«Шерзаттың қолында кастет болды»: Айыпталушы Дархан Аскентай сотта өз нұсқасын айтты

06.05.2025, 13:31
475
«Шерзаттың қолында кастет болды»: Айыпталушы Дархан Аскентай сотта өз нұсқасын айтты бейнежазбадан

Шерзат мені ұрғанда, екі метрге ұшып кеттім дейді ол.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Шерзат Болатты өлтіру ісі бойынша сотта айыпталушы Дархан Аскентайдан жауап алынды. Ол қақтығыс туралы өз нұсқасын баяндады.

Дархан Аскентай сөзін бастай сала тергеу кезінде берген бұрынғы жауаптарынан бас тартатынын айтты.

"Мен жауаптармен толық келіспеймін. Себебі алғашқы 24 сағатта бізге қысым жасалды. Ойымды жинақтай алмадым. Сол себепті дұрыс жауап бере алмадым. Бүгін бәрін қалай болғанын айтып беруге шешім қабылдадым", – деді ол.

Аскентайдың айтуынша, шамамен түнгі 11-де ол "Камажай" дүкеніне сыра мен темекі алуға барған. Қолында қолма-қол ақша жетпеген соң, танысына 1000 теңге жіберуін сұрап, қоңырау шалған.

"Дүкеннен шыққанда маған біреу қоңырау шалды, бірақ көтере алмадым. Қайтып барып, Каржаубайдан телефон қуаттағыш сұрадым, ол берді", – дейді айыпталушы.

"Шамамен екі минуттан кейін маған қайта қоңырау түсті, мен телефонға оралдым. Бұл Бекнұр болатын. Ол маған ақша аударғанын айтып, өзі мен Олжас келе жатқанын жеткізді. Кейін хабарламаларға көз жүгірттім. Шерзат ашулы еді, менің әкесіне бірдеңе айттым деп ойлапты. Мен оған: ‘Жүр, әкеңнен сұрайық’ дедім. Сол сәтте Шерзаттың қолында кастет болды, ол мені ұрды. Мен екі метрге ұшып кетіп, тепе-теңдігімді жоғалттым. Неліктен ұрғанын түсінбей қалдым", – деп жалғастырды ол.

Сот отырысы кезінде судья айыпталушыдан, неге бұрынғы жауаптарында кастет туралы бір де бір рет айтпағанын сұрады. Аскентай бұған шокта болғанын, қорыққанын және оған қысым жасалғанын айтып, сол себепті айтпағанын жеткізді.

Ары қарай ол былай дейді: Шерзат кастетпен ұрғаннан кейін сыртқа Каржаубай шығып, беті-қолын жууға су беріп, ұлына адам ұрғаны үшін ұрысыпты.

"Мен телефонымды дүкенде қалдырдым деп ойладым, алайда ол қалтамда болып шықты. 100 метр шамасында жүріп едім, денем қызып, терлеп кеттім, теңселіп жүре бастадым. Сол кезде досым Нұрболға қоңырау шалып, мені алып кетуін өтіндім. Мені ұрып кетті дедім. Ол жақында келетінін айтты", – деді айыпталушы.

Адвокат сұрақ қойды:

– "Қаржаубай неше рет қолына пышақ алып шықты және сол кезде не деді?"

Аскентай былай деп жауап берді:

"Ол сыртқа шығып, алдымен маған боқтап, бір-бірімізбен төбелесуге шақырды. Балалар оны сабырға шақырды, ‘біз сізге екі рет ақша бердік қой, жедел жәрдем шақырыңыз деп өтіндік қой’ деді. Біз оның сабырға келгенін қаладық. Мәселе ақшада емес еді, мені Шерзат ұрды. Ол тіпті чекке де қараған жоқ", – деді айыпталушы.

Кейін Аскентай мен Нұрбол сыртқа шыққан.

"Қаржаубайдың неге ашулы болғанын, неге қолына пышақ алғанын түсінбедік. Біз ешкімге қоңырау шалмадық, жай ғана сөйлестік. Бірақ ол бізге қарсы болды. Кейін Шерзат оны сабырға шақыра бастады. Бәріміз қалыпты сөйлестік. Чекті көрсетіп, ‘Шерзат мені себепсіз ұрды’ дедік. Ол телефонымды қолымнан жұлып алды, мен оның артынан барып, қайтаруын өтіндім, ақыры телефонды қайтарды. Сыртқа шыққанымда, бір көлік келіп тоқтады. Онда Нұрқанат, Шерзат және тағы бірнеше досы болды", – деді ол.

Оның айтуынша, ол ешкімді мазаламау үшін көлікке беттеген сәтте әлгі жігіттер келіп, дүкенге кірген.

"Олар келіп, Шерзат маңындағылармен амандасты. Сосын Нұрболдан: ‘Сен не істеп жүрсің? Кімді кім ұрды? Не болды?’ деп сұрады. Нұрбол: ‘Досымды алып кетуге келдім, оны ұрып кетті, бірақ қазір бәрі тыныш’ деді. Сол кезде Каржаубай дүкеннен қолында пышақпен шығып келді. Шерзат бір жігітті ұрып жіберді де, төбелес басталды. Төбелес жолдың арғы бетіне өтті. Біреу ‘Тоқтаңдар! Атамын!’ деп айқайлады. Кейін біреу оқ атты. Бір жігіт құлап, ‘Жедел жәрдем шақырыңдар!’ деп айқайлады", – деді Аскентай.

Айыпталушының айтуынша, ол төбелеске қатыспаған және төбелес әлі бітпей тұрғанда Нұрболмен бірге кетіп қалған.

Сөз соңында ол тағылған айыптармен келіспейтінін тағы қайталап айтты.

Астанада су қымбаттап, жылу арзандады Астаналық 3-сынып оқушысы қаладағы жаңа автобус бағытының авторы атанды Мектеп әкімшілігі жетім балаларды байдың қызынан тізерлеп кешірім сұрауға мәжбүрлеген (ВИДЕО) Нұрлан Еспановтың ұлы сүйіктісімен заңды некеге тұрды (ФОТО) 61 жастағы мұғалім оқушы қызға тиісіп, оған махаббат хаттарын жолдаған «Путинге сыйлық»: Ким Чен Ын Ресейге 15 мыңға жуық еңбек мигрантын жіберді Әкімдік мектептегі мұғалімдер бөлмесін шаштаразға жалға берген (ВИДЕО) 19 жастағы қыз ер адамды контент үшін ұрып-соққан Атырауда Бибігүл Шпанованы үйінде зорлап, өлтіріп кеткен қаскөй сантехник қамауға алынды «Шерзаттың қолында кастет болды»: Айыпталушы Дархан Аскентай сотта өз нұсқасын айтты «Жалғызсың ба?» деп сұрап, басқа көлікпен келді»: қыз InDrive жүргізушісінің әрекетіне шағымданды Сара Алпысқызының денсаулығы күрт нашарлады – Әлеуметтік желі «Балалары көршілерді шақырған»: Алматыда полицей өз әйелін пышақтап өлтірген Шерзат сотындағы күдікті: «Қойыңдар дедім де, кетіп қалдым» Сотта Шерзатқа кімнің пышақ салғаны айтылды Түрме әкімшілігі байқамай аса қауіпті қылмыскерді босатып жіберген Qazaq Air әуе компаниясының атауын вьетнамдық инвестор өзгертті Найзағай мен бұршақ: 6 мамырға арналған ауа райы болжамы жарияланды Елордада Жеңістің 80 жылдығына арналған көрме ашылды «Қылмыскер сияқты сезіндім»: «Жайдарман» көруге барған қыз орамалы үшін қысым көрген (ВИДЕО)