«Путинге сыйлық»: Ким Чен Ын Ресейге 15 мыңға жуық еңбек мигрантын жіберді

06.05.2025, 15:35
1182
«Путинге сыйлық»: Ким Чен Ын Ресейге 15 мыңға жуық еңбек мигрантын жіберді Владимир Смирнов / ТАСС

Солтүстік Корея Ресейге жұмысшылар жіберіп жатыр.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Оңтүстік Кореяның барлау қызметі Ресейдегі жұмыс күші тапшылығына байланысты Пхеньян Ресейге 15 мыңға жуық еңбек мигрантын жіберген. Бұл туралы The Wall Street Journal басылымы жазды.

Көптеген солтүстіккореялықтар Ресейге студенттік визамен кірген. Бұл туралы Сеулдегі барлау агенттігі 30 сәуір күні Оңтүстік Корея парламентіне мәлімдеген.

Қазір солтүстіккореялық жұмысшылар негізінен Ресейдің Қиыр Шығысында еңбек етіп жатыр. Алайда ресейлік бизнес өкілдері мен шенеуніктер оларды Мәскеу сияқты ірі қалаларға да тартуға мүдделі. WSJ-дің мәліметінше, жергілікті жұмыс берушілер оларды төмен жалақыға күніне 12 сағат үнсіз жұмыс істеуге дайын болғаны үшін бағалайды.

Солтүстік Корея азаматтарын шетелде жұмыс істеуге тартуға БҰҰ Қауіпсіздік кеңесі тыйым салған. Алайда Ресей мен Қытай бұл шектеуді бірнеше рет бұзған, деп атап өтті америкалық басылым.

WSJ бұл еңбек мигранттарын жіберуді Ким Чен Ынның Ресей президенті Владимир Путинге кезекті "сыйлығы" деп сипаттайды. Бұған дейін Солтүстік Корея Ресейге қару-жарақ жеткізіп, Украинадағы соғысқа әскери көмек көрсеткен болатын.

Басылым Ресейдегі еңбек тапшылығының себебін түсіндіріп, оны туудың төмендеуі мен соғыстағы үлкен адам шығынымен, сондай-ақ елден азаматтардың жаппай кетуімен байланыстырады.

Сонымен қатар, ресейлік "Важные истории" порталы 2024 жылы Ресейге оқу мақсатымен 7,8 мың солтүстіккореялық келгенін жазды. Бұл — 2019 жылдан бергі рекордтық көрсеткіш. Ал "Медиазона" мәліметіне сәйкес, КХДР-дан келген студенттер саны 2024 жылдың үшінші тоқсанынан бастап айтарлықтай өскен.

Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды