Жетібай жұртына ешкім құлақ аспады, сұрағанын заңсыз талап деді

22.12.2023, 11:02
1147
Жетібай жұртына ешкім құлақ аспады, сұрағанын заңсыз талап деді ernur.kz

Маңғыстау облысының Қарақия ауданына қарасты Жетібай елді мекенінде мұнайшылар бірнеше талап қойып, ол талаптары орындалғанша тарқамаймыз деп ашық далада тұрғандарына дүйсенбі күні 8 күн болған. Күннің суығына қарамай 500-дей мұнайшы табандылық танытып далада тұрды. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Таратылып жатқан ақпараттарға қарағанда, талап қойып шыққан мұнайшыларға барып жатқан не жергілікті әкімдік қызметкерлері, не жоғары жақтың адамдары жоқ сияқты. 

Мұнайшылар сол маңдағы West oil Software деген компанияда жұмыс істейді. Олардың наразылық білдіріп көшеге шығуларына бірнеше себеп болған екен. Жетібай елді мекенінің тұрғындары 2018 жылға дейін ҚазМұнайГаздың құрамына кіретін компанияда жұмыс істеген. Істеген компаниялары ҚазМұнайГаздың  біріңғай еңбекақы төлем жүйесінде болған. Кейін бұл компания ҚазМұнайГаздың құрамынан шығып, жекешелендірілген. Сондықтан Жетібай мұнайшыларының бірінші талабы – өздері жұмыс істеп жүрген West oil Software жеке компаниясын қайтадан ҚазМұнайГаздың балансына өткізу. Яғни ҚазМұнайГаздың осы күнгі мердігері Oil Transport corporation компаниясына қосу. Екінші талабы – компанияға ҚазМұнайГаздың бірыңғай төлем жүйесін енгізу. Үшінші талабы – өздері істеп жүрген компанияның материалдық-техникалық базасын жаңарту.

Наразылық білдіріп, өз талаптарын қойып отырған мұнайшылар көшеге бейбіт түрде шыққан, ешбір артық әрекет жасап жатқан жоқ. Бірақ елді мекенге арнайы қызмет жасағы апарылыпты. Арнайы қызмет жасағын ауылдың мәдениет үйіне жайғастырыпты. Соңғы күндері полицейлердің де қарасы көбейген деп жатыр. Мұнайшылар далада тұрғанда олардың кейбірін басшылары жұмыстан шығарды деген ақпарат жүр.

Ал Жаңаөзеннің мұнайшылары Жетібайдың мұнайшыларына қолдау көрсетіп, олардың сапына барып тұрды. Сырттан арандату не басқа келеңсіз әрекеттер жасалған жоқ. Мұнайшылар өздерінің талаптарын қойып тұрған қалпынан өзгерген жоқ. Арнайы қызмет мәдениет үйінде жатыр. Суық күнде наразылық акциясына шығып, далада тұрған мұнайшылардың ыстық-суығына ауылдың тұрғындары барып қолғабыс жасап жатқан болар. Ал биліктің адамдары әлі күнге дейін жоламай жүр екен. Соған қарағанда мұнайшылардың талабы орындалуы қиын нәрсеге ұқсайды.

Таратылып жатқан хабарларда Жетібайдағы жеке компанияда істейтін мұнайшылардың жалақылары мардымсыз, жұмысы ауыр екені айтылады. Мұнайшылар бала-шағасын әрең асырап, айды айға зорға жалғайтын көрінеді.

12-желтоқсанда Қарақия аудандық соты Жетібай мұнайшыларының наразылық акциясын заңсыз деп таныған. Жұмысшылар сот шешіміне келіспейтінін айтқан. Сот шешімі мұнайшылардың  қатысуынсыз шығарылған.

Ал алты күн дегенде әлеуметтік желіде West oil Software компаниясы басшысының ереуілге қатысты бейнемәлімдемесі тарапты. Онда компания директоры Тілеген Қаржаубаев наразылық заңсыз, ал жұмысшылардың талаптары орынсыз деп сөйлеген.

West Oil Software жұмысшыларының талабын Маңғыстаудағы «БозащыТрансҚұрылыс» компаниясы мен мұнай игеруді химияландыру кәсіпорнының жұмысшылары қолдаған. Ал наразылық білдіріп шыққан жұмысшылардың туыстары Жетібай кентіндегі әкімдік алдына жиналып, мұнайшылардың талаптарын орындауды талап еткен.

Не керек, дүйсенбіге қарай West Oil Software компаниясы Жетібайдағы наразы жұмысшылардың талаптары орындалмайтынын мәлімдеді. Компания басшылығы өз мәлімдемесінде жұмысшылардың жалақысы басқа мұнай сервис кәсіпорындарының жалақысынан артық екенін, 2027 жылға дейін жасалған ұзақ мерзімді келісімшарт бойынша өз міндеттемелерін наразылыққа шыққан жұмысшыларсыз да орындай беретінін айтқан. Жұмысшылардың наразылығына байланысты, компания мұнай ұңғымаларына апат қаупі төнетінін, қоршаған ортаға зиян келтірілуі мүмкін екенін, тапсырыс берушіге шығын келтірілетінін алға тартқан.

West Oil Software мұнай-газ кеніштеріне кешенді қызмет көрсететін жауапкершілігі шектеулі серіктестік екен. Негізінен, көлік-логистикалық қызмет көрсетеді. Соның ішінде аса қауіпті сұйықтар мен жүктерді тасымалдайды. Анықтамасында мұнай кеніштеріне көлік және басқа кәсіби қызмет көрсетеді деп келтіріпті.

Жетібайдың мұнайшыларының талабын сот заңсыз деп отыр. Жергілікті атқарушы билік бұл даудан басын алып қашқан, араласқысы келмесе керек. Мұнайшыларды күштік құрылым мен полиция жіті назарда ұстап отыр. Энергетика министрлігі мен «ҚазМұнайГаз» Ұлттық компаниясы Жетібай мұнайшыларының талабы негізсіз, ол орындалмайтын талап дегенге келтірді. Шешілуі қиын күрделі мәселе екен-ау.

Биылғы Тәуелсіздік мерекесі күнінің ол жақ-бұл жағы Жетібайдағы 500-дей  мұнайшының талап қойып, аязды күнде он күннен астам далада тұрғанымен есте қалатын болды. Өкінішті-ақ.

Семейде 12 жастағы баланы бір топ жасөспірім соққыға жықты Әлихан Әскербай Астанада ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды 2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол