862

Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Дэвид Кэмерон Қазақстанға келеді

Бұл туралы Сыртқы істер министрлігі хабарлады.

Ұлыбритания Сыртқы істер министрі Дэвид Кэмерон Қазақстанға келеді
gov.kz

24-25 сәуірде Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Құрама Корольдігінің Сыртқы істер, Достастық және халықаралық даму министрі Дэвид Кэмеронның Қазақстан Республикасына сапары өтеді. 

Астанада Д.Кэмерон мемлекет басшылығының қабылдауында болып, Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеумен келіссөздер өткізеді.

Сапар аясында саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін, сондай-ақ өзекті өңірлік және халықаралық тақырыптарды талқылау жоспарланып отыр.

Сапар қорытындысы бойынша бірқатар екіжақты құжаттарға қол қойылады деген жоспар бар.