Никита Чирюкин – Азия ойындарының қола жүлдегері
Қытайдың Ханчжоу қаласында өтіп жатқан XIX жазғы Азия ойындарында ел құрамасы қоржынына үшінші медаль түсті, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.
Атап айтқанда, ел құрамасынан Никита Чирюкин оқ атудан қола жүлде алды. Ол тапаншадан 25 метрге жылдам көздеу сайысында үздік үштікті түйіндеді.
Бұл – Ханчжоудағы Азиадада ел қоржынына түскен үшінші медаль. Кеше дзюдошыларымыз бір күміс және бір қола жүлде еншілеген болатын.