Әкімдік мектептегі мұғалімдер бөлмесін шаштаразға жалға берген (ВИДЕО)

Азиз Қалижан Редактор
06.05.2025, 14:58
156
Әкімдік мектептегі мұғалімдер бөлмесін шаштаразға жалға берген (ВИДЕО) бейнежазбадан

Дайындық топтары кабинет жетпегеннен дәретханада оқып жүр екен.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Батыс Қазақстан облысы Теректі ауданы Новопавловка ауылында әкімдік мектептің мұғалімдер бөлмесін шаштаразға жалға беріп, дәретханаларды жауып тастаған. Бұл жағдай ата-аналар мен мектеп ұжымының наразылығын туғызды.

Тұрғындардың айтуынша, бұрын мұғалімдер бөлмесі болған кабинет қазір шаштаразға айналған. Ал мектептегі орын тапшылығы салдарынан дайындық топтары бұрынғы дәретхана болған жерде оқып жүр. Онда әлі де «дәретхана» деген жазу тұр, ал иіс пен жағдай – өте нашар. Тағы бір бөлмені әкімдік өзі әжетхана ретінде пайдаланып жүргені айтылды.

"Балалардың қауіпсіздігіне кім жауап береді? Шаштараздың есігі ашық тұрады, балалар қайшымен ойнап, жарақат алып қалуы мүмкін. Бұл – мектеп, бизнес орталық емес қой", – дейді ауыл тұрғыны.

Мектеп директоры мен ата-аналар әкімдікке бірнеше рет шағым түсіргенімен, нәтиже болмаған.

Осы жағдайға байланысты БҚО білім басқармасы Stan.kz-ке берген жауабында:

"Облыстық білім басқармасының басшысы биылғы жылғы 4 сәуір күні аталған Новопавлов орта мектебіне барды. Жағдайды көзбен көріп, мәселені жергілікті жерде қарастырды. Қазір білім беру ұйымының балансына қайтару жұмыстары жүргізіліп жатыр. Оқушылар сыныптарға орналастырылып, оқу үдерісі қалыпты түрде жалғасып жатыр", – деп жауап берді білім басқармасы.

Астанада су қымбаттап, жылу арзандады Астаналық 3-сынып оқушысы қаладағы жаңа автобус бағытының авторы атанды Мектеп әкімшілігі жетім балаларды байдың қызынан тізерлеп кешірім сұрауға мәжбүрлеген (ВИДЕО) Нұрлан Еспановтың ұлы сүйіктісімен заңды некеге тұрды (ФОТО) 61 жастағы мұғалім оқушы қызға тиісіп, оған махаббат хаттарын жолдаған «Путинге сыйлық»: Ким Чен Ын Ресейге 15 мыңға жуық еңбек мигрантын жіберді Әкімдік мектептегі мұғалімдер бөлмесін шаштаразға жалға берген (ВИДЕО) 19 жастағы қыз ер адамды контент үшін ұрып-соққан Атырауда Бибігүл Шпанованы үйінде зорлап, өлтіріп кеткен қаскөй сантехник қамауға алынды «Шерзаттың қолында кастет болды»: Айыпталушы Дархан Аскентай сотта өз нұсқасын айтты «Жалғызсың ба?» деп сұрап, басқа көлікпен келді»: қыз InDrive жүргізушісінің әрекетіне шағымданды Сара Алпысқызының денсаулығы күрт нашарлады – Әлеуметтік желі «Балалары көршілерді шақырған»: Алматыда полицей өз әйелін пышақтап өлтірген Шерзат сотындағы күдікті: «Қойыңдар дедім де, кетіп қалдым» Сотта Шерзатқа кімнің пышақ салғаны айтылды Түрме әкімшілігі байқамай аса қауіпті қылмыскерді босатып жіберген Qazaq Air әуе компаниясының атауын вьетнамдық инвестор өзгертті Найзағай мен бұршақ: 6 мамырға арналған ауа райы болжамы жарияланды Елордада Жеңістің 80 жылдығына арналған көрме ашылды «Қылмыскер сияқты сезіндім»: «Жайдарман» көруге барған қыз орамалы үшін қысым көрген (ВИДЕО)