«Қолжетімді интернет» жобасы: Ірі дата-орталықтар салу жоспарлануда

01.02.2024, 18:51
877
«Қолжетімді интернет» жобасы: Ірі дата-орталықтар салу жоспарлануда canva.com

Digital Almaty форумы алаңында қазақстандық тараптың төрағалығымен ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамытуға жауапты Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің министрлері мен ведомстволары басшыларының жиыны өтті.

 

Форум барысында, Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин инновациялық экожүйені одан әрі дамыту және стартап-жобалар мен компанияларға жан-жақты қолдау көрсету үшін ШЫҰ-ға қатысушы елдер технопарктерінің бірлескен Альянсын құруды ұсынды.

«Альянстың негізгі мақсаты – стартап-жобаларды және технопарктер тәжірибесін өзара алмасу, стартаптарға нарыққа шығуға көмек көрсету, ортақ венчурлық қор құру, бірлескен инкубациялық және акселерациялық бағдарламаларды оқыту, 24/7 режимінде қолжетімділігі бар тегін жұмыс кеңістігін қамтамасыз ету, стартаптарға тегін баспана беру мүмкіндігін ұсыну, ШЫҰ елдері мүшелерінің технопарктерінде B2B кездесулерін ұйымдастыра отырып, шешімдерді масштабтау, сондай-ақ гранттар мен қолдау шараларын көздеу», - деді ол.

Министрдің айтуынша, жаһандық әлеммен технологиялық байланысты жақсартуда ынтымақтастықтың тағы бір бағыты талшықты-оптикалық байланыс желілерін салу. Қазақстанның жоғары транзиттік әлеуетін пайдалану біздің елдеріміз үшін интернет желісіне қосылу бойынша бірқатар елеулі артықшылықты қамтамасыз етеді және Еуразия құрлығында трафикті өткізу жағдайын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді.

Бұл транзиттік байланыс арналарын әртараптандыруға және мемлекеттеріміздің халықаралық деректер транзиті нарығына қатысу аясын кеңейтуге мүмкіндік береді.

Сондықтан, Үнді мұхитына шығатын Ресей – Қазақстан – Иран бағыты бойынша біздің елдерімізді байланыстыратын талшықты-оптикалық байланыс жүйесін салу мүмкіндігін қарастыру ұсынылды.

Сондай-ақ, «қолжетімді интернет» ұлттық жобасы аясында Қазақстанда транзиттік трафикті өңдеу және сақтау үшін ірі дата-орталықтар салу жоспарлануда.

Жиын барысында қатысушылар өз елдеріндегі ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы озық тәжірибелерін, ШЫҰ елдерінің экономикасын цифрландырудағы табысты кейстерімен бөлісті.

Тараптар цифрлық экономиканы орнықты дамыту үшін цифрлық әріптестікті ілгерілету мақсатында ақпараттық-коммуникациялық технологиялар саласындағы үздік тәжірибелерді алмасуды жалғастыра отырып, жолға қойылған байланыстарды сақтауға және нығайтуға, сондай-ақ цифрлық алшақтықты жоспарлы түрде қысқартуға ықпал етуге уағдаласты.

Жиын соңында тараптар ШЫҰ-ға мүше мемлекеттердің ақпараттық-коммуникациялық технологияларды дамытуға жауапты министрліктері мен ведомстволары басшыларының келесі кеңесі 2025 жылы Қытай Халық Республикасында өтетіні жөнінде келісті.

Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды