«Балалары көршілерді шақырған»: Алматыда полицей өз әйелін пышақтап өлтірген

Азиз Қалижан Редактор
06.05.2025, 12:05
874
«Балалары көршілерді шақырған»: Алматыда полицей өз әйелін пышақтап өлтірген iStock

Пәтерде үнемі төбелес болатын дейді көрші.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматыда әйелін пышақтап өлтірді деп күдікке ілінген полицейдің оқиғасына қатысты жаңа деректер айтылды. КТК телеарнасының хабарлауынша, қанды қылмыс балаларының көзінше болған. Олар көршілерін көмекке шақырған. 

Қанжоса болған келіншек жедел жәрдем жеткенше жан тапсырған. Кейін күдікті өзінің тамағын пышақпен орып жіберіпті. Қазір оның беті бері қарап, жансақтау бөлімінен палатаға ауыстырылды.

Оқиға сенбі күні болған. 39 жастағы ер адам өз пәтерінде әйеліне бірнеше рет пышақ сұққан деген күдікке ілінді. Алған жарақаттарынан келіншек тіл тартпай кетіпті. Сорақысы, мұның бәрі кішкентай ұл-қыздардың көз алдында болған, деп хабарлайды телеарна тілшілері.

"Шулап жатты, үй жақта жүрген кезімізде, содан көмек сұрады кішкентай қыздары мен үлкен балалары. Сонымен үйден шығып бардым. Жаңағы жағдай болып жатыр. Пышақтаған. 103 пен 102 шақырылды. Келді. 4-5 минуттың ішінде келіп, ары қарай көмек көрсету басталды", - дейді көршілерінің бірі.

Қазір күдікті күзеттің бақылауымен ауруханада жатыр. Жағдайы орташа ауыр дейді дәрігерлер. Ал кикілжіңге отбасындағы жанжал себеп болған. Көрші-қолаң олардың жиі ұрысатынын, ал күдіктінің ішімдікке әуес болғанын айтып отыр.

"Бұл ер адам жиі ішімдік ішкен екен. Полиция қызметкері болған. Пәтерде үнемі төбелес болатын. Ерлі-зайыпты үнемі жанжалдасып жататын", - деді көршісі.

Ресми мәліметке сүйенсек, 39 жастағы күдікті сол күні сап-сау болған әрі ол шынымен де полиция қызметкері болып шықты. 

"Адам өлтіру дерегі бойынша Наурызбай ауданы ПБ қылмыстық іс тіркеліп, тергелуде. Бұрын-соңды бұл азамат Алматы облысы ПД қарасты бөлімшелердің бірінде қызмет істеген", - деп пікір білдірді Алматы ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Қаза тапқан 34 жастағы әйел Ұзынағаш ауылындағы балабақшада директоры қызметін атқарған.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды