Марғұлан университетінде 300-ден астам педагогті қамтыған оқу курсы басталды

22.01.2024, 15:50
769
Марғұлан университетінде 300-ден астам педагогті қамтыған оқу курсы басталды gov.kz

Марғұлан университетінде «Педагогикалық білім беру моделін енгізу және оның мазмұнын күшейту» жобасы бойынша оқытудың екінші кезеңі өз жұмысын бастады. Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.

ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Дүниежүзілік банктің қолдауымен педагогикалық жоғары оқу орындарының базасында «Педагогикалық білім беру моделін енгізу және оның мазмұнын күшейту» жобасын іске асыруда. Бұл жоба ЖОО-ның жаратылыстану-математикалық бағытындағы 100 оқытушысын CLIL әдістемесіне, 65 педагогы мен мектеп психологтарын ABA ADOS -2 әдістемесіне оқытуды көздейді. Жоба бойынша жалпы 49 педагогикалық оқу орындарда 1800 педагогикалық-оқытушылық құрам оқытылатын болады.

Осы жылы аталған бағдарламаларды масштабтау кезеңі басталады сонымен қатар 2024 жылдың 5-12 қаңтары аралығында оқытудың бірінші кезеңі өткізілген болатын. Бірінші кезеңде барлығы 50 жаттықтырушы оқытылды. Олардың ішінде Марғұлан Университетінің оқытушылары - Татьяна Гаврилова, Роза Мұқанова, Марина Семенова, Ырысгүл Шақаман секілді ғалымдар бар.

Оқытудың екінші кезеңі Марғұлан Университетінде 2024 жылдың 22 қаңтарында басталып, 26 қаңтарға дейін жалғасады. Курстың ашылуына университеттің Ғылыми жұмыстар жөніндегі проректоры Бауыржан Есенгелдин қатысып, спикерлер мен қатысушыларға сәттілік тіледі. Атап өту керек, Марғұлан университеті Солтүстік-Шығыс өңірі үшін базалық жоғары оқу орыны болып табылады. Онлайн форматтағы жиынға Өскемен қаласы университеттерінің 99 және Семей қаласы оқу орындарынан 118 адам қосылады. Барлығы 345 педагог білім алады. Оқыту бағдарламасы 72 сағатқа есептелген. Сабақтар жаратылыстану және математика, гуманитарлық ғылымдар, арнайы білім бағыттары бойынша жүргізіледі.

Біліктілікті арттыру бағдарламасын сәтті аяқтағаннан кейін оқытушылар Хаме қолданбалы ғылымдар университетінен (Финляндия) сертификат алады. Осы жоба шеңберінде педагогикалық жоғары оқу орындарды, оның ішінде Марғұлан Университетін қазіргі заманғы физика, химия, биология кабинеттерімен, инклюзивті білім беру кабинетімен жабдықтау көзделген.

2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол Украина Ресейдің әскери әуе базасына соққы жасады Қазақстандық жас балуандар Азия чемпионатында топ жарды