Қытымыр аязда құтқарушылар талай адамды аман алып қалды

14.12.2023, 17:51
610
Қытымыр аязда құтқарушылар талай адамды аман алып қалды ҚР ТЖМ

Ауа райы суытады, аяз 40 градусқа дейін барады деп хабарланғаннан кейін төтенше жағдайлар қызметкерлері түрлі жағдайларға дайын болудың қамына кіріскен. Содан бергі бір аптадай уақыттың ішінде бақытсыздыққа ұшырауы мүмкін жағдайдағы бірталай адамды құтқарды.

Smartnews.kz сайтының хабарлауынша, Төтенше жағдайлар министрлігі мен оның жергілікті құрылымдарының құтқарушылары аязды күні жолда қалғандарды және үйлерінен өрт шыққан адамдарды аман алып қалды. Алдарына бір-бір отар қой айдап шыққан Алматы облысының екі шопаны қарлы боранға тап болып жоғалып кеткен еді. Екеуі екі бөлек бағыттағы қос шопан адасып, Жамбыл облысының аумағына өтіп кеткен екен. Шартарапты сүзіп іздеген құтқарушылар екеуін көп ұзамай екі шопанды тапты. Іздестіру жұмыстары қатты жел, қарлы боран және аяз кезінде өтті. Малдары да, өздері де аман қалды. Шопанның алдындағы малымен қоса жоғалып табылған жағдайы Түркістан облысында да болды. 

Ақтөбе-Астрахань тас жолының әр жерінде төрт жүргізуші ажалдан аман қалды. Олардың жүк көліктері бұзылып, боран мен аязда жолда қалған болатын. Құтқарылған жүргізушілердің екеуі Қырғызстан азаматтары болып шықты. Маңғыстау облысының Қарақия ауданының елсіз жерінде қарға көміліп қалған автокөліктен жеті адам құтқарылды, оның ішінде бесеуі жас бала. Астанадағы тұрғын үйлердің бірінің жертөлесінен шыққан өрт кабельдің шахта арқылы әп сәтте тоғызыншы  қабатқа дейін тараған және пәтерлерге өткен. Өрт сөндірушілер жанып тұрғын үйден  17 адамды, оның ішінде 8 жас баланы аман алып қалды. Осыған ұқсас жағдай Алматыда да болып, ол жақта 5 адам өрттен құтқарылды. Жамбыл облысында да құтқарушылар өрт кездерінде 16 адамның өмірін сақтап қалды. Көкшетау қаласында бірден екі өрт сөндірілді. Өрттің бірі металл контейнерде, ал екіншісі тұрғын үйде болды. Төтенше жағдайлар министрлігінің құрылымдары аяз қысқан бір тәуліктің өзінде 311 рет құтқаруға шығып, 147 адамның, оның ішінде 13 баланың өмірін сақтап қалды.

Аязды күнде адамдарды үсік шалған оқиғалар да болды. Мысалы, бір ғана Павлодар облысында өткен демалыс күндері жедел жәрдем қызметін бес рет ана жер-мына жерін үсіріп алған адамдар шақырған. Арасында 9 жасар баланың саусақтары үсіп қалған жағдайы да бар. Екібастұзда 3 адам үсікке шалдыққан. Аяқтары мен қолдары үскен олар ауруханаға жеткізілген. Жедел жәрдем қызметінің мамандары адамдар көбіне аязда мас күйінде жүріп, құлағын, мұрнын, қолын немесе аяғын үсіріп алғанын байқамай қалады екен. Өйткені ішімдіктен кейін дененің жүйке реакциясы төмендейді және адам аяқ-қолы мен бас-құлағының  үсіп қалғанын байқамауы мүмкін. Маман-дәрігерлер аяз күндері алыс жолға шықпауға, ашық далада ұзақ жүрмеуге кеңес береді.

Әдетте қысы жаймашуақ деген Түркістан облысының өзінде қар жауып, аяз  қаһарына мінді.  Өңірдегі жолдарда қар құрсауында қалған мыңға жуық адам құтқарылды. Адамдар жылу бекеттеріне орналастырылып, ыстық тамақпен қамтамасыз етілді. Республикалық маңызы бар автожолда 3 жылыту пункті дайындалды. Қазіргі таңда департаментте штаб құрылып жедел желі жұмыс істеп жатыр Боран мен қатты аяздан Түркістан облысындағы 9 облыстық, 1 республикалық маңызы бар автомобиль жолы жабылды.

Аязды күндері талай шағынаудандар мен елді мекендерде жарық сөнді, үй-жайларға жылу бармай қылды. Мұндай жағдайдың тұрғындар үшін өте ауыр болатыны белгілі. Мысалы, Бурабай кентінде тұрғындар үйлерінің ішінде тоңып қалды. Көмекке мұқтаж жалғызілікті жандарға жәрдем беріп жүрген әлеуметтік қызметкерлер Бурабайда 94 жастағы тыл ардагері үйінде отырып суыққа қатып қала жаздағанын айтқан. Қарияға дер кезінде көмек берілген болса керек. Өте қауіпті жағдай. Қария қараусыз қалса суыққа үсіп көз жұмуы әбден мүмкін еді. Әлеуметтік қызметкерлер ол қарияға тамақ апарып тұрады екен. Барғанында суыққа бүрсеңдеп, қиналып отырғанының үстінен түскен. Бурабайдағы жылу қазандығының қуаты тұрғын үйлерге жетпейтін көрінеді. Үйіміз суық деп шағымданған тұрғындарға жылудың қазандықтан шығып тұрған жері 68 градус ыстық деп көрсететін көрінеді. Ал ары қарай тарам-тарам бағытқа кеткен жылу халыққа жетпесе керек. Қазандықтың қуаты төмен, жылуды жеріне жеткізе тарата алмайтын болар. Басшылардың қосымша істейтін тағы бір қазандық аламыз деп жүргеніне аттай үш жыл өткені айтылып жатыр. Жылу мен жарықтан қағылған тағы басқа елді мекендер баршылық. Жалпы, еліміздегі қоммуналдық қызмет инфрақұрылымдарының көбінің тозығы жеткені тағы бар. Ауыстыруға жататын, ондаған жылдардан бері өзінің міндетін әлдеқашан атқарып қойған инженерлік коммуникациялар қашанға дейін мінсіз істеп тұрсын. Шетінен апатқа ұшырып жатқаны да тозығы жеткенінен болса керек.

«Назарбаев ұлтшыл жігіттерді биліктен алыстатты» – Санжар Керімбай «Көріпкелдің арқасында»: Ұлықпан Жолдасов неліктен шашын қысқартпайтынын түсіндірді Жамбылда екі мектеп оқушысын көлік қағып кетті (ВИДЕО) «Жастарым да «көгілдір»»: Ринат Зайытов мәдениет саласындағы марапат алғандарды сынады Әлішер Каримов президенттің қолынан Халық әртісі атағын алды (ФОТО) «Сондай жағдай болып қалды»: Сотталушы Шерзат Болаттың отбасынан кешірім сұрады Сотта Шерзат Болаттың мәйітінің суреті көрсетілді Сәтбаев университетінің заңсыз сатылған жатақханасы қайтарылды «Шерзатқа пышақты мен салдым» деген едіңіз»: Абзал Шынасыл тағылған айыпты жартылай мойындап отыр «Кезби» мұнай компаниясының басшысы Ержан Кезбаев 3 млрд теңге ақша жымқырғаны үшін сотталды Кісі өлтірді деп айыпталған Абзал Шынасылдың сөздері күмән тудырып жатыр 52 жастағы әйелге найзағай түсіп қаза болды «Анам жылап жіберді»: әнші Бүркіт төртінші сәбиін перзентханадан ерекше қарсы алды (ВИДЕО) Психдиспансерде есепте тұрған ер адам полицейдің мойнын орып жіберген «4 ай жоспарлаған»: Көкшетауда 23 жастағы күдікті бастықтың ұрысқанын көтере алмай оны өлтіріп кеткен Мысыр әуежайында көз жұмған Ақмарал Мұқанованың денесі елге жеткізілмек «Шерзатты ұрған жоқпын, өзі шалынып қалды»: Абзал Шынасыл кімді пышақтағанын айтты Сирияны қайта аяққа тұрғызу үшін барлық санкциялар алынып тасталды Magnum дүкендерінде рейд жүргізіп, ақша бопсалаған блогер сотталып кетті «Найзағай мен бұршақ»: Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды