СҚО-дағы Шарық су торабын қалпына келтіру үшін 2 млрд теңге қажет

21.02.2024, 18:54
556
СҚО-дағы Шарық су торабын қалпына келтіру үшін 2 млрд теңге қажет Pexels

Солтүстік Қазақстан облысындағы су тораптары көп факторлы тексерістен өтті. Биылғы көктемгі су тасқынында нысандар мол суды өткізіп, қалыпты жұмыс істеуге дайын.

 

«Қазсушар» РМК СҚО филиалының директоры Шұғайып Ибатуллиннің айтуынша, су тораптарын тексеруге республикалық бюджеттен 28 млн теңге бөлінді. Петропавл, Сергеев су тораптары қалыпты жұмыс істеп тұр.

«Қауіпті ақаулар табылмады. Ғ. Мүсірепов атындағы ауданның Шарық өзенінде орналасқан су торабы кезінде ауыл шаруашылығы алқаптарын суару мақсатында салынған, көлемі 8 млн текше метр. Бізге 2004 жылы берілді. Ал 2016 жылдан бастап транзиттік режимде жұмыс істеп тұр. Нысан апаттық деп танылған. Су торабын қайта ауыл шаруашылық мақсатта қолдану үшін 2 млрд теңгеден астам қаржы құю керек. Бірақ өңірде ондай қаражат жұмсауға дайын шаруашылықтар жоқ. Сондықтан жөндеп, қалпына келтіру тиімсіз. Бүгінде апатты жағдайда тұрғанымен, тұрғындарға келер қауіп жоқ. Су тасқыны кезінде келген суды еш қиындықсыз өткізуге қауқарлы», - дейді Шұғайып Ибатуллин.

«Қазгидромет» РМК биыл СҚО-ға 1 млрд 700 млн текше метр су келеді деп болжап отыр. Бұл жылдағыдан 40 % көп. Көп жылғы тәжірибеге сүйенген мамандар Сергеев су торабынан су 2 метрден асып төгіледі деп есептейді.

«Қанша су келсе, соншасын қабылдаймыз. Алдын ала дайындалудың қажеті жоқ. Ол еш әсер етпейді көктемгі су тасқынына. Қазіргі уақытта мекемеде жедел әрекет ететін штаб құрылды. Нысандар комиссиялық тексерістен өтеді. Наурыз айының соңында мамандар тәулік бойы кезекшілік атқарып, мониторинг жүргізеді. Су қоймаларының толу деңгейі мен жұмысын тиісті мемлекеттік органдарға хабарлап отырады», - дейді Шұғайып Ибатуллин.  

Жамбылда екі мектеп оқушысын көлік қағып кетті (ВИДЕО) «Жастарым да «көгілдір»»: Ринат Зайытов мәдениет саласындағы марапат алғандарды сынады Әлішер Каримов президенттің қолынан Халық әртісі атағын алды (ФОТО) «Сондай жағдай болып қалды»: Сотталушы Шерзат Болаттың отбасынан кешірім сұрады Сотта Шерзат Болаттың мәйітінің суреті көрсетілді Сәтбаев университетінің заңсыз сатылған жатақханасы қайтарылды «Шерзатқа пышақты мен салдым» деген едіңіз»: Абзал Шынасыл тағылған айыпты жартылай мойындап отыр «Кезби» мұнай компаниясының басшысы Ержан Кезбаев 3 млрд теңге ақша жымқырғаны үшін сотталды Кісі өлтірді деп айыпталған Абзал Шынасылдың сөздері күмән тудырып жатыр 52 жастағы әйелге найзағай түсіп қаза болды «Анам жылап жіберді»: әнші Бүркіт төртінші сәбиін перзентханадан ерекше қарсы алды (ВИДЕО) Психдиспансерде есепте тұрған ер адам полицейдің мойнын орып жіберген «4 ай жоспарлаған»: Көкшетауда 23 жастағы күдікті бастықтың ұрысқанын көтере алмай оны өлтіріп кеткен Мысыр әуежайында көз жұмған Ақмарал Мұқанованың денесі елге жеткізілмек «Шерзатты ұрған жоқпын, өзі шалынып қалды»: Абзал Шынасыл кімді пышақтағанын айтты Сирияны қайта аяққа тұрғызу үшін барлық санкциялар алынып тасталды Magnum дүкендерінде рейд жүргізіп, ақша бопсалаған блогер сотталып кетті «Найзағай мен бұршақ»: Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды Instagram-дағы жанжалдан кейін жасөспірімді өлімші етіп ұрып, өлтіріп кеткен Әскери-техникалық мектепке – 25 жыл