Әкімдерге қысым мен ономастикадағы шектеулер: Ерлан Қариннің пікірі

25.01.2025, 14:20
1229
Әкімдерге қысым мен ономастикадағы шектеулер: Ерлан Қариннің пікірі бейнежазбадан алынған кадр

«Тым белсенді азаматтар әкімдерге ықпал етіп, тіпті, ашығын айтайық, қысым көрсетіп, шулатып, жазып, шағымданады» дейді Ерлан Қарин.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанның мемлекеттік кеңесшісі Ерлан Қарин "Жібек жолы" телеарнасына сұхбат беріп, елімізде қабылданған тоғыз заңның біріне тоқталды. 

Ерлан Қарин журналистің «Жер, көше атауларын беруге қатысты барлық шешімнің орталыққа шоғырландырылуы, аймақтық ономастикалық комиссиялардың дербестігін шектеу жергілікті халықтың пікір жеткізу қабылетіне кері әсер етпей ме?» деген сұрағына жауап берді. 

Жоқ. Өңірлерде елдімекендердің атауына, көшелердің атауына қатысты сұрақтарды енді тек Ақордада немесе министрлік шешеді деген сөз емес. Ұсыныстарды дайындайтын өңірлердің өздері. Бірақ оларды сараптап, олар бойынша ұсыныстарды бекітетін орталық болады. Бұрын ұсыныстарды өздері дайындап, өңірдің деңгейінде өздері қабылдай салатын... Бұл белгілі бір тепе-теңдікті, балансты, ортақ мемлекеттік ұстанымды қамтамасыз ету үшін жасалып отыр, - дейді Ерлан Қарин. 

Осы орайда мемлекеттік кеңесші соңғы жылдары кей өңірде «тым белсенді азаматтар әкімдерге қысым көрсеткен» жағдайлар болғанын айтып қалды.

Бізде соңғы жылдары дисбаланс пайда болды... Ономастика, ескерткіш тұрғысынан. Кей өңірлерде тым белсенді азаматтар әкімдерге ықпал етіп, тіпті, ашығын айтайық, қысым көрсетіп, шулатып, жазып, шағымданып, оларды белгілі бір елдімекен, көше атауын өзгертуге мәжбүрлейді. Көп жағдайда бұл ортақ ел мүддесі үшін болып жатса бір сәрі. Көбіне-көп жеке бастың мүддесі тұрғысынан: туысқандық, ата-бабасының құрметіне...

Олар өздеріне бұрып, бір шешім қабылдағаннан кейін екінші бір ардақты азаматтардан ұрпақтар «біздің атамыз ескерусіз қалды, оның да құрметіне көше берейік» деп шығады. Біз олардың бәріне қайдан көше табамыз. Сөйтіп, тіпті атауы бар көшенің де атауын ауыстырып жатады. Кейбір кісілердің артында ешкім болмағаннан кейін, қысым жасалып, сондай бір шешімге келеді, - деп ағынан жарылды Қарин. 

Ерлан Қарин бұл мәселеге қатысты қылмыстық әлемдегі адамдар да араласатынын  ашып айтты.

Тіпті қылмыстық әлемге қатысы бар тұлғалардың аттарына тұтас көше, саябақтардың атын беруге тырысқан. Бұл дұрыс па? Бұған шектеу қою үшін біз әрине бұл жұмысты орталықтандыруға мәжбүр болдық, - дейді Қарин.

Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады