«Жеріміз кеңейіп қалды»: Желі қолданушысы зілзаладан кейін жұртты мазақ қылған «мейірімсіз алматылықтарға» үндеу жасады

Аиса Махамбет Редактор
07.03.2024, 17:10
1250
«Жеріміз кеңейіп қалды»: Желі қолданушысы зілзаладан кейін жұртты мазақ қылған «мейірімсіз алматылықтарға» үндеу жасады бейнежазбадан алынған кадр

Желі қолданушысы жер сілкінісінен қорқып қашқан сырттан келушілерді табалап, мазақ еткен жергілікті тұрғындарға ашуланды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі жазды.

SMARTNEWS басылымының хабарлауынша, Санжар есімді жігіт Tik Tok желісінде “мейірімсіз алматылықтарды” адамгершілік танытпадыңдар деп наразылығын білдірді. 

“Бұл бейнеүндеуде Алматының жергілікті тұрғындарына арнаймын. Алматыда жер сілкінісі болды. Зілзала туралы кез келген видеоның астындағы пікірді оқысаңыз “мейірімсіз алматылықтардың” жазғандарын табасыз. “Сырттан келгендер кетті-ау”, “Жеріміз кеңіп қалды”, “Мен жер үйде тұрамын, көпқабатты үйде тұратындар, өздерің қинала беріңдер” деп жазғандар да бар. Түсінесіңдер ме, бұл адамгершілікке жатпайды. Тіпті біреулер “Білмеймін, мен үйімде жаттым. Ал пәтер жалдап тұратындар, қорқып далаға қашты” деп жазыпты. Адамдар өз қауіпсіздігін ойлап жүр”, – дейді ашынған ол.

Пікір жазғандардың арасынан кейбір алматылықтардың мұндай дүмпулерге үйренісіп қалғанын және оның қалыпты жағдай екенін айтады. Алайда Санжар мұнымен келсіпейді.

“Бас сауғалап қашқан адамдарды мазақ еткендерді түсінбеймін. “Біз тұрғылықты алматылықтармыз, мұндайға үйреніп қалғанбыз” деп олар өздерін. Мұндайға үйреніп қалуға болмайды, естерің дұрыс па? Зілзала кезінде бәріміз шарасыз күйде болдық. Дүмпулер тоқтай сала әуелі далаға шығу керек. Адамдар отбасы, бала-шағасы үшін қорқады. Өз қауіпсіздігіңді ойлауың керек. Оларды мазақ етудің қажеті жоқ. Сондай адамдар үшін мен ұяламын. Өз әрекеттеріңді, сөздеріңді ой елегінен өткізіңздер. Сұмдық”, – дейді Санжар.

Алайда алматылықтар өз ойларынан қайтпақ емес. Көбінің қаладан шет жаққа кетуі оларға жаққан көрінеді.

“Басқасын білмеймін, бірақ кептеліссіз жүрген ұнап қалды”, “Сырттан келгендер адамгершілік танытып жатыр ма? Біз барынша шыдап бағудамыз, бірақ шыдамның да шегі бар”, “Жасыратын несі бар? Бәрі кетіп еді жеріміз кеңіді. Көліктер азайды”, Алматылықтар мұндай дүмпуге үйреніп қалған, сол себепті үйлерінен шықпады. Оған ренжитін түгі жоқ”, “Алматыға 500 мың адамға сыя ды. Көліктердің нөмірлеріне қарасаң бүкіл Қазақстан Алматыда жүрген сияқты. Сырттан келгендерге қалай адамгершілік танытамыз?”, – деп жазды олар.

Санжардың ойын қолдап, тұрғылықты халықтан сыйластық танытуын сұрады.

“Зілзаладан кейін адамдар бір-біріне мейірімділік таныта ма десем… Ұят тірлік”, “Жергілікті ме, сырттан келген бе, бәрбір емес пе?! Мүмкіндік болса бас сауғалау керек”, “Қазір адамдарда мейірім қалмаған”, “Дұрыс айтасыз, адамдардің көбі мұның қаншалықты қауіпті екенін түсінбейді”, “Табиғи апат сенің жергілікті екеніңе қарамайды”, – деп пікір қалдырды.

Семейде 12 жастағы баланы бір топ жасөспірім соққыға жықты Әлихан Әскербай Астанада ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды 2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті Қалалардың болашағы туралы халықаралық диалог  – Қызылордадағы Ұлттық Урбан Форумына жол