Qazaq Air әуе компаниясының атауын вьетнамдық инвестор өзгертті

06.05.2025, 09:49
2918
Qazaq Air әуе компаниясының атауын вьетнамдық инвестор өзгертті instagram.com/qazaqair_official

VietJet Air компаниясы Qazaq Air-ді сатып алды.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Qazaq Air әуе компаниясының атауы VietJet Kazakhstan боп өзгереді. Бұл туралы «Самұрық-Қазына» АҚ Басқарма төрағасы Нұрлан Жақыпов елордада Қазақстан-Вьетнам іскерлік дөңгелек үстелінде айтты.

2023 жылы Qazaq Air компаниясын вьетнамдық VietJet Air сатып алатыны жарияланған еді.

Н. Жақыповтың айтуынша, бұл мәміле Жекешелендірудің кешенді жоспары аясында жүзеге асырылды. Сатып алушы ретінде SOVICO Group компаниясы белгіленді.

− Мәміленің барлық шарттары орындалды, төлем қабылданды, ал акциялар инвестордың жеке шоттарына берілді. Аталған стратегиялық әріптестік әуе тасымалдаушы мен саланың дамуына оң әсер етуге бағытталып қана қоймай, Қазақстан мен Вьетнам арасындағы экономикалық байланыстарды нығайтудың жаңа көкжиектерін ашып, өзара өсім мен өңірлік қатынастардың дамуына жол ашады.

Біз SOVICO Group пен VietJet Air компанияларының Qazaq Air-ді VietJet Kazakhstan жаңа бренді аясында басқаруға және операциялық қызметіне қатысу ниетін жоғары бағалаймыз. Өңірдегі маршруттық желінің кеңеюі көлік байланысын нығайтып, жаңа экономикалық өсу нүктелерін қалыптастырады. Енді біз ауқымдырақ және бір-бірімізге жақынырақ боламыз, − деді Нұрлан Жақыпов.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды