Өскеменде қасақана өрт қойылған көпқабатты үйден 15 адам құтқарылды

10.09.2023, 13:24
479
Өскеменде қасақана өрт қойылған көпқабатты үйден 15 адам құтқарылды ШҚО ТЖД

Өскемен қаласында біреу қасақана өрт қойған көпқабатты үйден 15 адам құтқарылды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

ШҚО Төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, бүгін қаладағы Қабанбай батыр көшесінде орналасқан 6 қабатты тұрғын үйде өрт шықты. Оқиға орнына құтқарушылар шұғыл келіп жетті.

«Өрт сөндірушілер барлау жүргізіп, үшінші қабаттағы пәтерді қою қара түтін басқанын көрді. Ең алдымен олар автосатының көмегімен 15 тұрғынды, оның ішінде 4 баланы құтқарды», - делінген ақпаратта.

photo

Одан кейін көпқабатты үйден 34 адам эвакуацияланды. Оның ішінде алтауы бала.

«Өрт сөндірушілер қою түтін арасында отпен күресуге және адамдарды құтқаруға мәжбүр болды. Үйлесімді іс-қимылдардың арқасында жалпы ауданы 40 шаршы метр тілсіз жау толықтай ауыздықталды. Зардап шеккен ешкім болған жоқ», - делінген хабарламада.

Қызыл жалынмен күреске барлығы 10 техника және жеке құрамнан 42 адам жұмылдырылған. Алдын ала болжам бойынша біреу пәтерге қасақана өрт қойған.

 

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды