Әлі жас Садыр Жапаров қырғыз елін пұшпаққа шығара ма

14.12.2023, 14:59
477
Әлі жас Садыр Жапаров қырғыз елін пұшпаққа шығара ма canva.com

Соңғы бір апта бойы Қырғызстанның базарларында айқай-шу болды. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Қырғыз ағайындар табиғатында сергек халық екені рас. Көңіліне жақпаған нәрсеге шыдап, қарап отыра алмайтын ел. Сондықтан да болар, көршімізге басшы құтаймай келеді. Билеушісі сәл сыр берсе халқы тайлы-тұяғына дейін атойлап шыға келеді де төңкеріп салады. Ал бұл демократияның анық көрінісі екенінде дау жоқ. Қырғыздар әлемге осынысымен де сыйлы. Қырғызстанның базарларында шу болуда. Жер-жерде адамдар митингіге шығып жатты. Әдетте базар сатушылары кәдімгі патентпен жұмыс істейді. Оның салық төлеу механизмі жеңіл әрі төлейтін сомасы көп емес болса керек. Ал ел билігі патенттік жүйені тоқтатып, орнына бақылау-кассалық аппарат орнату жүйесін енгізіп жатыр. Бұған сатушылар қарсы. Базар саудасы қырғыз халқының тіршілігінің үлкен бөлігін қамтитынын ескерсек, мұнда көп адам жұмыс істейді. Қырғызстанда халықтың наразылығынан қауіпті нәрсе жоқ. Сондықтан болар, президент Садыр Жапаровтың өзі үлкен сауда орындарының бірі «Дордой» базарына барып, халықтың үнін тыңдауына тура келді. Әрі 6-желтоқсанда Садыр Жапаров 55 жасқа толып отыр екен. Сол себепті Қырғызстандағы бүгінгі ахуалды айта отырып, Садыр Жапаров жайлы да сөз ете кеткенді жөн көріп отырмыз.  

29-қарашадан бері Қырғызстанның әр жерінде митингілер өтіп жатыр. Елдің әр қиырындағы «Дордой», «Орто-Сай», «Мадина», «Аламүдін», «Таатан», «Әзиза», «Шынар», «Қара-су» базарларының сатушылары сол базарлардың маңында немесе қалалардың орайы келген алаңшаларында митинг өткізді. Бішкектің түбіндегі бір ғана «Дордой» базарын алып қарасақ, мұнда кемінде 30 мың адам сауда жасайды екен. Бұл базарды жалпы Орталық Азиядағы ең үлкен базар деп жатады.

Митинг өткізіп жатқан сатушылардың талабы – патент жүйесін қалдыру , ал төлемдер үшін бақылау-кассалық аппараттарды пайдалану міндеттемесін алып тастау. Қырғызстан президенті Садыр Жапаров «Дордой» базарына барып, ондағы сатушылармен кездесті. Сатушылар өздерінің ақшаны күреп тауып жатпағанын, сондықтан бақылау-кассалық аппарат жүйесін орнату туралы шешімді қайта қарау керектігін жеткізді. Садыр Жапаров халыққа бұл шараның не үшін енгізіліп жатқанын түсіндірді. Оның сөзінше, патенттік жүйе жағдайында салық төлемдерінің бір бөлігі қазынаға жетпей, орта жолда қолды болып жатады. Яғни мұнда жемқорлық көп. Патент алу үшін сатушылар салық органдарына ақша төлейді. Оның бәрі салық шенеуніктерінің қалтасына кетеді. Салық органдарының қызметкерлері арасында салық түсімін ұрлау, тіпті өлген адамның атындағы салық өтемін жүргізіп отырып өздері иемдену сияқты қылмыстар аз емес. Қырғызстан президенті бақылау-кассалық аппарат жүйесін ірі саудагерлерге, яғни тауарды көтере саудамен босататындарға, бірнеше контейнерді иемденіп, оларды айына 3-5 мың долларға жалға беріп отырған меншік иелеріне енгізу көзделгенін айтты. Бұған дейін елдегі ірі жемқорлықты тізгіндеудің себебінен бюджет түсімі едәуір артқанына, соның арқасында жәрдемақылар мен зейнетақы, жалақы көбейгеніне тоқталды. Енді базарларда тәртіп орнату керек, салықтың бюджетке тікелей түсуіне жағдай жасалатынын және мұның өзгеге емес, халыққа керек шара екенін түсіндірді. «Сәл бірдеңе болса дереу митингіге шығасыздар. Ал сіздерді пайдаланып, революция жағысы келетін  топтар бар. Керісінше, сіздер бізге көмекші болыңыздар. Жол, мектеп сұрайсыздар. Оны салу үшін салықта туралық болуы керек, бюджет түсімін жақсартуымыз қажет», – деді Садыр Жапаров. Ол халық алдында ештеңені бүкпей, жалтақтамай, барды бар, жоқты жоқ деп тура сөйледі. Тіпті өзі қолындағы микрофонын сатушылардың аузына тақап, табан астында сұхбат алды. Ақша айналымында қанша қаражаты барын, қанша шығын шығарып, қанша табыс табатынын сұрады. Оған жауап берді. Арасында жауабын толық бере алмай қалған бір әйел қайта айналып соғып, сөйлеп тұрған президенттің қолындағы микрофонға қол созды. Президент оған микрофонды берді. Қызық көрініс. Нағыз ашықтық, еркіндік.

Не керек, Садыр Жапаров базарлардағы патент жүйесін 2024 жылдың шілдесіне дейін қалдыратын болды.

«Оған дейін үкіметпен және салық саласының басшыларымен ақылдасамын, біз бәрібір бақылау-кассалық аппарат жүйесін енгізуге барамыз», – деді Қырғызстан президенті. 

Осы кездесуден кейін Қырғызстанның «Кабар» ақпарат агенттігі Садыр Жапаровтан сұхбат алған. Мұнда президент адамдарды митингіге итермелеп жатқан күштердің барын айтқан. Арнайы қызметте адамдарға митингіге шығу үшін ақша төленгені жайлы мәлімет бар екен. Президент жағдай осылай кете берсе, бұл проблеманы тез шешетінін айтады. Базарларды тікелей үкіметтің басқаруына өткізіп, ревизия жасаса мәселе бірден шешіледі дейді ол. Бірақ президент ешкімді қудалағысы келмейді.

«Егер қаза түссек, мүлік, қаржы туралы деректің бәрі шыға келеді. Сонда осының бәріне төлеулеріне тура келеді. Мен оған дейін жеткізгім келмейді. Әзірге күштік құрылымдарды тоқтатып отырмын. Олар да біздің азаматтарымыз ғой. Оларға да мүмкіндік беруіміз керек», – дейді Садыр Жапаров. 

Ал енді Садыр Жапаровтың жеке басына келсек, президент ретінде жаман емес деушілер көп. Ғайыптан бір төтенше күштер кедергі жасамаса, билікті ұстап тұра тұрғаны дұрыс шығар. Елінде шамасы келгенше тәртіп орнатуға тырысып жатыр. Жемқорлықты тізгіндеп, мемлекеттің қазынасын арттыруға, сыртқа тәуелді болмауға күш салуда. Халық алдында туар сөйлейтіні байқалады. Өзі жас та емес, жасамыс та емес, нағыз бабындағы жасында. Екі күн бұрын 55 жасқа толды. Туған күніне орай да, басқа себеппен де шенеуніктер тарапынан өзіне қандай да бір сыйлық берілуіне тыйым салды. Халықтың тілін тауып, елінің гүлденуіне жол ашса неге президент болып әлі бірталай жыл отырмасқа. Келгені кеше ғана.

Садыр Жапаров билікке о баста оппозициядан келді. Қудаланған, төрт жылдай шетте жүріп, қайта оралған кездері де болды. Жасында дене шынықтыру институтын бітірді, кейінірегінде заңгер мамандығын алды. Өмірбаянында әр кезде колхоз жұмысшысы, ұжымдық шаруашылық басшысы, мұнай компаниясының директоры, полицей, шаруа қожалығы төрағасының орынбасары сынды жұмыстарды атқарғаны көрсетілген. Сол кезеңдерде саясатқа араласқан болса керек, себебі 2005-ші жылы және 2010-шы жылы парламент депутаттығына сайланған. Президент Құрманбек Бакиевтің кеңесшісі қызметін атқарды, бірқатар мемлекеттік комиссиялардың құрамында болды. Ол, сондай-ақ, Қырғызстанның жемқорлықтың алдын алу жөніндегі Ұлттық агенттігінің комиссары, Мемлекеттік кадрлық қызмет жанындағы жемқорлықтың алдын алу жөніндегі агенттіктің директоры болған.

2012 жылы «Құмтөр» алтын кенішін мемлекетке қайтару үшін үлкен митингті ұйымдастырушы негізгі үш адамның бірі болды. Сол себепті қамалып, 1,5 жылға сотталды. Содан кейін елден кеткен еді. 2017 жылы еліне оралғанында қайтадан қамауға алынып, 11 жыл, 6 айға сотталды. Оған кепілге адам алу, бұзақылық жасау және билік өкіліне күш қолдану сынды айыптар тағылған еді. Ал 2020 жылы Қырғызстанда оппозицияның жаппай қарсылық акциясы өтті. Себебі оппозиция парламент сайлауының қорытындысына қарсылық акциясына шыққан. Сол акцияның кезінде жақтастары Садыр Жапаровты қамаудан босатып алған. 2020 жылдың қарашасында Құрманбек Бакиев орынан тайдырылды. Ал премьер-министр Садыр Жапаров президент міндетін уақытша үш ай атқарды. Содан кейін 2021 жылдың қаңтарында өткен президент сайлауында жеңіске жетті. Бүгінде ол отбасылы, үш баланың әкесі.

Анамды жұмыс істеткізбеймін, бар жағдайын жасадым – Әбиба Әбужақынова Қайрат Боранбаев Қазақстанға әкелген футболшы Украинада опасыздық жасады деп айыпталды Таразда прокуратура қызметкері алаяқтық жасады деген күдікпен ұсталды 2-ақ адам қалған: Солтүстікте жыл соңына дейін 45 ауыл картадан жойылатыны белгілі болды «45 тәулікке қамалады»: Әйелі мен балаларын ұрып-соққан ақтөбелік жеңіл жазамен құтылды Екібастұзда 9-сынып оқушысы жоғалып кетті Тағы бір мерзімді әскери қызметші Ақтөбеде қайтыс болды Бақыт Сәрсекбаевтың әкесі қайтыс болды Әкем сырт көзге суық көрінгенімен жүрегі өте жұмсақ болды – Мұстафа Өзтүріктің үлкен қызы Прагада өткен Димаштың концертінде 9 жасар қыз тыңдармандарды тәнті қылды Қазақстанда бір күнде үш рет жер сілкінісі тіркелді Бүгін еліміздің 4 өңірінде ауа сапасы нашарлайды «Дауылды ескерту!»: 24 қарашаға арналған ауа райы болжамы жарияланды Баян Мақсатқызы кішкентай екі қызымен Дубайға демалысқа аттанды (ФОТО, ВИДЕО) «Шөмішбай Сариев үйімізге жиі келетін»: Жұлдыз Әбдікәрімова еске алу кешіне арнайы шақыртумен келген (ВИДЕО) «Қуырдақты былқылдатып, әңгімеміз жарасатын қыздарыма ысқырдым»: Қарақат Әбілдина өнердегі құрбыларын қонақ қылды (ФОТО) «Шақыртуды үйімнің төріне қоямын»: Заттыбек Көпболсынұлы «Ақмаржан» хитінің авторына құрмет көрсетті (ВИДЕО) «Қой сойып, шығарып салдым»: актер Шәріп Серік тағдыры ауыр кейіпкерді сомдаған соң психологиялық ауытқу сезіне бастаған (ВИДЕО) «Қажылыққа апаруды армандап едім»: танымал блогер Дамеля ата-анасымен кіші қажылыққа барды (ФОТО) «Енелер келінін суреті арқылы дуалайды»: алматылық емші сұмдық тапсырыстары туралы айтты