Түркімен тойларында тек түркімен әндері шырқалып, билікке мадақ айтылады

23.02.2024, 16:21
942
Түркімен тойларында тек түркімен әндері шырқалып, билікке мадақ айтылады бейнежазбадан алынған кадр

Енді түркімендер Гурбангулы Бердімұхамедовтің әндеріне ғана билейді.

«Азаттық» радиосы Түркіменстанның соңғы уақыттағы елеулі бір жаңалығына назар аударған екен. Журналистердің жазғанына қарағанда, Түркіменстан билігі тойларда шет елдердің әуендерін қоюға тыйым салып жатқанға ұқсайды. Мұндай талап тек түркімендерге ғана емес, сол елде тұратын өзге ұлттардың өкілдеріне де қойылған. Орыс, армян, әзірбайжан, және басқа отбасылар болса, олар да өз тілдеріндегі әуендерді тойларында қоя алмайды, салтанат үстіндегі әуендер тек түркімен әндері болуы тиіс. Есесіне билік халыққа тойларыңда бұрынғы президент Гурбангулы Бердімұхамедовтың әндері тыңдалсын деп қадағалауға алыпты. Азаматтық хал актілерін жазу  қызметкерлері жастарға той түркімен стилінде өтіп, мемлекеттік тілдегі музыка ғана қойылуы керек деп ескертеді екен. Соңғы күндері тойхана, мейрамхана және банкет залдарының иелеріне де осындай тапсырма берілген. Мейрамхананың қызметкерлеріне тойлардағы әндердің  кемінде 80 пайызы түрікмен тілінде болсын деген талап қойылады. Тойларда би билегенде де өзге тілдердегі емес, міндетті түрде түркімен тіліндегі әндердің әуеніне билеу талабы да бар екен. Көбіне тойларда адамдар  түркімендердің «Күшдепти» деген ұлттық биін билейді. Ал Гурбангулы Бердімұхамедовтің кемінде екі әні тыңдалады деп жатыр. 

Бердімұхамедов Түркіменстанды 15 жылға жуық басқарған. 2022 жылы наурызда биліктің қадағалауымен өткен сайлауда оның ұлы Сердар Бердімұхамедов жаңа президент атанды. Гурбангулы Бердімұхамедов осы күні Түркіменстанның Халық кеңесінің төрағасы. «Азаттықтың» жазғанына қарағанда, бұрын музыкалық аспаптарда ойнап, ән салған бейнежазбаларын осы күні жиі жариялап отырады. 

Балқанабад өңірі мен Түркіменбашы қаласы көпұлтты тұрғындарымен ерекшеленеді екен. Ал тойларға қатысты жаңа ереже сол жерлердің тұрғындарына жайсыздау тиіп отыр. Өйткені өзге ұлттың өкілдері қуаныштарында өз тілдерінде ән тыңдай алмайды. 

Түркіменстанның тойханаларында міндетті түрде Гурбангулы Бердімұхамедовтың үлкен портреті ілулі тұрады. Ал  тойда тілек айтқандар Бердімұхамедовты мақтап-мадақтайтын дәстүр қалыптасқан. Сырттай қарасаңыз той емес, үкіметтің жиналысы сияқты болып көрінеді дейді. Таяуда Дашогуз және Лебап деген өңірлерде тұратын өзбектерге тойда түркімен әндерін шырқап, түркімендердің ұлттық киімін кию міндеттелген деп жатыр.

Негізі бұл ойланатын нәрсе сияқты. Гурбангулы Бердімұхамедовтың әндерін тыңдау міндеттелгені немесе той иесіне тілек орынан бұрынғы президентке  мадақ айтатындары болмаса, өзгесі теріс нәрсе емес сияқты. Ән де, би де түркіменше болсын дегені жаман емес қой. 

Жалпы, Түркіменстан бұрыннан  тосын шешім қабылдайтын ел екенімен ерекшеленеді. Ондай шешімдердің бірсыпырасы күлкілі немесе артықтау болып келетіні де жасырын емес. Мысалы, бірер жыл бұрын ол елде жеңіл көліктер тек ақ түстен болсын деп бұйырған. 

Бұрынғы президент Гурбангулы Бердімұхамедов 60 шақты кітап шығарыпты дейді. Ішінде дәрілік шөптер, ақалтеке тұқымы, ит бағу секілді тақырыптарға жазылғандары да бар. Оның кітаптары мектеп оқушылары да оқиды. Мысалы, «Игі атың мәңгі есте қалады» атты романы 7-сыныптың сабағына енгізілген. Бердімұхамедов түркімен ұлтының рухани жол бастаушысы ретінде «Түркімен-нама» деген кітап шығарған. Оның алдындағы Тұңғыш президент Сапармұрат Ниязов жазған дәл осындай мазмұндағы «Рухнама» кітабы оқу бағдарламасына енген болатын. 

Бердімұхкамедовтің кітаптары бюджеттік мекемелерге ақыға таратылады екен. Әрі бұрынғы президенттің кітаптарын сатып алу қызметкерлерге міндетті болса керек. Ауыл-ауылдың адамдары кітапты сатып алу үшін өздерінің облыс орталығындағы мекемелері мен басқармаларына сабылып жүреді. Кітапты сатып алу биліктің тапсырмасы, ал биліктің тапсырмасын орындамау ол жақта мемлекеттік сатқындық ретінде қарастырылатын көрінеді.

60 шақты кітап жазған, ән шығаратын, өз әндерін өзі орындайтын, медицина ғылымдарының да, экономика ғылымдарының да докторы, 50-ден аса атағы бар Түркіменстанның бұрынғы президенті Гурбангулы Бердімұхамедовты әлем онша жақсы атамайды екен. Американың «Foreign Policy» журналы оны әлемдегі ең қатыгез бес диктатордың бірі санайды, ал Түркіменстанды сөз бостандығы мүлде жоқ елдердің қатарына қойған. Түркіменстан жабық мемлекет, оның аумағында шетелдің бұқаралық ақпарат құралдары жоқ. Билігі халқына қара түсті көлік мінгізбейтін, шылым шеккізбейтін, әйелдерді көліктің руліне отырғызбайтын, адамдарын шет елдерге шығармайтын, «Youtube», «Facebook» сынды интернет-ресурстарына тыйым салған, жолы болғандар шекарадан шығып кеткен, саяси себеппен жаза өтеушілері көп, ал тұрғындарының жағдайы нашар мұндай ел еш жерде жоқ болса керек. 

Семейде 12 жастағы баланы бір топ жасөспірім соққыға жықты Әлихан Әскербай Астанада ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды 2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол