомство мұндай жағдайлардың бірі ретінде БҚО мас ер адам үйінде жанжал шығарып, әйелі полиция шақырғанын жаза кетті. Тәртіп сақшылары оқиға орнына жеткенде “агрессор” өз үйінің ауласында оларға қарсылық көрсетіп, заңды талаптарға бағынбаған. Тіпті, қызметкерлердің бірін пышақпен жараламақ болған.

Жалпы алғанда, жыл басынан бері билік өкіліне қарсы күш қолданудың 146 фактісі тіркеліп, 109 адам түрлі жауапкершілікке тартылған. Оның ішінде 19-ы бас бостандығынан айырылған.

Сондай-ақ сот шешімімен құқық қорғау органы қызметкерінің заңды талабына бағынбағаны үшін 1699 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылып, оның ішінде 792 құқық бұзушы қамауға алынған.

– Ішкі істер органдары қызметкерлері қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету мақсатында, яғни сіздің қауіпсіздігіңізді қамтамасыз ету үшін өз өмірлерін қауіпке тігіп, аянбай қызмет етеді. Осыған байланысты полиция қызметкерлерінің заңды талаптарын орындауды, оларға жұмыс барысында кедергі келтірмеуді сұраймыз. Бұндай әрекеттерге жол берген жағдайда қылмыстық және әкімшілік жауапкершілік көзделгенін еске саламыз. Жаза ірі айыппұлдан 7 жыл мерзімге дейін бас бостандығынан айыруды көздейді. Сонымен қатар полиция қызметкерлерінің іс әрекетінде заң бұзушылық орын алған болса, азаматтар шағымдануға құқылы, – дейді Азамат Құрымбаев.

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды