Газа аймағындағы соғысты тоқтатамыз деп шапқылаған елдер көбейді

22.11.2023, 12:03
538
Газа аймағындағы соғысты тоқтатамыз деп шапқылаған елдер көбейді smartnews.kz

Таяу Шығыстағы соғысты тоқтату мақсатында жан-жақты жұмыс қыза түсті. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Бір жағынан АҚШ пен Катар әрекет етсе, екінші жағынан Түркия да бұл іске белсене кіріскен. Осы күндері ХАМАС пен Израиль арасында бейбіт келісімге келу мәселесі талқыланып жатыр. 

ХАМАС ұйымының Исмайыл Хания есімді жетекшілерінің бірі CNN арнасы арқылы таратқан мәлімдемесінде ХАМАС пен Израиль атысты тоқтату туралы бейбіт келісімге келу процесін бастағанын айтты. Тіпті ол келісімге жақын күндері қол жеткізілетін болады деп үміттендірді. Исмайыл Хания араағайындық жасаған Катар елінің билігіне алғыс айтты.

CNN арнасының жазуына қарағанда, ХАМАС-тың мәлімдемесі Ақ үйдің осындай мәлімдемелеріне сәйкес келеді. ХАМАС-тың мәлімдемесі 21-қарашада айтылса, одан бір күн бұрынғы 20-қарашада АҚШ Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің өкілі Джон Кирби де мәлімдеме жасаған. Келіссөзге қатысушылар ХАМАС ұстаған адамдарды босату мәселесін аяқтауға жақындап қалғанын сол кезде Джон Кирби де айтқан. АҚШ-тың бұқаралық ақпарат құралдары Израиль мен ХАМАС арасында бес күндік тыныштық туралы келісім жүргенін жазғанын біз «Шыны керектің» өткен шығарылымында айттық. Енді міне, келісім бес күндік емес, түкпілікті тыныштыққа ойысып жатқан сияқты. ХАМАС ен Израиль биліктері арасындағы келіссөздер АҚШ пен Қатар атынан барған адамдардың қатысуымен бірнеше аптаға созылғаны айтылды.

Ал екінші жағынан Түркияның әрекетімен Таяу Шығыстағы соғысты тоқтату келісімі Мәскеу мен Бейжіңде де жүріп жатыр. Кеше ХАМАС-тың және өзге алты елдің өкілдері Бейжіңге ұшып барды. Ал бүгін олар Мәскеуге жол тартады деп жатыр. Мұндағы мақсат – соғысты тоқтату және Газа аймағындағы тұрғындардың жағдайын жақсарту. Яғни гуманитарлық көмек пен медицина қызметкерлерін жеткілікті етіп алып бару. Бұған ықпал жүргізу үшін құрылған топқа жеті елдің адамдары енгізілген. Мұнда Түркия, Индонезия, Нигерия, Иордания, Мысыр, Катар және Сауд Арабиясының өкілдері жұмыс істеп жатыр. Бұл елдердің Сыртқы істер министрліктерінің қызметкерлері күнібұрын қыруар жұмыс жүргізді. Мәскеу мен Бейжіңге шапқылап, консультациялар өткізді. Мысалы, Түркияның Сыртқы істер министрінің орынбасары Ресейдің Сыртқы істер министрінің орынбасарымен күн сайын тығыз байланыста болды. Ал араб елдерінің Сыртқы істер министрлерінің өздері Мәскеуге ұшып барды. Олар Таяу Шығыстағы жағдайды талқылау үшін және соғысты тоқтатудың тетіктерін айқындау мақсатында Ресейдің Сыртқы істер министрімен кездесті.

Қытайға бұған дейін бірқатар араб және илам елдерінің Сыртқы істер министрлері Бейжіңге барып, Қытайдың Сыртқы істер министрімен кездескен. Онда ХАМАС пен Израиль арасындағы соғыс талқыланған еді. Ал ең басында, яғни бірнеше күн бұрын  Сауд Арабиясында араб және ислам елдерінің саммиті өткен болатын. Ол саммитке қатысушылар Газа аймағындағы соғысты тоқтату мәселесін талқылаған және Израильдің операциясын айыптаған.

Алдымен ХАМАС кепілдегі 50 адамды, оның ішінде 30 бала мен 320 әйелді осы аптаның бейсенбісінде босататын болды. Құр босатпайды екен. Ол үшін Израиль өз түрмелерінде жатқан 150 палестиналықты қайтаруға келісті. Жалпы, Израиль Газаға жарық, су, жанармай беруге де келісіп отыр. Бірақ кепілдегі адамдардың түгел қайтарғанға дейін Израиль әскері Газадан шығарылмайды және ХАМАС-тың ошақтарын атқылауды жалғастыра береді.

Көріп отырғанымыздай, мұндай жағдайды созбай, соғысты тезірек тоқтату мақсатындағы жұмыстар жан-жақты жүріп жатыр. Бір жағынан араб елдері мен АҚШ қозғалса, екінші жағынан Түркия, Қытай және Ресей де сырт қалмай, атсалысуда. Соған қарағанда, соғыс көпке созылмайтын болар. Әрине, ХАМАС ұйымының қапелімде басып кіріп, қырғын салғанын ешбір ел дұрыс көрмейді. Мұны террор деп айыптайды. Сол сияқты, Израильдің Газа аймағын жермен жексен еткенін де құптап отырған ешкім жоқ. Тіпті АҚШ президенті өзінің мақаласында Израильдің кейбір ірі шенеуніктері мен әскерилеріне бұл үшін санкция салынатынын айтты.  

Ал Израильде ХАМАС-тың тұтқынында қалған кепілдегілерді қабылдап, бірінші кезекте медициналық көмек көрсету үшін ауруханаларда жеке-жеке орын дайындап қойыпты. Яғни олар өз отандастарын тағатсыздана күтіп отыр.

Газа аймағындағы қазіргі ахуалға келсек, Израильдің соққылары басталғаннан бері қаза тапқандардың саны 13,3 мыңнан асқан, 31 мыңнан астам адам жараланған.

Соғыс тоқтар, бірақ ХАМАС ұйымының тірі қалғандары ол маңнан кетуі және Палестинаның Газа аймағы заңды басқаруға берілетін болса керек. Яғни Палестина автономиясының толық бақылауына өтеді. Ал түбінде Палестина жеке мемлекет болып шаңырақ көтереді, Израильмен тату көршіге айналады деп жатыр.

АҚШ түшкірсе, Ресей тұмаурата ма: Жаңа санкциялар қандай? «Ота кезінде көп қан кеткен»: Семейлік ана 13 жасар ұлының өліміне дәрігерлерді кінәлайды Украина мен НАТО шұғыл кеңес өткізеді «Балғамен ұрып өлтірмек болды»: ер адам әйелінің жұмысына келіп, оны ұрып өлтірмек болған (ВИДЕО) Мұнайшылар ереуілі: Жұмыскерлерге қысым көрсетіліп жатқаны рас па? Жаңа жылда 4 қаңтарға дейін демалыс болмақ eGov қосымшасы арқылы қазақстандықтардың несие тарихы қадағаланады Елімізде банан емес, адам саудасы «қызып» тұр Журналист Гүлмира Әбіқай елден ақша жинайтын тағы бір қайырымдылық қорының былығын ашты Бокстан Азия чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды? Нұрбике Нұрқаділова өмірден өтті: Заманбек Нұрқаділовтің бірінші жары соңғы сұхбатында қандай шындықты айтып кетті? Майқайыңдағы масқара: Ағасы мен қарындасы зорланған «Зорлады» деп жалған арыз жазатын нәзік жандылар азаймай тұр «Бейбітшілікті қалайтындарға түкіргені бар»: Зеленский Путиннің мәлімдемесіне жауап қатты Путин Украинаға атқылаған «Орешник» зымыраны сәтті сыналғанына сүйінші сұрады Украинадағы жағдай ушықты: Бектенов шұғыл жиын өткізді «Еліміздің барлық аймағында дерлік күн бұзылады»: 22 қарашаға арналған ауа райы болжамы жарияланды Желіде Перизат Қайраттың жалған сұхбаты тарады Ұлттық ұлан факультетінде ғылыми-теориялық конференция өтті «Әр баланың өз бөлмесі бар»: Блогер Дархан Жолшыбеков көпбалалы әйелге үй сыйлады