"Орыс тілі ығысып жатыр": Ресейлік журналистке Динара Сәтжан жауап берді

16.01.2024, 17:12
1266
"Орыс тілі ығысып жатыр": Ресейлік журналистке Динара Сәтжан жауап берді коллаж

Ресейлік журналист Тина Канделаки өзінің Telegram-арнасына жазба жариялаған. Қазақстан орыс тілін мемлекеттік деңгейде ығыстырып жатыр деп айыптады. Бұл жазбаға журналист Динара Сәтжан жауап берді.

“Қазақстанда ақырындап орыс тілі ығысып жатыр. Түрлі орындардың орысша атауын қазақшалауда. Бұл – өте қауіпті үрдіс. Одан кейін орыс мектептерін жабу, Кеңес заманында орнатылған ескерткіштерді алып тастау, орыс тілінде сөйлеуге тыйым салу секілді дүниелер бар”, – дейді ресей журналисті. 

Тина Канделаки «Уральск» атауының – «Орал», «Узень» атауының «Жаңаөзен» деп өзгеруі туралы да сөз қозғады.

Оның бұл пікіріне Динара Сәтжан жауап берді. 

"Қымбатты Тина! Біріншіден, біз тәуелсіз мемлекетпіз. «Есіктен кіріп, төр менікі деме» деген мақал бар. Сондықтан теміржол станцияларына қандай атау қоятынымызды өзіміз шешейік. 

Екіншіден, Қазақстан егемен жылдарында кеңестік биліктің салдарынан жоғалтып алған ана тілін қайтарып жатыр.

Үшіншіден, орыс тілі – ұлтаралық қарым-қатынасқа арналған ресми тіл ретінде, ал қазақ тілі – мемлекеттік тіл ретінде қолданылып келеді. Бұл Конституцияда бар.

Теміржол вокзалдары өздерің жазғандай өзгертілген жоқ. Бірақ бұл – қазақ тіліндегі дұрыс аумақ атаулары. Орыс тілінің ығысуына қандай қатысы бар?! Ал біз тек мемлекеттік тілді ғана емес, сонымен қоса орыс, ағылшын тілдерін де білеміз.

Бұл біздің күшіміз!" - деді Сәтжан.

 

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды