SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ресейдегі Нижний Новгородта 19 жастағы қыз ер адамды аяусыз ұрып, оны телефонға түсіріп, әлеуметтік желілерге салған. Бұл сорақы оқиға «Мой Нижний Новгород» Telegram-арнасында жарияланған видеода көрініс тапты.
Кадрлардан қыз ер адамның басына және денесінің түрлі бөлігіне аяусыз теуіп, бірнеше соққы жасағанын байқауға болады. Жәбірленуші қолымен бетін жауып, қарсылық көрсетпеген. Бұл әрекетті қыздың таныстары телефон камерасына жазып тұрған.
Ең сорақысы — оқиға орнына келген фельдшердің көз алдында қыз қайтадан ер адамға бас салып, тағы да басына бірнеше соққы жасаған.
Telegram-арна мәліметінше, бұл қыз бұған дейін де өз арнасында ұрып-соғу видеоларын бөлісіп жүрген.
Полиция әзірге оның әрекеттерін бақылауға алмаған.