"Студенттердің тұратын жерінің жоқтығында": Хостелдің өртке дейінгі суреттері тарады

30.11.2023, 10:10
1174
"Студенттердің тұратын жерінің жоқтығында": Хостелдің өртке дейінгі суреттері тарады Kazinform

Алматыдағы “Almaty Hostel”-де өрт болып, 13 адам мерт болды. Аталмыш хостелде тұрған оқиға куәгері мән-жайды айтып берді. Бұл туралы stan.kz хабарлап отыр.

Аймұрат хостелде 2 айдан астам уақыт тұрады екен. Көз жұмғандардың ішінде оның достары бар. Сөзінше, мұнда тиісті талаптар сақталмаған.

"Барлығы ашық-шашық жатады. Розеткалар ашық. Талаптар сақталмаған. Көз жұмғандардың арасында достарым да бар. Көбі студенттер, жұмыс істейтіндер де бар. Шетелдіктер арасында Алжир, Үндістаннан келген студенттер. Балалар оқу оқитын, даяшы боп жұмыс істейтін. Мен бірінші қабатта тұрдым, оянсам, ештеңе көрінбейді. Ал жертөледе жағдай одан да жаман болды. Сондықтан шыға алмаған сияқты", – деді ол.

Хостел тұрғындарын басқа орынға ауыстырып жатыр. Қолдарына жүктерін көтергендердің басым бөлігі жастар. Арасында ересектер де бар.

"Әйелім қазір мәйіттерді тануға кетті. Электр жүйесімен мәселелер болғаны рас. Мәйіттерді алып шығарғанда да көмектестім. Қазір басқа орынға апара жатыр. Басқа ештеңе айта алмаймын", – деді Владимир есімді хостел тұрғыны.

Tengrinews.kz сайтының мәліметінше, желіде өртке дейінгі қонақүйдің суреттері тарап жатыр.

Суретке қарағанда, бөлмелерде екі қабатты кереуеттер болған.

«13 адам қайтыс болды. Суреттерге қараңыз, адамдар қандай жағдайда өмір сүрген: дәлізде төсек-орындар, төсектер төбеге дейін тиіп тұр. Тіпті терезелер де жоқ», «Әрине, түтіннен жол табу мүмкін емес», «Қайтыс болғандарға обал. Мұндай орындарда жедел түрде тексеру жұмыстары жүргізілуі керек», «Мәселе хостелде ғана емес, студенттердің тұратын жерінің жоқтығында» деп жазады қолданба қолданушылары.

Бұған дейін Алматыда хостелдегі өрттің салдарынан 13 адам мерт болғаны айтылды. Өрттен кейін республикалық комиссия құрылды.Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов бірінші рейспен Алматыға келеді.

 

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды