Допинг дауына тікелей қатысы үшін ақыры Алексей Ниге ауыр жаза тағайындалды

07.11.2024, 16:30
867
Допинг дауына тікелей қатысы үшін ақыры Алексей Ниге ауыр жаза тағайындалды confederation.kz

Бұған дейін ұлттық құраманың ауыр атлеттері Алексей Нидің «қысым жасайтынын», «табыстарын бөлісуге мәжбүрлейтінін» айтып шағымданған еді.

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанның ауыр атлетика федерациясын күйреткен бас бапкер Алексей Ниге жаза тағайындалды.

Халықаралық олимпиада комитетінің бастамасымен 2017 жылы құрылған Допингке қарсы тестілеудің халықаралық тәуелсіз агенттігі (ITA) Ниге қатысты шешім шығарды. Шешім бойынша Алексей Ни енді өмірінің соңына дейін спорттан шеттетіледі. Ал құрамада аға бапкер болған оның бауыры Виктор Ни тек төрт жылға спорттан қуылды.

Айта кету керек, статистика бойынша 2022 жылдан бері 43 спортшы допинг қолданды деп айыпталған. Ал 2023 жылдың дерегі бойынша, отандық 20 ауыр атлет допингке байланысты жазаларын өтеп жатқан көрінеді.

Қазақстан бұған дейін Олимпиада ойындарында ауыр атлетикадан 7 алтын алып, оның 6-ауын допинг расталған соң қайтарып берген. Олар: 

– Илья Ильин (Бейжің-2008, Лондон-2012)
– Майя Манеза, Зүлфия Чиншанло, Светлана Подобедова (Лондон-2012)
– Нижат Рахимов (Рио-2016).

Қазір ауыр атлетикадан Қазақстанда бір ғана Олимпиада чемпионы бар, ол - Алла Важенина. Ол 2008 жылы Бейжіңде өткен жазғы Олимпиада ойындарында екінші орын алған еді. Дегенмен 2016 жылы қытайлық ауыр атлет Као Лейдің допинг қабылдағаны расталған соң Алла Важенина бірден Олимпиада чемпионы атанды.

Естеріңізде болса, спорттан қуылған бас бапкер Алексей Нидің допинг дауынан бөлек, ауыр атлеттерге қысым көрсететіні туралы деректермен аты шыққан еді.

2021 жылдың қыркүйегінде Азия чемпионы Альберт Линдер өзіне қол салды. Чемпионның ағасы Семен Линдер бауырының резонанс өлімінің астарында - бапкерлердің қысымы жатыр деді.

Көп өтпей Альберттің командаластары ұлттық құраманың экс-бас бапкері Алексей Нидің «қысым жасайтынын», «табыстарын бөлісуге мәжбүрлейтінін» айтты. Аға бапкер Сергей Седовтің «ұратынын» әшкерелеп, бас бапкер Бақыт Ахметовті де ашық айыптап, мәселе көтерді.

Кейін елдің ауыр атлетика федерациясы атлеттердің мәлімдемесіне байланысты қызметтік тексеріс жүргізіп, Сергей Седов пен Бақыт Ахметовті қызметінен қуды. Бірақ полиция Альберт Линдердің қазасынан соң ашылған қылмыстық істі «қылмыс құрамы жоқ» деп жапты.

Ауыр атлеттерге қатысты дау-дамайдан соң Ни жай ғана отставкаға кетіп құтылған. Сол кезде БАҚ өкілдері Алексей Нидің жазаланбағанына қатысты спорт шенеуніктеріне сауалдарын жолдады. Бірақ сол жылдары Нидің жазасы қараусыз қалған еді...

Айта кетейік, еліміз допинг ережесін көп бұзғандықтан Халықаралық федерация Токио олимпиадасына тек 2 ауыр атлетті апаруға рұқсат берген. Ал биылғы өткен Париж олимпиадасына ауыр атлеттер лицензиясыз қалып, бірде-бірін жарысқа жібермеді.

Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды