Госдума депутаты Қазақстанды Ресейдің қанжығасына байлаудан дәмелі

14.12.2023, 10:21
494
Госдума депутаты Қазақстанды Ресейдің қанжығасына байлаудан дәмелі smartnews.kz

Ресей Госдумасының депутаттары арасында өз мемлекетін қисық жолға итермелеушілер, көрер көзге көршілес елдердің құқығына қол сұғуға тырысушылар бар деп айтпасқа ешбір лаж жоқ. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Депутаттар көрші елдердің тәуелсіздігіне нұқсан келтіретін сөздерді араға белгілі бір уақыт салып, жоспарлы түрде шығарып отырады. Әрине, Кремль билігі депутаттардың қитұрқы сөздерін құлаққа ілмегендей кейіп танытады. Кремль билігі мен әлгіндей бұзық депутаттардың ымы-жымы бір ме екен, сөйтіп астыртын саяси ойын жүргізіп отырады ма екен деп күмәнданбасқа тағы лаж жоқ. Мұндай ахуалдың қай жерге дейін барарын кім білсін. 

Кезекті құйтырқы сөз бұл жолы тағы да Госдуманың депутаты Евгений Федоров дегеннен шықты. Бұл адам КСРО-ның бұрынғы республикалары КСРО құрамынан әлі заңды түрде шыққан жоқ, шыққанға дейін Ресейдің қанжығасында болуы тиіс деуден шаршамайды екен.

Қазақстан жайлы жағымсыз сөзді бұрын да айтқан еді. Евгений Федоров Қазақстанға қатысты арандатушы сөздерді айтумен аты шыққан ресейлік депутат. Ол ұзақ уақыт бойы «Қазақстан жерінің басым бөлігі Ресейге тиесілі» дегенді айтумен келеді. Ал бірер күн бұрын тағы бой көрсетіп, Газета.Ru басылымының сайтына берген сұхбатында тәуелсіздігімізді шектеу туралы айтты. Мұнысы Қазақстанға қарсы арандату мақсатындағы мәлімдеме. Федоров Қазақстанның НАТО құрамына енуіне мүлде болмайды, қазақстандықтардың ресейге қарсы ұйымдарға, құрылымдарға мүше болуына жол беру мүмкін емес деген сыңайда әңгіме айтты. Оның айтқанын сөзбе-сөз келтірсек, былай дейді:  

«Қазақстан КСРО құрамынан заңдық процедуралар негізінде шыққан жоқ. Бұл заңды факт. Демек заң тұрғысынан алып қарасақ, Қазақстанды заңсыз аймақ деп қарастыруға негіз болады. Қазақ КСР-інің өзі мемлекет ішіндегі мемлекет еді. Оның статусы мен айтарлықтай жоғары құзыреті де болған жоқ. Мен Ресей халықаралық құқық негізінде аумақтық тұтастық позициясына оралып, тәуелсіз Қазақстанмен халықаралық құқық талап ететіндей бірқатар геосаяси шектеулер негізінде қатынас орнатуы тиіс деп санаймын. Менің ойымша олардың мемлекет құру құқығы бар. Бірақ қандай шектеулер болуы керек? Мысалы НАТО-ға кірмеу, антиресейлік әскери құрылымдарға мүше болмау сынды шектеулер болуы қажет».

Мұны біздің мемлекеттігіміз бен тәуелсіздігімізге және құқығымызға қол сұғу деп қарастыруға болады. Сондықтан Ресей депутатының мұндай сөзі қазақстандықтардың ешбіріне жақпайды. Федоровтың мәлімдемесіне қатысты Парламент Мәжілісінің депутаты Марат Бәшімов қатты-қатты пікір білдірді.

«Әріптестер, ресейлік Дума депутатының Қазақстанға қатысты айтқан жағымсыз пікірін тыңдау әдетке айналды. Біздің тәуелсіздігіміз бен территориялық тұтастығымызға қатысты провокациялық, жалған пікір білдіруімен танылған депутат Федоров осы жолы да дәлелсіз хайп жасап отыр», – деді депутат Бәшімов. 

Федоров Қазақстан территориясы заңды түрде бекітілмегендігі туралы айтқан. Ол Қазақстан тәуелсіздігін алғанда халықаралық нормаларды сақтамады деген. Ал қазақстандық депутат Марат Бәшімов ресейлік депутат дәлелдерді бұрмалаған деген пікірде. 

«Интеллектісі 13 жасар баламен тең адамның пікіріне жауап беру қиын, әрине. Бірақ мен қолдан келгенше тырысып көремін. Федоровтың сөзі тарихқа қарама-қайшы. Ол дәлелдерді бұрмалап, КСРО-ның ыдырау процессі туралы әдейі айтпай отыр», – дейді Бәшімов.

Біздің депутатымыз Тәуелсіздік туралы декларация жарияланған күннен бастап Қазақстан Біріккен Ұлттар Ұйымының жарғысын ұстанатын және негізгі халықаралық ұйымдардың мүшесіне айналған күшті және тәуелсіз мемлекет құрғанын алға тартты. Ол біздің еліміз барлық көршілермен шекараны мұқият бөлгенін жеткізді.

«Бізде кеңестік өткеніміз туралы құлдық сана жоқ, біз тәуелсіздік алып, халықаралық деңгейде танылдық. Мен ресейлік әріптестерімді мұндай өте нәзік саяси мәселе жайлы сөз қозғамас бұрын ойлануға шақырамын. Бұрынғы ортақ кеңестің өткені туралы естеліктеріңіз тек тарих кітаптарында ғана қалды, - деп түйіндеген депутат Марат Башимов.

Евгений Федоров республикалардың КСРО құрамынан заңсыз шыққанын айтады, бірақ сол кезде Ресейдің де сол КСРО құрамынан шаққанын айтпайды. Биылғы сәуір айында Арменияның КСРО-дан шығуын да заңсыз деп жар салған. Тіпті ол:

«Армения КСРО-дан шыққан жоқ, демек, кеңес мемлекетінің ізбасары – Ресейден де шыққан жоқ. Сол себептен Мәскеу мен Ереван бұдан арғы қатынастарын осы статусқа байланысты қайта құрулары керек… Бұл даулы территория», – деп көлгірсіді.

Ал 2022 жылдың маусымында Федоров «КСРО Мемлекеттік кеңесінің  1991 жылғы ГС-1 нөмірлі «Литва Республикасының тәуелсіздігін мойындау туралы» Қаулысының күшін жою туралы» заң жобасын әзірлеп, Госдумаға өткізді. Мұндай заң жобасын Госдума төрағасы мен сол Госдуманың Халықаралық істер жөніндегі комитеті мақұлдап, сессияда қарауға енгізді. Жалпы бұл депутат Ресейге КСРО-ның бұрынғы республикаларының бәрімен соғысуына тура келеді деп те ашықауыздық танытты. Бүгінде оған 27 елдің санкциясы салынған.

Атыраудағы 4 жасар баланың өлімі: Балабақша директоры мен тәрбиешінің бас бостандығы шектелді «Барлық бала ана үшін бірдей»: Гүлзира Айдарбекова еш жерде көрсетпеген отбасылық фотоларды жариялады 74 жастағы ақсақал қауіпті трюктер жасап, көпшілікті таңғалдырып жүр (ВИДЕО) «11 жасымда мешітке барып, намаз оқыдым»: Әнші Луина балалық шағынан сыр шертті Апелляциялық сот 3 жасар қызды мүгедек қылды деген Ақтөбе ауруханасын ақтап жіберді Танымал виолончелист Болат Тыныбеков мезгілсіз өмірден өтті Абай университеті Гонконг Қытай университетімен ынтымақтастықты нығайтуда «Маған тым қатал болды»: Жазира Байырбекова енесі өмір бойы әкімдікте еден жуғанын айтты Атыраудағы мал сою цехінде 18 жастағы өзбек жұмысшыдан қауіпті дерт анықталды Қорғаныс қамы: Төңіректің тынысы және Астананың жойғыш ұшақтар жаттығуы «Ата-анасы зорланғанын білсе де, көмектеспеген»: ағайынды ұл-қыздың зорлануына қатысты сұмдық жайттар белгілі болды «Қалыңдық party өткіздік»: Айгүл Иманбаева құрбыларының тосынсыйын көрсетті (ВИДЕО) Сары уайымға салынған салымшылар: ММ Group басшысы не дейді? Баян Алагөзова: «Кішкентайларды міндетті түрде қазақ мектебіне беремін» Қандастарымыздың басым бөлігі Қытай елінен оралған Олигарх Тимур Құлыбаев бас прокуратураны сотқа берді Трамп жынысын ауыстырғандарды әскер қатарынан қуып жатыр Кеше Ақтөбедегі әскери бөлімде қайтыс болған сарбаздың анасы үндеу жасады (ВИДЕО) «Қалаулымға» қатысып танымал болған қазақ файтері қырғыз қарсыласынан оңбай жеңілді (ВИДЕО) АҚШ-тан елге пошта арқылы есірткі жеткізіп отырған астаналықтар 18 жылға сотталды