Полицейлер, әскерилер мен мемлекеттік қызметкерлер арасында нашақорлар анықталып жатыр

22.09.2023, 11:11
644
Полицейлер, әскерилер мен мемлекеттік қызметкерлер арасында нашақорлар анықталып жатыр ашық дереккөзден

Нашақор мемқызметшілер, әскерилер және полицейлер қызметтен қуылды. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлайды.

Елімізде мемлекет қызметінде жүрген азаматтардың ішінде есірткіні пайдаланатындар анықталып жатыр.

Орталық коммуникациялар қызметінде өткен «дөңгелек үстел» барысында Ішкі істер министрлігінің есірткі қылмысына қарсы күрес департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Әмірханов бірер дерек келтірді. Оның сөзінше, мемлекеттік қызметкерлер арасында нашақорлар анықталып жатыр. Мемлекет қызметіндегілер мен әскери қызметкерлердің есірткі қолдану фактісін анықтау мақсатында жаппай скринингтен өткізу пилоттық жобасы жүзеге асырылып жатыр.

Сондай-ақ мемлекет қызметіндегі азаматтардың арасынан оншақты нашақор анықталып, жұмыстан шығарылған. 

«Нашақорлыққа тәуелділер қылмыскер емес,  бұл да құмар ойынға тәуелділік сияқты аурудың бір түрі. Ал оларды анықтау үшін скринингтік тестілеуге жүгінеміз», – дейді Ішкі істер министрлігінің есірткі қылмысына қарсы күрес департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Әмірханов.

«Дөңгелек үстелде» биыл полицейлер арасында да есірткі қолданатын үш қызметкердің бар екені анықталғаны айтылды. Олардың біреуі Астанада жұмыс істеген.

Жалпы, Қазақстан қоғамында есірткіге қарсы шаралар жандана бастады. Ондай шаралардың тұжырымдамасын биылғы көктемде Ішкі істер министрлігі әзірлеген. Бұған қоса Үкімет жанындағы бірыңғай ведомствоаралық орталықтың базасында есірткі жөніндегі ұлттық ақпараттық жүйе құрылмақ. Алдымен 14-18 жас аралығындағы мектеп оқушыларының есірткіге тәуелділігі мен ағзасында психикалық белсенді заттардың бар-жоғы тексеріледі. Оқушыларды тексеру жыл сайын бір рет жүргізіледі. Тексеру, талдау жұмысы тек оқушыларға ғана емес, үлкендерге де қатысты болады. Ішкі істер министрлігі бірнеше көрсеткіш бойынша ұлттық зерттеулер жүргізеді. Бірыңғай ақпараттық жүйедегі талдау да тікелей осы көрсеткіштерге байланысты болады. Жоспарға сай, алдымен жалпы қазақстандықтардың есірткіні қолдану көрсеткіші нақтыланады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы жер-жердегі елдердің есірткіге қатысты ахуалын назарда ұстайды, зерттеу жұмыстарына араласады. Таяуда бұл ұйым мен біздің Денсаулық сақтау министрлігіміз бірігіп, еліміздегі балалардың денсаулығына және әл-ауқатына байланысты зерттеу жүргізген екен. Біздің 11-15 жас аралығындағы балалардың ішінде энергетикалық сусын, темекі, электрондық темекі, ішімдік пен есірткі қолданушылардың саны бұдан төрт жыл бұрынғыға қарағанда едәуір артып отыр.

Бүгінде елімізде нашақорлар саны қанша екені туралы нақты мәлімет жоқ. Денсаулық сақтау министрлігінің есебі бойынша есірткіге тәуелділердің саны – 18 243 адам. Олардың 1 498-і – әйелдер, 97-сі – кәмелеттік жасқа толмаған балалар. Небәрі 20 миллионға жуық халқы бар Қазақстан үшін бұл ауыр көрсеткіш. Бір ғана Астананың өзінде былтырғы көрсеткіш бойынша 1 195 адам есірткіге тәуелді ретінде тіркеуде тұр. Арасында әйелдер мен жасөспірімдер аз емес. Бұл тіркеуге алынғандар ғана, ал әлі тіркелмегендер көп болуы да мүмкін.

2020 жылдан бері елімізде есірткіге тәуелді жастардың саны екі жарым есеге артқан. Бұл, бір жағы, синтетикалық есірткілер арзан әрі қолжетімді болуымен де байланысты болуы мүмкін. Мұндай есірткінің саудасы интернет арқылы жүргізіледі.

Биылғы жыл басынан бері есірткі саудасымен айналысатын сайттардың 604-інің Қазақстанға тарауы тоқтатылды. Сайт иелері шет елдерде тұратындықтан оларды жауапқа тарту да қиын болар.

Ал Біріккен Ұлттар Ұйымының мәліметтері бойынша, соңғы 10 жылда есірткіге тәуелді адамдардың саны 26 пайызға өскен.

Әлемде шамамен 284 миллион нашақор адам бар. Есірткі жыл сайын 500 мыңнан астам адамның өліміне себепші болып отыр.

«Келін түсірмесек, істемейміз»: Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойына дайындықты бастады (ВИДЕО) «Мақпалдың бетін мен аштым»: Мұхамеджан Тазабек Заманбек Нұрқаділов туралы айтты «Сұлу болғандықтан қызыққан»: Меруерт Түсіпбаеваға өзінен кіші жігіт үйленуге ұсыныс жасады (ВИДЕО) «Полиция кінәлі»: Ақтөбеде оқушы қыз жарыс кезінде мұрнын сындырып алды (ВИДЕО) Астана циркінде акробат қыз бес метр биіктіктен құлап кетті (ВИДЕО) 7 жастағы бала 40 метрлік құдыққа құлап кетті «Қанды бірден сүртіп тастаған»: Мысыр әуежайында көз жұмған әйелдің жан құрбысы жағдай туралы айтып берді Ақтаулық шахматшы ел тарихындағы ең жас халықаралық гроссмейстер атанды Тазабектің тойында ән айтқан Бекболат Тілеуханға 15 жылқы, 1 түйе және 1 көлік сыйға берілді Ақтауда жүргізуші әйел бала қағып кетіп, оқиға орнынан қашып кеткен (ВИДЕО) Шымкенттегі Әуезов университетінің басшысы 256 млн теңге жымқырған Ресейде түрмеден қашқан өзбек азаматтары сотталды «Унитаздан шығып, асүйдегі пештің үстінде отыр»: Елімізде тышқандар унитаз арқылы пәтерге кіріп жатыр (ВИДЕО) Жігер Ауыпбаев әйелімен ажыраса сала бір қызға қатты ғашық болғанын айтты Журналист Мысырда қаза тапқан Ақмарал Мұқанова туралы айтып берді Джо Байденге қатерлі ісік диагнозы қойылды Каспий теңізінде жер сілкінісі болды Антикор Ермек Тұрсыновқа қатысты тергеу жүргізіліп жатпағанын айтты «Бір қоңыраумен-ақ соғысты тоқтатамын»: Трамп Путин мен Зеленскийге хабарласпақ Бүгін ауа райына байланысты бірқатар өңірде ескерту жарияланды