Қызыл нүкте картасы: Ким Чен Ын да ойнағысы келеді

09.01.2024, 12:16
992
Қызыл нүкте картасы: Ким Чен Ын да ойнағысы келеді smartnews.kz

Әлемнің тыныштығы үшін ең қауіпті санаулы билеуші болса, солардың бірі – Солтүстік Кореяның басшысы Ким Чен Ын. Бұл бұрыннан белгілі болғанымен, Солтүстік Корея басшысының тыныштықты бұзуға деген әрекетінің соңғы уақытта белсенді болып кеткені назар аударарлық. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

Мұның Қазақстанға тікелей қатысы жоқ дегенмен де жалпы геосаясат жағдайына әсер етпей тұрмасы белгілі. Себебі екі қапталымыздағы екі азулы көршіміз Ресей де, Қытай да әлемге кейде Солтүстік Кореяның әрекеті арқылы қыр көрсетеді деп жатады. Кім білсін, олар Ким Чен Ын арқылы бұлшық еттерін бұлтыңдатып, желпініп бағуы әбден мүмкін. Ким Чен Ын үшін Қытай мен Ресейдің басшылары туған ағаларындай екені көзге ұрып тұратыны жасырын емес. Әсіресе әр қадамын Қытай билігінің ақылымен басатын болса керек. Мысалы, ай-шай жоқ, Жапонияға қарай баллистикалық ракетаны ата салатын кездері болады. Бірақ дәлдікпен атып, ракетаны міндетті түрде Жапонияның құрлығына  жеткізбей, теңізге түсіреді. Солтүстік Корея тарапынан Оңтүстік Кореяға да тыныштық жоқ. Себебі Солтүстік Корея Қытай, Ресей сынды елдердің жағындағы лагерде болса, Оңтүстік Корея АҚШ пен Еуропа елдерінің лагеріне жататын ел. Демек, Солтүстік Корея Қытай мен Ресейдің қолындағы орасан зор қару немесе әлемге сес көрсетіп отыратын құрал іспеттес мемлекет болса керек.

Соңғы уақытта Солтүстік Кореяның әрекеттері белсенді болып барады деуімізге бірнеше себеп бар. Өткен жылдың соңына таяу Ким Чен Ын алдымен Қытайға, содан кейін Ресейге сапарлады. Соның артынша Ресейге миллион дана снаряд аттандырды деген әңгіме шықты. Ал 2024 жылды Ким Чен Ын соғысқа дайын болуды өз елінің аумағында тиянақты түрде арттыру жылы деп жариялады. Халқы бұл бұйрықты орындауға кірісіп кетті. Яғни әскердің дайындығы мен әскери өнеркәсіптің бірден жандануы қолға алынды. Енді міне, Солтүстік Корея Оңтүстік Кореяға қарай екі жүз снаряд атып жарды. Оңтүстік Корея билігі бұған қарымта жауап беретінін ескертті. Бұл өте қауіпті жағдай. Бүйте берсе әлемде тағы бір ыстық нүкте пайда болып, соғыс оты тұтанып кетуі, ал екі лагердің арасында әскери-саяси ойын қызып беруі мүмкін деп жатыр. Ким Чен Ынның соғысқа дайындықты арттыру жылы деп атауы, ал оның соңынан Оңтүстік Кореяға қарап қару кезенуі тегін емес болса керек.

5 қаңтарда таңертең Оңтүстік Кореяға жақын Пэннендо және Енпхендо аралдарына қарай артиллериялық 200 снаряд атылған.

Сеул Солтүстік Кореяның арандату талпыныстары айқын білініп жатқан шақта Енпхендо аралындағы азаматтарына сыртқа шықпауға кеңес берген. Снарядтар буфер аймағына түсіп, ешкім зардап шекпеген. Шекаралық буферлік аймақ тәртібін сақтау келісімінен Солтүстік Корея әлдеқашан шығып кеткен.

Оңтүстік Корея әскері Пхеньянның қимылын арандату деп атап, тиісінше жауап беруі мүмкін екенін ескертті. Жұма күні түстен кейін Оңтүстік Корея әскері теңіз жаттығуларын өткізді.

Ал сол күні, яғни 5-қаңтарда Ким Чен Ын қызын ертіп мобильді ракета қондырғыларын шығаратын зауытқа барды. Солтүстік Корея басшысы өндіріс барысымен мұқият танысып, ірі қондырғы машиналарын көріп шыққан. Онда «Хвасон-18» ракеталары мен «Хвасон-17» континентаралық баллистикалық ракеталары бар екені жарияланған суреттерден көрінген.

Әрине, Оңтүстік Кореяға қарай снаряд атуы күш көрсету болса, сол күні әскери зауытты аралап, оны жариялау – әскери насихат. Әлемге сес көрсету немесе жұдырық түйіп қорқыту. Ал мұндай әрекет Қытай мен Ресей бастаған лагердегі елдерге майдай жақса керек.

Ким Чен Ынның жеке басы туралы да айта кетудің реті келіп тұр. Әдетте оның отбасы жайлы ақпарат еш жерде кездеспейді.  Әлемдегі ешбір барлау қызметі Ким Чен Ынның отбасы жайлы мәліметті біле алмай келеді. Былтыр Оңтүстік Кореяның барлау қызметі Ким Чен Ынның 2010-шы, 2013-ші 2017-ші жылғы үш бала-шағасы болуы мүмкін деп топшылаған. Оның екуі қыз, біреуі ұл болса керек деп болжаған.

Жалпы, бұған дейін Ким Чен Ын балаларын ешкімге көрсетпеген екен, жастары нешеде екенін ешкім білген емес. Ал мына қызын соңғы уақытта ертіп жүретін болыпты. Бұл қызының есімі Ким Чжу Э екен. Кейбір ақпараттарда оның жасы 12-де екені айтылады. Қызы Ким Чжу Э осымен екінші рет көрсетілді. Алғашында ол әкесімен бірге 2022 жылы қараша айында «Хвасон-17» жаңа ракетасын сынаған кезде жұрт алдында көрінген. Ал енді әкесіне ілесіп мобильді ракета қондырғыларын шығаратын зауытқа барды. Оңтүстік Корея барлау қызметі Ким Чен Ын қызын мұрагер ретінде дайындап жатқан болуы мүмкін деп болжайды. Бұған дейін сарапшылар Ким Чен Ынның мұрагері ретінде оның әпкесі Ким Е Чжон есімді әйелді атаған еді. Алайда басшының баласын жұртқа көрсетуі әкесі қызына мемлекеттік міндеттерді жүктеуге дайындалып жатыр дегенді білдіруі мүмкін деп жатыр.

Солтүстік Кореяда билік атадан балаға беріледі. Ким Чен Ынға билік әкесі Ким Чен Ирдан өткен. Ал Ким Чен Ирге билік Солтүсті Корея коммунистік режимінің негізін қалаушы Ким Ир Сеннен қалған.

Ресейде теракт жасамақ болған жасөспірім тұтқындалды «Екінші рет алып жатырмыз»: Мақпал Жүнісова қызы Мерейдің туған күніне ерекше сыйлық жасады Семейде 12 жастағы баланы бір топ жасөспірім соққыға жықты Әлихан Әскербай Астанада ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды 2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО)