Сотта Шерзатқа кімнің пышақ салғаны айтылды

Азиз Қалижан Редактор
06.05.2025, 10:50
758
Сотта Шерзатқа кімнің пышақ салғаны айтылды бейнежазбадан / Криминалдық полиция бөлімінің бастығы Медет Әділжан

Нұрқанат полиция көрсеткен фотосуреттер арқылы күдіктілерді анықтаған.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Талдықорғанда 16 жастағы Шерзат Полаттың өліміне байланысты сот процесі жалғасып жатыр.

Қылмыстық оқиға бойынша күдікті тұлғаларды аудандық Полиция басқармасы Криминалдық полиция бөлімінің бастығы Медет Әділжан сот отырысында куә ретінде мәлімдеді. Оның айтуынша, оқиға жөніндегі ақпарат жедел кезекшіден түскен сәтте ол дереу полиция басқармасына барып, тиісті тапсырмалар бергеннен кейін оқиға орнына өзі шыққан. Оқиға орнын тексерген соң, жедел уәкілмен бірге ауруханаға барып, сол жерде зардап шеккен Нұрқанат Ғайыпбаевтан бейнетаспа арқылы сұхбат алған.

Жәбірленуші Нұрқанат Ғайыпбаев полиция көрсеткен фотосуреттерді қарап, нақты тану процесін жүргізіп, күдіктілерді анықтаған. Оның айтуынша, Шерзат Болатты пышақтаған – Шынасыл Абзал, ал өзін жарақаттаған – Тоқтаубаев есімді азамат. Бұл деректерді сот барысында судья Ержан Жанұзақов нақтылап сұрағанда, Медет Әділжан жәбірленушінің көрсетулерін растады.

Аталған ауыр қылмыс қоғам назарын аудартып отыр, ал құқық қорғау органдарының дер кезінде әрекет етіп, күдіктілерді анықтауы тергеу барысының нақты әрі әділ жүргізіліп жатқанын көрсетеді. Қылмыстық іс бойынша тергеу жалғасып жатыр және кінәлілер заң алдында жауап береді деп күтілуде.

Қоғамдық көліктегі қызға тиіскен ер адам желі қолданушыларын ашуландырды (ВИДЕО) Абай облысының әкімдігі 170 миллион теңгеге «қонақтар үшін» жаңа автокөлік сатып алмақ Илон Масктың шок! Қазақстан түрмесіндегі жігіт Starlink интернетін орнатып, есірткі сатқан Ташкентте екі жігіт iPhone сататын дүкенді тонап, құрылғыларды 100 доллардан сата бастаған Баян Алагөзова ресейлік әріптестерінен төмен гонорар алудан бас тартқанын айтты Белгілі блогер өгей қызын айлар бойы зорлаған Украина шетелдегі азаматтары үшін қос азаматтықты заңдастырды Павлодарда бұрынғы әйелін көлікпен қағып, мүгедек еткен еркек сотталды Депутат Тұрлыхановтың ұлы жазасын айыппұлға ауыстыру туралы өтінішін қайтарып алды Латвия Ресей мен Беларусь азаматтарына үй сатып алуға тыйым салды Сахнадан көрінбей кеткен Данэлия Төлешова Қытайды дүр сілкіндірді (ВИДЕО) «Хезболла» Хаменейге қастандық жасалса, «ешкімді аямайтынын» айтты Ақтауда шетелдік дәрігерлер үш балаға күрделі ота жасады Маңғыстауда белгісіз ұшатын аппарат табылды Павлодардағы жойқын дауыл: 10-нан астам тұрғын жарақат алып, бір адам қаза болды Иранның БҰҰ-дағы өкілі: «Еуропа Израильді айыптап, қолдауын тоқтатуы тиіс» Сенсация! Қазақстандық теннисші Әлемнің бірінші ракеткасын ойсырата жеңді Бүгін бірнеше өңірде ауа райына байланысты ескерту жарияланды Ұланғасыр Қами жаңа зәулім үйіне анасын көшіріп алды (ВИДЕО) Мадина Сәдуақасова ұлына туған күніне орай мектеп жанынан пәтер сыйлады