Ақмола облысындағы жол апатынан Германиядан келген ерлі-зайыпты қаза тапты
Жол апатынан кейін микроавтобус жүргізушісі қамауға алынып, тергеу басталды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақмола облысында Германиядан Қазақстанға келген ерлі-зайыпты жол апатынан қаза тапты. Олардың тоғыз жастағы қызы жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы КТК телеарнасы хабарлады.
Жол апаты 10 тамызға қараған түні Ақкөл маңында болған. Mercedes-Benz Sprinter микроавтобусы ГАЗ-53 жүк көлігімен соқтығысқан. Соққыдан жүк көлігі аударылып, микроавтобус қатты зақымданған.
Микроавтобустың алдыңғы орындығында отырған 59 жастағы ер адам көлік ішінде қысылып қалып, оқиға орнында көз жұмды. Оның 52 жастағы әйелі ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады.
Жол апатынан барлығы сегіз адам зардап шекті. Зардап шеккендердің қатарында қаза болған ерлі-зайыптының тоғыз жастағы қызы да бар. Жолаушылардың барлығы медициналық көмекке жүгінген.
Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, алты адам травматология бөліміне жатқызылған. Олардың арасында түрлі деңгейдегі жарақат, соғылу, сырылу және сынықтар бар.
Тағы бір әйелдің жағдайы өте ауыр болған. Ол ауруханаға жеткізіліп, жасанды тыныс алу аппаратына қосылған және дәрігерлер реанимациялық шаралар жүргізген. Алайда медицина қызметкерлерінің барлық әрекетіне қарамастан, әйел қайтыс болды.
Микроавтобус жүргізушісі уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.
Материал авторы