Жиһаз алаяқтары: Қазақстандағы жаңа алаяқтық фактілері

13.05.2024, 20:34
463
Жиһаз алаяқтары: Қазақстандағы жаңа алаяқтық фактілері Inbusiness.kz

Еліміздегі кейбір үй жиһазын жасайтын өндірістер мен онлайн дүкендер қарапайым халықты алдап кетуде.

Бұл туралы smartnews.kz сайты хабарлап отыр.


Instagram әлеуметтік желісі тура осындай алаяқтарға толы. Осындай алдауға түскен кісілер полицияға барып арыз жазғанымен, іс әрі қарай тергелмей тоқтап қалады. Бүкіл ел бойынша жүздеген отбасы осындай арбаудың құрбаны болып отыр. Солардың бірі жас отбасы Сембаев Даурен мен Быкытбек Алия. Олардың айтуы бойынша басында күмәнданғаннан цехтарының адресін сұрады. Оларға адресты жазып жібергеннен кейін компанияның директоры қарсы алды. Түріне қарағанда кәдімгідей жиһаз жасайтын адамнан аумады, намаз оқитын адам болды:

«Астана қаласы бойынша бүкіл жиһаз жасайтын компанияларға жазып шығып, бағаларын салыстырып “Perfect wood” атты ұйымға тоқталдық. Бізде 1,5 млн теңге болған еді. Осы компания сол бағаға келісіп жасап береміз деп айтты. Бізде басында күмәнданып цехтарының адресін сұрадық. Бізге адресты барлығын жазып компанияның директоры қарсы алды. Түріне қарағанда кәдімгідей қарапайым, жиһаз жасайтын адамнан аумады, намаз оқитын адам еді. Цехтың іші үлкен және кең болды. Ішінде қағазға шығарылған келісім-шарттар, жиһаздар және оларды жасайтын станоктар толып тұрды.  Жұмыстарын көріп келісім-шарт жасауға кірістік - деген уәж айтты жас отбасы.

Алайда жұмысшылар келісім-шарт жасамас бұрын ақшаны төлеңіздер деп тұрып алған. Банктен мақұлдау алып ақша толығымен төленген.

Тапсырыс берген соң 30 күн өткен соң бізге кешігіп жатырмыз басқа тапсырыспен үлгермей жатырмыз, сәл күте тұрыңыз деп айтқан еді. Сөйтіп 40 күн өтті. Біз күмәнданып цехтарына бара бастадық. 3 рет бардық бірақ цехта ешкім болмады. Цехтын маңында жүрген адамдар бізге: “Сендер жалғыз емессіндер оларды іздеп жүрген, сендер сияқты талай адам келіп кетеді” деді. Соны біліп біз адвокатқа жүгіндік, - деді зардап шеккен жас отбасы.

Осы кезде алаяқтардың алдауына түскен тағы бір зардап шеккен Сагындыкова Асельдің айтуы бйынша, жиһаз жасайтын компания өз аккаунтында үнемі жұмыстарының суреттері мен сатып алушылардың пікірлерін жариялап тұрды:

2022 жылы біз үй сатып алып, оны жаңа жиһазбен жабдықтауды шештік. Көптеген нұсқалар болды, оларды инстаграм арқылы іздестіріп, кездейсоқ бір шынайы жұмыс жасайтын аккаунқа тап болдық. Олар үнемі жұмыстарының фотосуреттері мен пікірлерін жариялап тұрды. Кейіннен біз оның бәрі өтірік екенін білдік. Аккаунт “ASK.мебель” деп аталды, олар Астанада жұмыс істеді. Біз көрейік деп шешім қабылдадық және өлшемдер жасауға шақырдық - дейді жәбірленуші. 

Олар өз нұсқаларын ұсынып сызбалар жасаған. Әбден сенімге кірген соң тапсырыс берушілер бүкіл үйді толық жабдықтауды шешкен.

Олар бізге дизайн жасап, бізге бәрі ұнады. Бағасы бойынша, кешке дейін олар бізге есептеп, үйді толық жабдақтайтындықтан жеңілдікпен жасайтындарын айтты. Олардың алдын ала төлем соммасы шамамен 50% -ды құрады, ал қалған бөлігі жиһаз орнатылғаннан кейін төленетінін айтты. Бір күннен кейін олар бізге соңғы әрі нақты сызбаларды жіберіп, құнын жазды. Құны 4 млн теңгені құрады. Бұл бізді қатты таң қалдырды себебі қымбат емес, бірақ сол кезде бізге бірден дабыл қағу керек еді, - деді Асель Сагындыкова.

Кейін осындай қылмыстардың алдын алу үшін қандай шаралар қабылдануы керек деген сұраққа заңгер Руслан Айтжанов былай деп жауап қатты:

Профилактика жүргізіп, адамдарға мұндай алаяқтардың бар екенін көбірек хабарлау керек. Өйткені біздің халқымыз сенгіш, әдемі жарнаманы көріп, әдемі мұқабаға сенеді. Сондықтан осындай нәрселер туралы халықты хабардар ету керек. Бұл жерде адамдардың қырағылығы да маңызды. Көбі алдымен ақша береді, содан кейін ойланады. Сондықтан сақ болу қажет, - деді заңгер Руслан мызра.

Алаяқтардың алдауына түспеу үшін алдымен нені ескеру керек деген сұраққа заңгерден алған жауабымыз:

Біріншіден, жиһазға тапсырыс берген компанияны тексеру керек. Көптеген адамдар «борышкерлердің тізілімінде тексеру» деген қарапайым жол бар екенін білмейді. Бізде әділет министрлігі барлық компаниялар мен жеке тұлғалардың осындай тізілімін жүргізеді. Яғни, өте қарапайым интерфейс, Google-да «борышкерлердің тізімі» деп жазғанда, ЖСН-ге сұраныс шығады. Сондай-ақ, аты-жөнді енгізе аласыз. Тізілім бұл адамның қандай қарыздары бар екенін көрсетеді. Егер жиһазшы осы тізілімде болса, онда бұл сақ болу керек деген бірінші белгі, - деді Руслан Айтжанов. 

Бүгінгі таңда осы секілді алаяқтықтың көбейіп кетуіне не себеп? Заңның осалдығы әсер етуі мүмкін бе деген сұраққа Руслан мырза:

«Біріншіден, бұған себеп алаяқтардың арамдығы. Сондықтан компанияларды толық зерттеп алып қана тапсырыс беру керек. Екіншіден, заңдардың жұмсақтығы. Өкінішке қарай полиция қызметкерлері мұндай қылмыстық істерді қарастырмайды. Олар мұны азаматтық құқықтық қатынастар деп есептейді. Осындай алаяқтар өздерінің жазасыз қалғанын сезінеді және іс жүзінде ақшаны бермеуге болады деп ойлайды. Заңның осындай жұмсақ болуы осындай қолайсыз жағдайларды туғызады. Сондықтан алаяқтар мұндай әрекеттер үшін бас бостандығынан айыру орындарына баруға болатынын білуі үшін заңды қатаңдату қажет», - деді заңгер мырза.


Осы орайда осындай заң бұзушыларды жазалайтын Ішкі істер министрлігінің сөзінше, олар Киберқылмыспен қарсы күрес орталығының жиһаз жасау сылтауымен жасалған интернет-алаяқтарды есепке алу жүргізбейді, өйткені жиһаз – бұл қылмыскерлер интернеттегі алаяқтық жасайтын сылтау ғана:

Республика аумағында ағымдағы жылғы 3 айдың ішінде 4,9 мыңнан астам интернет-алаяқтық тіркелді, оның ішінде 1,9 мыңнан астам интернет желісінде тауарларды немесе қызметтерді сатып алу және сату саласында жасалған. ІІМ Киберқылмыспен қарсы күрес орталығының жиһаз жасау сылтауымен жасалған интернет-алаяқтарды есепке алу жүргізілмейді, өйткені жиһаз – бұл қылмыскерлер интернеттегі алаяқтық жасайтын сылтау ғана, - деді Қазақстан Республикасы ІІМ-нің баспасөз қызметі.

 Сонымен қатар ҚР ІІМ алаяқтықтың осы және басқа түрлерінің құрбаны болмау үшін 10 ұсыныс берді:

- тауарлар мен қызметтерді сатып алу кезінде белгісіз және тексерілмеген сайттарға және басқа көздерге дербес деректерге сенбеу. Тексерусіз алдын-ала төлем жасамаңыз. Тауарды алғаннан кейін төлем туралы келіссөздер жүргізуге тырысыңыз;

- банктер, брокерлік, инвестициялық компаниялар немесе құқық қорғау органдары қызметкерлерінің кредиттерді рәсімдеу, мүлікті сату және өз ақшасын қауіпсіз шоттарға аудару не қарыздарды ресімдеу туралы «телефон» деп аталатын нұсқауларын ешбір жағдайда орындамау. Құқық қорғау органдары телефон арқылы арнайы операциялар жүргізбейді.

- ешкімге өзінің дербес деректерін, деректемелерін, қолданылу мерзімдерін, банк карталарының CVV-кодтарын бермеуге, аударымдар туралы түбіртектерді, сондай-ақ, СМС-кодтар мен кодтық сөздерді, тіпті банк, полиция қызметкерлері және т. б. өкілетті адамдарға беруге болмайды.

 - бөгде адамдардың өтініші бойынша өз телефонына қандай да бір мобильді қосымшаларды орнатпау, бұл қосымшалар алаяқтарға сіздің мобильді құрылғыңызға кіруге мүмкіндік береді;

 - күмәнді инвестициялық жобаларға ақша салмаңыз. Инвестиция жасамас бұрын, сіз ақша салуды жоспарлап отырған қор нарығын және белгілі бір жобаның заңдылығын мұқият зерделеуіңіз керек.

- қосымшаларды орнату үшін тек App Store, Play Market және т. б. ресми көздерін пайдаланыңыз;

- белгісіз контактілерден СПАМ-хабарламаларда көрсетілген сілтемелер бойынша өтпеңіз. Көбінесе алаяқтар төлем үшін «фишинг» сілтемесіне өтуді ұсынады;

- абоненттік нөмірдің қолданылу мерзімі аяқталғанын хабарлайтын және Қызметті онлайн-режимде ұзартуды ұсынатын ұялы компаниялар өкілдерінің қоңырауларына сенбеу керек. Сондай-ақ, олар сізге келіп түскен СМС-кодты атауды сұрайды, оны кейіннен олар қосымшаларда авторизациялау үшін пайдаланады.

- банкинг қызметтеріне кіру парольдерін үнемі өзгертіп отырыңыз, банктер ұсынатын 3D қорғауды және басқа қауіпсіздік шараларын қолданыңыз;

- шоттарыңыздағы ақшаның қозғалысын жиі тексеріңіз.

 

Авторы: Бакытбек Алтынай

 

 

 

Шалыс басқан жастарға жазаны жеңілдету ұсынылды Украинада 300-ге жуық қазақстандық болуы мүмкін Шымкент әкімі де футболға бөлінетін қаржыны қысқартатын болды АҚШ түшкірсе, Ресей тұмаурата ма: Жаңа санкциялар қандай? «Ота кезінде көп қан кеткен»: Семейлік ана 13 жасар ұлының өліміне дәрігерлерді кінәлайды Украина мен НАТО шұғыл кеңес өткізеді «Балғамен ұрып өлтірмек болды»: ер адам әйелінің жұмысына келіп, оны ұрып өлтірмек болған (ВИДЕО) Мұнайшылар ереуілі: Жұмыскерлерге қысым көрсетіліп жатқаны рас па? Жаңа жылда 4 қаңтарға дейін демалыс болмақ eGov қосымшасы арқылы қазақстандықтардың несие тарихы қадағаланады Елімізде банан емес, адам саудасы «қызып» тұр Журналист Гүлмира Әбіқай елден ақша жинайтын тағы бір қайырымдылық қорының былығын ашты Бокстан Азия чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды? Нұрбике Нұрқаділова өмірден өтті: Заманбек Нұрқаділовтің бірінші жары соңғы сұхбатында қандай шындықты айтып кетті? Майқайыңдағы масқара: Ағасы мен қарындасы зорланған «Зорлады» деп жалған арыз жазатын нәзік жандылар азаймай тұр «Бейбітшілікті қалайтындарға түкіргені бар»: Зеленский Путиннің мәлімдемесіне жауап қатты Путин Украинаға атқылаған «Орешник» зымыраны сәтті сыналғанына сүйінші сұрады Украинадағы жағдай ушықты: Бектенов шұғыл жиын өткізді «Еліміздің барлық аймағында дерлік күн бұзылады»: 22 қарашаға арналған ауа райы болжамы жарияланды