Моңғол саясаткері Алтын Орданы бүгінгі орыстардың есіне салды

23.02.2024, 16:46
960
Моңғол саясаткері Алтын Орданы бүгінгі орыстардың есіне салды ашық дереккөзден

Ресей президенті Владимир Путин Америка журналисі Такер Карлсонға берген сұхбатында қазіргі Украинаның едәуір бөлігі ежелде Ресей империясының құрамында болғанын тәптіштеп келтірді.

Богдан Хмельницкийдің сол замандағы орыс билеушісіне хаты деген қағазды құжат деп алға тартты. Жалпы, Ресей президентінің көп сөздері күмән туғызатынын көзі қарақты тыңдарман бірден байқаған. Мысалы, сөзінің КСРО-ны меңзейтін жерлерінде кеңес одағы демей, әдейі Ресей деп айтады. КСРО-ның құрамында болған өзге республикаларды бүркемелеп сөйлегендей әсер қалдырады. Украинаны Ленин құрған дегені сияқты, өзге республикаларды да большевиктер қолдан жасаған деген жаңсақ ой Ресей билігі мен насихатында  кейінгі уақытта талай рет ашық айтылып та жүр. Мүмкін КСРО демей Ресей деп атауы да содан болар. Ал Кремльдің мұндай көзқарасы КСРО-ның бұрынғы республикалары үшін қатты алаңдайтын нәрсе деуге тура келеді. КСРО құрамында болған кез-келген республикаға ертеңгі күні беті бүлк етпей сендер Ресей империясының құрамында болғансыңдар деуге дайын сияқты. Ал бұл өте нашар әңгіме. Сол сияқты, Ресей президенті Гитлердің ісіне түсіністікпен қарағаны да адамзат баласы бұрын-соңды естімеген тіксінерлік бір төбе түсінік. Польшаны түлен түртіп, Гитлерге талануына өзі кінәлі, Гитлерді соған мәжбүр еткен өзі деген сөз Ресей президентінің аузынан шығып отыр. Мұнысымен ол өзінің осы күні Украинаны атқылап, жұлқылап жатқанын ақтағысы келген бе, кім білсін.    

Украинаның едәуір бөлігі ертеде Ресей империясының құрамында болған деген сөзге қарсы шыққан саясаткерлердің бірі Моңғолияның бұрынғы президенті Цахиагийн Элбэгдорж деген адам. Ресей президентінің сұхбатын тыңдағаннан кейін ол Моңғолияның тарихи картасын қарап шығыпты. Сөйтіп, осы күні Х әлеуметтік желісі деп аталып жүрген Твиттерде Моңғол империясының, анығы Алтын Орданың карталарын жариялаған. Моңғолияның бұрынғы президенті қазіргі Ресей аумағының елеулі бөлігі XIII-XVII ғасырларда Алтын Орда империясының құрамында болғанын, кейін де оның мұрагерлері өз бақылауынан шығармағанын меңзеген. Цахиагийн Элбэгдорж өзінің уәжін келтіріп отыр, оның Ресейге қандай да бір қысастығы жоқ. Себебі Моңғолия Мәскеумен саяси және экономикалық тығыз қатынастағы ел. Моңғолия мектептерінде орыс тілі оқытылады. Бұл ел Ресейдің Украинамен соғысы жөнінде бейтарап саясат ұстанған. Дегенмен, 2022 жылы Элбэгдорж Путинді Украинаға шабуылды тоқтатуға шақырған.

Соғыс жүріп жатқан кезде Ресейде әскерге шақырудың алғашқы толқыны бастала бере орыстар тұс-тұсқа босып кеткені белгілі. Сол сәтте де Моңғолияның бұрынғы президенті Цахиагийн Элбэгдорж төбе көрсеткен еді. Ол әскерге шақырылудан бой тасалаған Сібір халықтарының азаматтарын Моңғолияға шақырған болатын. 

Жалпы, Цахиагийн Элбэгдорждың Украинаға жаны ашитын себебі де бар. Жас кезінде Украинаның Львов қаласында жоғары әскери-саяси училищеде оқыған екен. Тағы бір кездейсоқ нәрсе – ол Моңғолияның Эрденет қаласында өскен, мектеп бітірген. Ал сол Эрденет қаласы – Украинаның қазіргі президенті Владимир Зеленскийдің кіндік қаны тамған жер, яғни сол қалада туған. Кезінде әке-шешесі  жұмыс бабымен Эрденетте біраз жыл тұрақтаған көрінеді. 

Цахиагийн Элбэгдорждың саясаттағы жолына қарап отырсаңыз, оның Моңғолияға демократияны алып барған санаулы адамдардың бірі екенін байқауға болады. Реформаларды жүзеге асыру үшін тер төккені жайлы жазылған.   

Өзі далалы жерде еңбек еткен 8 бала-шағалы қойшының кенже ұлы екен. 1963 жылы туып, 8 жылдық мектепті бітіріпті. Интернатта жатып оқыса керек. Содан кейін отбасы Эрденетке қоныс аударып, сол жерде мектебін жалғастырған. Львов қаласындағы жоғары әскери-саяси училищесін бітіріп, әскери журналист мамандығын алған. Әр жылдарда Колорада университетінің Экономикалық институтында оқығаны, Гарвард университетінің Джон Кеннеди атындағы Үкіметтік мектебінің бизнес-басқару магистрі дәрежесін алғаны келтірілген. КСРО-да қайта құру кезеңі жүріп жатқан тұста Моңғолияның саяси өміріне араласа бастаған. Ол Моңғол демократиялық одағы деген қозғалысты құрушылардың бірі болды. Саяси жұмысы ескі жүйені таратуға, сөз бостандығына, нарықтық қатынастың негізін қалауға, тағы басқа бағыттарға негізделді.  Цахиагийн Элбэгдорж үш рет парламент депутаты, екі рет премьер-министр болды, Моңғолияның Демократиялық партиясын басқарды. Ал президент болған тұсы – 2009-шы жыл мен 2017-ші  жылдың аралығындағы сегіз жыл. 

Оны бұқаралық ақпарат құралдарына толық еркіндік беруші, саяси қуғын-сүргін құрбандарын ақтау туралы заңның авторы, экономикалық және саяси реформаларды іске асырушы, бұрынғы колхоздастыру кезінде малы мен жер суынан айырылған адамдардың ұрпағына аталарының иелігінде болған игіліктерді жекешелендіру арқылы қалпына келтіріп беруші, тағы басқа көптеген жақсы істерді жасаған адам деп жатады. Ең бастысы, Моңғолияға демократия мен бостандықты барынша жақындата түсуге атсалысқан адам ретінде атайды екен.

Әскери-техникалық мектепке – 25 жыл «Бас сүйек-ми жарақаттанған»: Ақтауда қауіпті ойыннан кейін оқушы ауыр жарақат алды Астанада дұрыс тамақтану тақырыбында отбасылық аспаздық мереке өтті Әзілкеш Нұрсұлтан Жақсыгеннің бұрынғы әйелі күйеуінің 8 ай алимент төлемегенін айтты Блогерлердің жарнамасына сенген ата-аналар алданып қалған (ВИДЕО) Қордайда 15 жастағы қызды өз әкесі мен кіндік әке-шешесі зорлаған (ВИДЕО) BI Group басшысы сүттің кесірінен дертке шалдыққанын айтты «Албасты деді»: Меруерт Түсіпбаева халық әртісі Майра Ілиясовадан кешірім сұрады Оралда жазасын өтеуші түрме ауласында жалаңаш жүрген (ВИДЕО) «17-қабаттан лақтырамын деп қорқытты»: Ақтауда ер адам әйелін сағаттар бойы азаптаған Трамп пен Путин 2 сағат бойы не туралы сөйлесті? АҚШ келесі келіссөз соңғы деп сендірді «Мына қыз сенің кәрі шешеңді бағады»: Бейсен Құранбектің жары алғаш рет сұхбат берді (ВИДЕО) «Қамауға алды»: Стэнд-ап комик Нұрлан Сабыров Ресейден шығарылмақ (ВИДЕО) Түркістандағы мектеп формаларын тігетін фабриканы қытайлық компания ашатын болды «262 500 теңге»: Күзде стипендия өседі Әскери борышты өтеу ешқашан кеш емес: Астаналық ұландықшеру кезінде жасаған әсерлі қылығымен желіде жұлдызға айналды Еліміздің барлық өңірінде дауылды ескерту жарияланды «Келін түсірмесек, істемейміз»: Сәкен Майғазиев ұлының үйлену тойына дайындықты бастады (ВИДЕО) «Мақпалдың бетін мен аштым»: Мұхамеджан Тазабек Заманбек Нұрқаділов туралы айтты «Сұлу болғандықтан қызыққан»: Меруерт Түсіпбаеваға өзінен кіші жігіт үйленуге ұсыныс жасады (ВИДЕО)