Доллар 459 теңгеге жуықтады: 6 қазандағы валюта бағамы қандай
Айырбастау орындарында негізгі валюталардың сатып алу және сату бағалары жарияланды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, 6 қазанда Қазақстанның ірі қалаларындағы айырбастау орындарында доллар, еуро және Ресей рублінің бағамы әртүрлі қалыптасты. Астана, Алматы және Шымкентте шетел валютасын сатып алу мен сату құны арасында айырмашылық бар.
Астанада айырбастау орындарында долларды орта есеппен 451,99 теңгеден сатуға, ал 458,99 теңгеден сатып алуға болады. Еуроның сату бағасы 504,98 теңге болса, сатып алу құны 514,98 теңгеге жетті. Ресей рублін 5,18 теңгеден өткізіп, 5,44 теңгеден сатып алуға болады.
Алматыда доллардың орташа сату бағасы 456,06 теңгені құрады. Валютаны сатып алу үшін орта есеппен 458,89 теңге қажет. Еуроны айырбастау орындары 509,55 теңгеден қабылдап, 514,63 теңгеден сатуда. Рубльдің сату бағасы 5,14 теңге, сатып алу бағасы 5,27 теңге болды.
Шымкентте долларды орта есеппен 454,48 теңгеден сатуға және 457,69 теңгеден сатып алуға болады. Еуро 507,43 теңгеден қабылданып, 513,65 теңгеден сатылуда. Ресей рублінің сату бағасы 5,14 теңге, сатып алу бағасы 5,21 теңге деңгейінде қалыптасты.
Ал Қазақстан бойынша 6 қазанға белгіленген ресми бағам мынадай: 1 АҚШ доллары – 454,98 теңге, 1 еуро – 509,53 теңге, 1 Ресей рублі – 5,37 теңге.
Айырбастау орындарындағы нақты бағамдар мен спред көлемі қалаға және айырбастау пунктіне қарай өзгеруі мүмкін.
Материал авторы