Маңғыстауда 5,5 мыңнан астам қуғын-сүргін құрбаны ақталуы мүмкін

20.10.2023, 19:08
614
Маңғыстауда 5,5 мыңнан астам қуғын-сүргін құрбаны ақталуы мүмкін mangystaumedia

Өңірде құрылған комиссия тек Қазақстандағы ғана емес, шетелдегі мұрағаттарға барып, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізді. Бұл туралы smartnews.kz сайты mangystaumedia.kz сілтеме жасап хабарлады.

2020 жылдың қараша айында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев "Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссия туралы" Жарлыққа қол қойды.

Маңғыстауда құрылған комиссия құрамына мұрағат қызметкерлері, өлкетанушылар, тарихшылар, университет оқытушылары, заңгерлер мен жазушылар, журналистер және араб тілін зерттеуші мамандар енді. Үш жыл ішінде олар Маңғыстау мемлекеттік мұрағатындағы құжаттарды зерттеді, Алматы, Атырау, Ақтөбе, Қызылорда облыстарында болды, ҰҚК архиві мен Ұлттық мұражайда, Президент мұрағаттарын қарады. 2,5 мыңнан астам іс қаралып, 450 мың бет зерттелген.

Өткен жылдың қорытындысы бойынша көтерілістерге қатысқан 156 адам, 1055 босқын, ұжымдастырудың 17 құрбаны, 404 әскери тұтқын, 21 дін өкілі толық ақтауға ұсынылған. Қазіргі уақытта толық ақтауға дайындап жатқан тізімде 5652 адам бар. Әзірге олар бойынша тек сараптама жүргізілуде. Бүгінде жұмыс тобының мүшелері Маңғыстаудағы қуғын-сүргін тарихына қатысты құжаттар табылған Ташкент қаласында сапарда жүр. Соның бірі - Маңғыстаудан шыққан көтерілісшілерге қарсы шайқастарға қатысқан әскери ұшқыштардың естеліктері.

Қазір комиссия Түркіменстанның сыртқы істер министрлігінен мұрағатына жіберу жөнінде шешімін күтуде. Жұмыс тобы қуғын-сүргінге ұшыраған маңғыстаулықтардың ұрпақтары тұратын Саратов, Волгоград, Орынбор облыстарына баруды жоспарлап отыр.

"Өткен жылы Маңғыстауда Адай көтерілісі ошақтарының картасы таныстырылды. Оны құрастыруға бірнеше өлкетанушы қатысты. Картаның өлшемі 180 см-ден 250 см-ге дейін. оған көтеріліс ошақтары, көтерілісшілер мен жазалаушы отрядтардың маршруттары, көтерілісшілер басшыларының есімдері жазылған. Картаға Мемлекеттік комиссияның арнайы QR-коды алынды, қазір интерактивті картаны енгізу жұмыстары жүргізілуде. Бұл қолда бар деректерді толықтыруға мүмкіндік бермек", – дейді саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау мәселелері жөніндегі жұмыс бөлімінің басшысы Арман Нұрғазиев. 

Басқа да маңызды жаңалықтар Telegram арнамызда!

2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды