АҚШ елшісі Астананың тарихи көшелерін аралап елді құттықтады

26.10.2023, 15:04
788
АҚШ елшісі Астананың тарихи көшелерін аралап елді құттықтады visitastana.kz

Сонымен кеше Республика күні мерекесі аталып өтті.

Оның қарсаңында оппозиция белсенділері адамдарды 25-қазанға рұқсат етілмеген митингіге шығуға үндеген. Әр өңірлерде митинг өтетін орындарды да алдын-ала меңзеген. Мереке жақындаған сайын құқық қорғау органдарының қызметкерлері тарапынан күзет күшейді. Ал мереке күні әр қалада адамдарды ұстау оқиғалары болды. Бас-аяғы оншақты адамды полиция көшеден алып кеткен. Жалпы алғанда, көше көрінісі көпшілік сипатындағы қандай да бір тосын оқиғаға ұласқан жоқ.

Республика күніне орай мемлекеттік шаралар бірсыдырғы өтті. Салтанатты жиында Мемлекет басшысы заң шеңберінен шығатын, азаматтардың арасына іріткі салатын және тұрақтылыққа қауіп төндіретін кез келген сөз бен әрекетке қатаң түрде тосқауыл қойылатынын еске салды.

Республика күніне орай президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа әлемнің түпкір-түпкірінен құттықтау жеделхатын жолдаған көшбасшылар көп болды. Барлық көршілес елдердің президенттерінен бастап АҚШ, Еуропа елдері, оның ішінде Түркия, Ұлыбритания, Франция, тағы басқа елдердің басшылары құттықтады. Сонымен берге Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Хатшысы, Рим Папасы, Жапония императоры, Сауд Арабиясының королі мен премьер-министрі, Марокко, Испания, Нидерланды, Швеция, Үндістан, Оңтүстік Корея, Сингапур, Италия, тағы басқа көптеген елдердің басшыларынан, халықаралық ұйымдардан  және жеке тұлғалардан құттықтау жеделхаттары жетті.

Сол сияқты, шет елдердің Қазақстандағы елшіліктері де Қазақстан халқына өз аттарынан құттықтау жолдаған. Елшіліктердің екеуінің  құттықтауы жайлы тоқтала кетудің жөні келіп тұр. Себебі біріне сүйсінесіз, ал бірінен іш тартып қаласыз.  

АҚШ елшісінің құттықтауы жылы әрі әдемі болып шыққан. Елшінің өзі Facebook-тегі парақшасында бізге бейне-құттықтау жолдапты. «Менің соңымнан еріңіз» деп атаған бейнежазбасында елші Астананы аралап, бір жерге келгенде самса сатып алады. Құттықтау осындай бір қызық көріністен басталады. Бейнежазбада елші бізге арнап әңгіме айтып жүреді. Ол былай дейді:

«Осыдан 33 жыл бұрын Қазақстан егемендігін жариялап, тәуелсіздік пен жарқын болашақтың даңғыл жолына түсті. Осыған орай мен осы егемендіктің негізін қалаған Қазақстанның ұлы ерлері мен әйелдерін зерттеп көрейін дедім. Олардың есімі қазір күнделікті өмірімізде жиі айтылып, көше маңдайшаларында, ескерткіште жазулы тұр. Қаланы аралап, осы ұлы тұлғалардың егемен, тәуелсіз және заманауи Қазақстанды құруға қосқан үлесін еске алайық». 

Содан кейін АҚШ елшісі Міржақып Дулатов, Шара Жиенқұлова, Мұхтар Әуезов, Ақын Сара және Рахымжан Қошқарбаев көшелеріне тоқтап, біртуар тұлғалардың қазақ халқының тарихына қосқан үлесі туралы әңгімеледі.

Сөзінің соңында:

«Осы Республика күнінде Қазақстан тәуелсіздікке алғашқы қадамын тойлап жатқанда мен Астанадағы қазақ және американ халықтарының қарым-қатынасын айқындайтын тағы бір көшені атап өткім келеді, ол — Достық көшесі. Баршаңызға Республика күні құтты болсын», – дейді АҚШ елшісі.

Міне, жарасымды, әдемі құттықтау.

Өз кезегінде Ресейдің Қазақстандағы елшілігі де бізге құттықтау жолдаған. Құттықтағанына рахмет, әрине. Көрші мемлекеттің елшілігі Қазақстанның аумақтық тұтастығын қолдайтынын және біздің елімізді қорғауға көмектесуге дайын екенін алға тартты. Ресей елшілігінің құттықтауы еліміздің дамуы, экономикамыздың өсуі, сыртқы саясаттағы табыстарымыз оны қуантатыны сынды жылы сөздерге ұласқан. Мақұл-ақ. Дегенмен, біздің еліміздің аумақтық тұтастығын Ресей қолдайтыны және біздің елімізді қорғауға көмектесуге дайын екені күтпеген жаңалық сияқты әсер қалдырады. Шыны керек, осы айтып отырғаны рас па екен деп ойлап қалады екенсіз. Ал сонда Ресейдің президентінен бастап жоғары-төменгі деңгейдегі шенеуніктері бар, депутаты бар, саясаткері бар, журналисі бар, осы күнге дейін Қазақстанды мүйіздеп келгені қайда қалады? Мүмкін Ресей билігінің біздің елімізге деген саясаты өзгерейін деген шығар. Өзгеріп жатса тіптен жақсы дер едік. Солай бола тұра Ресей билігі осы күні Қазақстанда орыс тілін қолдау және дамыту ісін мемлекеттік деңгейде қолға алып отыр. Бұл үшін қаржы жұмсап  социологиялық зерттеулер жүргізбекші.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды