Алматыда автобус жас қызды қағып өлтірді
Жаяу жүргінші алған жарақатынан сол жерде көз жұмды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматыда автобус пен жаяу жүргінші қатысқан жол-көлік оқиғасы адам өлімімен аяқталды. 30 жастағы қыз алған жарақатынан оқиға орнында көз жұмған.
Жол апаты 12 тамыз күні сағат 12:20 шамасында Бостандық ауданындағы Мұстафин көшесінде болған.
Полицияның мәліметінше, жеке тасымалдаушыға тиесілі автобус Мұстафин көшесімен оңтүстік бағытта қозғалған. Осы кезде 1996 жылы туған жаяу жүргінші жолды шығыс бағытта кесіп өткен.
Автобус қызды қағып кеткен. Жаяу жүргінші алған жарақатынан оқиға орнында қаза тапты.
Оқиға орнына полиция қызметкерлері барып, қажетті тергеу әрекеттерін жүргізіп жатыр.
Адам өліміне әкелген жол-көлік оқиғасы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Полиция апаттың барлық мән-жайын анықтап жатыр.
Оқиғаға қатысты әлеуметтік желіде жол апатының кадрлары да тарады. Дегенмен оның нақты себептері мен жүргізушінің әрекетіне құқықтық баға тергеу нәтижесінде анықталуы тиіс.
Материал авторы