Астанада қатты жел бес көлікті өртке орады
Автотұрақтағы өртті жедел сөндірілгенімен, оның нақты себебі әзірге белгісіз.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Астанада қатты жел тұрғын үй кешені маңындағы автотұрақта тұрған бес жеңіл көліктің өртенуіне себеп болған. Өрт Байтурсынов көшесінде болып, жалын қатты желдің әсерінен қатар тұрған көліктерге тараған. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі жазды.
Оқиға елорданың Сарайшық ауданында бүгін болған. Өрт сөндірушілер жеткен кезде автотұрақтағы бес көлік те ашық жалынға оранған.
Құтқарушылардың мәліметінше, қатты жел өрттің жақын маңда тұрған басқа көліктерге тез тарауына әсер еткен.
Алғашқы өрт сөндіру бөлімшелері шақырту түскеннен кейін жеті минут ішінде оқиға орнына жетіп, қызыл жалынды жедел түрде сөндірді.
Қазіргі уақытта өрттің нақты шығу себебі анықталып жатыр. Оқиғаның мән-жайы бойынша тиісті жұмыстар жүргізілуде.
Материал авторы