61 жастағы мұғалім оқушы қызға тиісіп, оған махаббат хаттарын жолдаған
Физика пәнінің мұғалімі жазаланды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ташкентте 61 жастағы мұғалім оқушысын азғырып, жазаланды.
Ташкент қаласында 61 жастағы физика пәнінің мұғалімі кәмелетке толмаған 10-сынып оқушысына екі жыл бойы сөз салып, мазалап келгені үшін жауапқа тартылды. Ер адам қыздың соңынан аңдып, оған сүйіспеншілікке толы хабарламалар жіберіп отырған.
Қыз анасына бұл жайында айтпаған — өйткені анасы сол кезде әкесінің өлімінен кейінгі қаралы кезеңді бастан кешіріп жүрген.
Сот отырысында мұғалім оқушыға ерекше сезіммен қарағанын мойындап, оның өміріне зиян келтіру ниеті болмағанын алға тартты.
Мирзо-Улугбек ауданының қылмыстық істер жөніндегі соты ұстазды Әкімшілік кодекстің 41-1-бабы ("Жыныстық сипаттағы қысым көрсету") бойынша 5 тәулікке қамауға алу туралы үкім шығарды.
Материал авторы