Көшербаев Кремльдің жандайшабы Прилепинді «үш әріпке» аттандырды

25.12.2023, 11:41
923
Көшербаев Кремльдің жандайшабы Прилепинді «үш әріпке» аттандырды canva.com

Соңғы уақытта Ресей саясаткерлерінің арасында орыс тілінің аясын өзге елдердің аумағында кеңейту бастамасы белең алып жатыр. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Кремльге жарамсақтығымен белгілі саясаткерлердің кейбірі нақақтан нақақ шала бүлініп, орыс тілін кеңінен енгізу үшін көрші елдерді басып алуға үндеуге көшті. Мұны жұлымырлық немесе есерсоқтық демесе лаж жоқ.

Орыстың бұзық саясаткерлерінің аузына осы күнге дейін Өзбекстан көп іліге бермеуші еді. Олар Қазақстанды жиі сөз етіп, арандататын. Ал кейінгі кезде олар Өзбекстанға да ауыз саула бастады. Жақында ғана Госдуманың Петр Толстой деген депутаты, өзі журналист Ресейде жүрген өзбек мигранттарының табысы есебінен Өзбекстанда орыс мектептерін ашып, өзбектерді орысша оқытайық деп бір бөскені бар. Енді араға бір ай салып, орыста Захар Прилепин деген тағы біреу шықты. Шын аты Евгений дейді. Бақсақ, бұл да Петр Толстойдың ауласынан екен. Захар Прилепинді журналист, жазушы, «Справедливая Россия» партиясының тең төрағасы депті. Бұл партия Госдумада 28 орынға ие деп келтіріпті. Әрі бұл адам Путиннің келесі президент сайлауына түсуін ресми түрде ұсынып жатқан  «Путин командасының» құрамында екен. Луганскіде Ресей құрылымдарының біріне батальон командирінің орынбасары болыпты, оны әскерилер кері қуып жіберген екен. Қазір ол Путиннің арқа сүйеген сенімді саясаткерлерінің бірі ретінде орыс насихатының ісіне де, Путинді кезекті мерзімге тағы сайлау жұмысына да еркін араласады. Өзі Госдуманың депутаты екен. 

Міне, Захар Прилепин деген осы адам Ресейге жұмыс іздеп барған өзбектерге орысшаны Ресейде үйреткеннен гөрі Өзбекстанды толығымен басып алып, орысшаны өз елдерінде оқытайық деген ақымақтың сөзін айтып отыр. Және бұл сөзді жай асхана бөлмесінде шай үстінде есінеп отырып айтқан жоқ, көпшілік алдында  баспасөз мәслихатында айтқан. Баспасөз мәслихатында мәлімдеме формасында айтылғаннан кейін мұндай әңгіменің лезде әлемге тарайтыны белгілі. 
Өте ауыр сөз. Тұтас халықты құрайтын тұтас мемлекетті басып алайық деген сөзді қандай адам айтуы мүмкін? Мұны ол орыс әлемінің насихаты кейпінде айттым деп ойлауы мүмкін. Бірақ саяси салмағы зілдей сөз. Мүмкін Ресейдің билігі әдейі айтқызар, ол жағын кім білсін. Қалай болғанда да Ресейге көрші елдердің  бәрі үшін өте жағымсыз әрі қауіпті мәлімдеме.

Захар Прилепин «Командирлер кеңесі» деген ұйымды басқарады екен. 20-желтоқсанда сол ұйымның баспасөз мәслихатын өткізген. Мұнда сөз болған бірнеше мәселенің ішінде Ресейде жүрген Орталық Азия елдерінің мигранттары жайлы да әңгіме айтылған. Захар Прилепин мынадай мәлімдеме жасаған. 
Захар Прилепин, Ресей насихатшысы, жазушы:

«Бізге гастарбайтерлер келіп жатқан елдердің территорияларын қосып алып, орыс тіліне бұл жақта емес, сол жақтың өзінде оқытуды жан тәніммен қолдаймын. Бұл жақта емес, мысалы, Өзбекстанда оқытайық. Бос сөзді айтып әзілдеп тұрған жоқпын. Біз кеңес одағының таратылуы жөніндегі құжатты жарамсыз ету мәселесін алға сүйрей береміз. Бұл бізге кез-келген сәтте «Сіздердің екі миллион адамдарыңыз біздің территориямызда жүр, сондықтан біз сіздердің территорияларыңызды даулаймыз» деп айтуымызға негіз болады».

Өзбекстан деп мысалға келтіргенімен, бұл мәлімдеме өзге республикаларға да, соның ішінде Қазақстанға да қарата айтылған деп қабылдануы тиіс. «Бәріңнің құлақтарыңа алтын сырға» дегенді меңзейді орыс насихатшысы. Украинаны жеңіп, Киевте шеру өткізгенімізден кейін бұрынғы КСРО-ның аумақтарын кері қайтарып алуымызға бізге ешкім қой дей алмайды дегенге келтіріп сөйлеген. Ресейдің не Кремлінде, не Госдумасында мұндай мәлімдемесі үшін Прилепинді даттап жатқан ешкім жоқ. Сыртқы істер министрлігі де, «Справедливая Россия» партиясының төрағасы Сергей Миронов та мұны өз пікірі деді де қоя салды.   

Мұндай тосын мәлімдеме Өзбекстан саясаткерлерінің ашуына тиді. Түсініктеме  алу үшін шұғыл түрде Ресейдің Өзбекстандағы елшісі Өзбекстанның Сыртқы істер министрлігіне шақырылды. Елші мұндай сөзді Ресейдің ресми ұстанымы емес деп жуып-шайды. Жекелеген өзбек саясаткерлері Захар Прилепинге жауап қатты. Саясаткерлер Прилепинге әр қилы уәждерді айтты. Солардың ішінде Ташкенттегі ұлты қазақ саясаткер, Праламенттің бұрынғы атышулы депутаты, осы күні Өзбекстан Экология министрінің кеңесшісі Руслан Көшербаевтың жауабы өткір болып шықты. Оның жауабын дүниежүзіндегі сарапшылардың бірсыпырасы тілге тиек етіп айтып жүр. Руслан Көшербаев өзінің табанды жауабының соңында орыс насихатшысы Захар Прилепинді орысша айтқанда үш әріпке сілтеп жіберді. Ия, Украина сарбазы орыстың кемесін үш әріпке жөнелтетіні бар емес пе еді, Көшербаев та Прилепинді сондай үш әріпке аттандырды. 


Ресейде теракт жасамақ болған жасөспірім тұтқындалды «Екінші рет алып жатырмыз»: Мақпал Жүнісова қызы Мерейдің туған күніне ерекше сыйлық жасады Семейде 12 жастағы баланы бір топ жасөспірім соққыға жықты Әлихан Әскербай Астанада ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды 2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО)