233

Қазақстанның 15 млн тұрғынының дерегі даркнетте сатылымға шыққан

Хакер 2,7 ГБ көлеміндегі базаны eGov жүйесінен алғанын айтып, оны 0,5 биткоинге бағалаған.

Қазақстанның 15 млн тұрғынының дерегі даркнетте сатылымға шыққан
Mash

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанда 15 миллионға жуық адамның жеке дерегі даркнетте сатылымға шығарылғаны туралы ақпарат тарады. Анонимді хакер бұл мәліметтерді eGov жүйесін бұзу арқылы алғанын мәлімдеген. Алайда ақпараттың шынайылығы әзірге ресми түрде расталған жоқ. Бұл туралы Mash Telegram арнасы жазды. 

Дерекке сәйкес, shymzz13 лақап атымен тіркелген қолданушы көлемі 2,7 ГБ болатын мәліметтер базасын 0,5 биткоинге, шамамен 32 мың долларға сатуға қойған. Базада 47 миллионға жуық ақпарат жолы бар деген мәлімет тарады.

Сатылымға шығарылған деректердің арасында Қазақстан азаматтарының төлқұжат мәліметтері, телефон нөмірлері, электронды пошта мекенжайлары, жұмыс орны туралы ақпарат, құжаттардың скан-көшірмелері мен құпиясөздер бар екені айтылған.

Егер бұл мәліметтер расталса, онда ел тұрғындарының едәуір бөлігінің жеке ақпараты бөгде адамдардың қолына түсуі мүмкін. Бұл өз кезегінде алаяқтық, аккаунттарды иемдену және жеке деректерді заңсыз пайдалану қаупін арттырады.  

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор