Ресейде ісі тек мигранттармен болатын арнайы министрлік құрылмақ

03.04.2024, 17:27
694
Ресейде ісі тек мигранттармен болатын арнайы министрлік құрылмақ коллаж: smartnews.kz

Мәскеудегі терактіден кейін Ресей өзінің миграциялық саясатын бірден қатайтты.

Орталық Азиядан барғандарды жаппай тексеру, заңсыз жүргендерді шекарадан шығару жүріп жатыр. Санкт-Петербург соттары 418 мигрантты шекарадан шығару туралы шешім шығарды. 

Тәжікстан билігі Ресейде тәжіктерге қысым жасалуда екенін теріске шығарған жоқ, оларға түнде көшеге шықпауға кеңес берді. Тәжікстанның Еңбек министрлігіндегілер Ресейдегі тәжіктерді үрей жайлағанын, елдеріне қаша бастағанын, оларды арандату көбейгенін айтады. Сол министрліктің Ресейдегі өкілдігіндегілер өздеріне қоқан-лоққы жасалды деп алаңдады. Қырғызстан жағы да өз азаматтарына әзірге Ресейге бармауға кеңес берді. Қырғызстан парламентінің бір депутаты тәжіктерді айыптаудың салдарынан Ресейде қырғыздарға да қарсы ксенофобия күшейгенін айтты.

Ал Ресейдің өзінде ұлтаралық және миграциялық саясатқа жауапты министрлік құрылатын көрінеді. Бұл туралы «Ведомости» газеті жазды. Жаңа министрлік президентке тікелей бағынатын ведомстволардың бірі болады екен. Ресейде Ішкі істер, Сыртқы істер, Төтенше жағдайлар, Қорғаныс, Әділет министрліктері және Сыртқы барлау, Федералдық қауіпсіздік, Федералдық күзет қызметтері, тағы басқа органдар президентке тікелей бағынышты. Енді олардың қатарын Ұлтаралық және миграциялық саясат министрлігі толықтырады. Қазір осы жаңа ведомствоны жасақтау ойластырылып жатыр. Мигранттардың Ресей аумағына уақытша кіруіне рұқсат беру ісінде көп өзгерістер болатын көрінеді. Мысалы, әр адамның жеке басы мен діни ұйымдарға қатысы тексеріледі, түрі ұнамаса да өткізбейді, тіл білуі міндеттеледі, сырттан адам кіргізу мигранттардың еңбегіне сұраныспен теңестіріледі, тіркелгеннен кейін жүру уақыты бұрынғыдан едәуір қысқартылады деген сияқты өзгерістер жасалса керек.

Мәскеудегі терактіден кейін ұсталған 12 адамның төртеуі тәжік азаматтары екені белгілі. Сол тәжіктердің туыстарынан да сұрау Тәжікстанда алынды. Бір айта кетерлігі – Мәскеудегі теракті 22-наурыз күні болса, сол күні Тәжікстанда да теракті ұйымдастыруға дайындық жасалғаны айтылып жатыр. Наурыз мерекесінің қарсаңында Тәжікстанда 15 адам тұтқындалыпты. Оларға 21-ші және 22-ші наурыз күндері, яғни мерекеде Душанбе мен Вахдат деген қалада теракті жасамақ болды деген айып тағылған. Тергеу әлі жүріп жатыр. Тәжікстанда тұтқындалған 15 адамның Мәскеуде тұтқындалғандармен байланысы бар ма, жоқ па, осы жағы тексерілуде екен. Мәскеудегі қанды қырғынды жасаушылармен келісіп, ол жақтағы мен бұл жақтағы терактілерді қатар жасамақ болған ба, әлде екі жақтағылар өз алдарына жеке-жеке әрекет еткен бе, осы жағын анықтамақ. Анығын кім білсін, Ресейде тұтқындалған тәжіктер тек жалдап қатыстырған орындаушылар деп жатыр. Соған қарағанда Ресейдегі теракті мен Тәжікстанда орындалмаған терактінің арасында ешқандай байланыс болмаған шығар. 15 адамды тұтқындаған сол елдің Мемлекеттік ұлттық қауіпсіздік комитеті жақын күндері анығын айтар. Ресейдің кейбір басылымдары Тәжікстанда ұсталғандардың Ресейдегі терактіні жасаушылармен байланысы болған деген күдік бар екенін шулатып жазуда. Тұтқындалған 15 адамның «Ислам мемлекеті» ұйымына қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Тәжікстанда ұсталғандардың қатарында бір қырғызстандық та бар. Ресейде қырғыздар да бақылауға алынған, оларды да қатаң тексеру басталған. Ресей жағы осы күні Қырғызстанның 69 адамына Ресейдің шекарасынан кіруге тыйым салды. Олар қара тізімге алынғандар немесе Ресейде тыйым салынған діни ұйымдардың мүшелері болуы  мүмкін.

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Ресейдегі қазақстандықтарға көшеде жүргенде міндетті түрде жандарыңызда құжаттарыңыз болсын деп үн қатты. Себебі ол жақта Орталық Азиядан барғандар ұсталып, тексеріліп жатыр. Сыртқы істер министрлігіндегілер аумағында теракті жасалған кез-келген мемлекет өзінің қауіпсіздігін қамтамасыз етуді қолға алатынын, сол үшін құқық қорғау органдары тексеруді күшейтетінін айтады. Олар:

«Біздің азаматтардың өзімен бірге құжаттары және белгілі бір елде жүру мақсаты болғаны дұрыс», – дейді.

Мәскеудегі жантүршігерлік қантөгістің жаңғырығы күн өткен сайын күшейіп жатыр. Ресей билігі мұны украиндықтардан көріп, соларды кінәлағысы келеді. Украина террорды криптовалютамен қаржыландырды деп күдіктенді. Бірақ бұл уәждің қисыны жоқ екені Ресейден тыс жерлерде көп айтылуда. Біресе дағыстандықтар қаржыландыруы мүмкін деп те күмән келтіреді. Анық-қанығы қандай болғанына ешкімнің көзі жетпейтін сияқты. Ресейдегі тәжіктер мен қырғыздарға тыныштық тілейміз.    

Желіде Перизат Қайраттың жалған сұхбаты тарады Ұлттық ұлан факультетінде ғылыми-теориялық конференция өтті «Әр баланың өз бөлмесі бар»: Блогер Дархан Жолшыбеков көпбалалы әйелге үй сыйлады «Қатты ауырып жатыр»: Жанқош Тұраровтың әлі күнге дейін тергеуге бармағаны белгілі болды «5 млн дейін береді»: Ләйлә Сұлтанқызы Шымкент өңіріндегі қалың малдың қанша екенін жариялады Перизат Қайраттың «Біз біргеміз» қоры жариялаған фотолар басқа сайттан алынған болып шықты Автобус тізгіндеу қауіпті бола бастады ма? «Біреу мені құлатқысы келеді»: Дина Төлепберген үндеуімен ойландырып қойды (ВИДЕО) «Бұл затта менің энергиям бар»: әншіліктен алшақтаған Ерке Есмахан жаңа кәсіппен айналысатын болды (ФОТО) «Горилла» ішіп «маймыл» болғанша: ҚМДБ пәтуасы қандай? Әкесі қызын күйеуге тиюден бас тартқаны үшін өлтіріп тастады Қаңғыбас адамнан қаңғыбас иттің «жағдайы жақсы» «Тоқал» алдым деп мақтанған жекпе-жек шебері Тайрон Вудлиді рингке шақырды Кластастар қайда: сыныптасын секс құлдықта ұстағандардың ісі не болып жатыр? Футболға 5 млрд теңге бөліп, чемпион болмай-ақ қойдым: Нәлібаев халықтың ойын дөп айтты «Біз – араб емеспіз»: Нұрлан имам қалыңмалға қосып мәһрді де алуға болмайтынын айтты Базардан ет алу – қорқынышты: Атырауда сібір жарасы анықталды Жолбарыстың видеосын жариялаған теміртаулық әйелдің басы «бәлеге» қалды (ВИДЕО) «3 бастық жабылып ұрып-соғып, жала жапқан»: түрме қызметкеріне бастықтары қорлық көрсетіп келген (ВИДЕО) Біз сенген басшылар инфляцияны қалай тежемек?